Об утверждении Правил поощрения граждан, участвующих в профилактике правонарушений в Туркестанской области Күшіне енбеген

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Түркістан облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, 47-бабының 3-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес, Түркістан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Түркістан облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Түркістан облысындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 354 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4853 болып тіркелген);
Тармақша 2
2) «Түркістан облысы әкімдігінің «Түркістан облысындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 354 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 13 шілдедегі № 147 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 28812 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 10
2026 жылғы 3 тамыздағы № 133 қаулысына қосымша Түркістан облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Түркістан облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және 47-бабына сәйкес әзірленді және Түркістан облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің тәртібін, түрлерін, мерзімдерін, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшерін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) қоғамдық көмекші – құқық бұзушылық профилактикасы субъектілеріне ерікті түрде жәрдем көрсету арқылы құқық бұзушылық профилактикасына және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азамат;
Тармақша 2
2) құқық бұзушылық профилактикасы – құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою арқылы құқықтық тәртіпті сақтауға және нығайтуға бағытталған, құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері жүзеге асыратын құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық және өзге де шаралар кешені;
Тармақша 3
3) уәкілетті орган – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген жергілікті атқарушы орган (соның ішінде қаладағы аудан әкімдіктері), құқық қорғау органы және өзге де мемлекеттік орган.
Тарау 2. 2-тарау. Түркістан облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын қоғамдық көмекшілерді, азаматтарды көтермелеудің тәртібі, түрлері мен мерзімдері, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері
2-тарау. Түркістан облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын қоғамдық көмекшілерді, азаматтарды көтермелеудің тәртібі, түрлері мен мерзімдері, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері
Тармақ 3
3. Қоғамдық көмекшілерді көтермелеу мәселелерін мемлекеттік органдардың ұсынуы бойынша аудан, облыстық маңызы бар қала әкімінің аппараты жанынан құрылған Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қарастырады. Комиссия, егер олар тиісті аумақта құқық бұзушылықтың алдын алуға, жолын кесуге немесе оны ашуға тікелей ықпал еткен болса, қаладағы аудан әкімдігінің аумағында қоғамдық көмекші ретінде тіркелмеген азаматтарды да көтермелеуге құқылы.
Тармақ 4
4. Комиссия құрамы және ол туралы ереже аудан, облыстық маңызы бар қала әкімінің өкімімен бекітіледі. Комиссия облыс мәслихатының депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік, құқық қорғау органдарының, жұртшылықтың өкілдері және Комиссия хатшысынан құрылады. Комиссия құрамы кемінде бес адамнан тұруы тиіс. Комиссияны аудан, облыстық маңызы бар қала әкімі (Комиссия төрағасы), ал ол болмаған жағдайда – аудан, облыстық маңызы бар қала әкімінің орынбасары (Комиссия төрағасының орынбасары) басқарады. Комиссия хатшысы аудан, облыстық маңызы бар қала әкімінің аппаратының штаттық қызметкері болып табылады және оның дауыс беру құқығы болмайды.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік органдар Комиссияға қоғамдық көмекшілердің құқық бұзушылық профилактикасына қатысқанын растайтын материалдарды қоса бере отырып, оларды көтермелеу туралы ұсыным жібереді.
Тармақ 6
6. Ұсынымдарды Комиссия олар түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарауға тиіс. Қосымша материалдарды талап ету немесе ұсынылған мәліметтерді нақтылау қажет болған жағдайда, қарау мерзімі Комиссия төрағасымен ұзартылуы мүмкін, бірақ 10 (он) жұмыс күнінен аспауы тиіс, бұл туралы ұсыным бастамашысына хабарланады.
Тармақ 7
7. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай және мемлекеттік органдардың ұсынымдары түскен кезде өткізіледі. Қоғамдық көмекшілерді көтермелеуге Комиссия қабылдаған хаттамалық шешім негіз болып табылады. Осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Комиссия отырысының хаттамасы ол қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде одан әрі іске асыру үшін тиісті уәкілетті органға жіберіледі.
Тармақ 8
8. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын қоғамдық көмекшілерді, азаматтарды көтермелеу түрлері (шаралары) мыналар:
Тармақша 1
1)алғыс жариялау;
Тармақша 2
2)грамотамен наградтау;
Тармақша 3
3)ақшалай сыйақы төлеу;
Тармақша 4
4)білім беру және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқуға жіберу;
Тармақша 5
5)ұйымдарға, кәсіпорындарға көтермелеу туралы ұсынулар жіберу;
Тармақша 6
6) құқық бұзушылық профилактикасына елеулі үлес қосқан адамдар үшін мемлекеттік наградамен және құрметті атақпен наградтау туралы ұсыныстар енгізу болып табылады. Жергілікті атқарушы органдар құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің өзге де шараларын қолдануға құқылы.
Тармақ 9
9. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiнiң фото- және бейнежазбасын қоса бере отырып уәкiлеттi органдарға хабарлама жiберген азаматтар құқық бұзушыдан өндiрiп алынған айыппұл сомасынан ақшалай сыйақымен көтермеленуi мүмкiн. Азамат сыйақы алушы ретінде Қазақстан Республикасында тіркелген қайырымдылық ұйымын көрсетуге құқылы. Анонимді хабарламалар ақшалай сыйақымен көтермелеуге негіз болып табылмайды. Көтермелеуді алу үшін азамат уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
Тармақ 10
10. Уәкілетті орган азаматтардан түскен өтініштерді әкімшілік құқық бұзушылықтың көрсетілген фактісін растау тұрғысынан қарастырады және ақпараттың бастапқы дереккөзін тексереді (азаматтың хабарламасы түскен сәтте құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен (камералармен) және аспаптармен тіркелмеген не уәкілетті лауазымды тұлғалармен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен немесе өзге де үшінші тұлғалармен анықталмаған болуы тиіс). Әкімшілік құқық бұзушылық фактісі расталғаннан, іс бойынша қаулы заңды күшіне енгеннен және әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға айыппұлды толық төлегеннен кейін, көтермелеуді төлеу үшін қажетті бюджет қаражаты болған жағдайда, уәкілетті орган ұсыным қалыптастырады және айына бір рет Комиссияға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес, осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген негіз бойынша көтермелеуден үміткер азаматтардың тізімі бар ұсынымды жібереді. Мұндай азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымдарды Комиссия осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген мерзімде қарауға жатады. Комиссия уәкілетті органдардың ұсынымдары негізінде азаматтарды құқық бұзушыдан өндіріліп алынған айыппұл сомасынан ақшалай сыйақымен көтермелеуді ұсыну немесе ұсынбау туралы хаттамалық шешім шығарады. Комиссияның хаттамалық шешімін ескере отырып, жергілікті атқарушы орган тиісті шешім (қаулы) шығарады. Әкімшілік құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу және оларға ақшалай қаражат төлеу үшін жергілікті атқарушы органның шешімі негіз болып табылады.
Тармақ 11
11. Көтермелеу түрін, соның ішінде ақшалай сыйақының мөлшерін қоғамдық көмекшінің, азаматтың құқық бұзушылық профилактикасына және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан жеке үлесін ескере отырып, Комиссия белгілейді. Ақшалай сыйақы төлеу 10 еселенген айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады. Көтермелеу мөлшерін айқындау кезінде Комиссия шешім шығарған сәтте қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш қолданылады.
Тармақ 12
12. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын қоғамдық көмекшілер мен азаматтарға ақшалай сыйақы төлеуді уәкілетті органдар тиісті қорытынды актіге (сәйкесінше Комиссия хаттамасына немесе жергілікті атқарушы органның шешіміне) қол қойылған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей, азаматтардың ағымдағы банктік шоттарына (немесе олар көрсеткен қайырымдылық ұйымдарына) ақшалай қаражатты аудару арқылы жүзеге асырады. Ақшалай сыйақы төлеу көтермелеуге ұсыным енгізген, жергілікті бюджетте осы мақсаттарға көзделген уәкілетті органдардың қаражаты есебінен жүргізіледі.
Басқа 34
Түркістан облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидаларына 1-қосымша Нысан ________________________________ ________________________________ (уәкілетті органның атауы) Әкімшілік құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлағаны үшін көтермелеу алуға ӨТІНІШ Азаматтан (азаматшадан) ________________________________________________________ (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Туған күні: _________ жылғы «_____» ____________ Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН): ___________________________________ Жеке басты куәландыратын құжаттың түрі: __________________________________________ Сериясы: ______________ нөмірі: __________________________________________________ Кім берді: __________________, берілген күні: «_______» __________ _____ жыл. Нақты тұратын / тіркелген мекенжайы (керек емесін сызып тастаңыз): Облыс (қала) __________________________ (аудан) __________________________________ Көше (шағын аудан) ___________________________ үй ____________ пәтер ___________ Осы өтінішпен «» ____________ 20____ жылы сағат «____» мин. «___»-де менің тарапымнан әкімшілік құқық бұзушылық фактісі тіркелгенін хабарлаймын, ол мынадан көрініс тапты: ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ (құқық бұзушылықтың мәнін, орны мен мән-жайларын қысқаша көрсету) Аталған хабарлама фото-, бейнетіркеу материалдарымен бірге менің тарапымнан уәкілетті органға: _________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ (уәкілетті органның атауын көрсету) мына құрал арқылы жіберілді: __________________________________________________________________ (және жіберу арнасы: «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі, «102» мобильді қосымшасы, кезекші бөлім және т.б.) Хабарлама жіберілген сәтте аталған әкімшілік құқық бұзушылық фактісі менің жүгінуіме дейін автоматты режимде жұмыс істейтін техникалық құралдармен (фото- және бейнетіркеу камераларымен) және аспаптармен немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен тіркелмегенін растаймын. Жоғарыда баяндалғанның негізінде, «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 3-тармағына сәйкес маған көтермелеу тағайындау мәселесін қарауыңызды сұраймын. Көтермелеуді төлеуді мына мекенжайға жүргізуді сұраймын (қажетті нұсқаны [V] белгісімен белгілеңіз): Менің ағымдағы банктік шотыма: жиырма таңбалы шот нөмірі (IBAN): KZ_______________________________________ банкте (қаржы ұйымының атауы): ________________________________ Қайырымдылық ұйымының шотына: Ұйымның толық атауы: ____________________________________________ Ұйымның БСН: __________________________, шот (IBAN) _________________KZ банкте: ___________________________________________________________________ Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі: 1.Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі. 2.Ағымдағы банктік шоттың бар екендігі туралы анықтама (IBAN туралы хабарлама). 3.Фото-, бейнетіркеу материалдары (электрондық тасымалдағышта ұсынылған жағдайда). Маған көрінеу жалған мәліметтер бергені үшін жауаптылық туралы ескертілді. Құқық бұзушылық профилактикасына көрсетілген жәрдем үшін көтермелеуді тексеру, тағайындау және төлеу үшін қажетті менің дербес деректерімді «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім беремін. Өтініш берушінің байланыс деректері: Ұялы телефон: ___________________________ E-mail: ___________________________ Өтініш берілген күн: «___» ___________ 20 ___ жыл тініш берушінің қолы: _________________________
Басқа 35
Түркістан облысында құқық бұзушылықтардың профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидаларына 2-қосымша Нысан Мемлекеттік органның елтаңбалық бланкісінде «___» _________20 ___ жылғы № ___ _______________________________________ (уәкілетті органның атауы) Әкімшілік құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу туралы ҰСЫНЫМ «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 3-тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлаған және көтермелеу алуға өтініш жіберген азаматтардың тізімін Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссияның қарауына ұсынамыз: Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті орган азаматтардың аталған хабарламалары құқық бұзушылық анықтауға (ашуға) тікелей ықпал еткені және ақпараттың бастапқы дереккөзі деп танылғаны (бұрын бұл құқық бұзушылықтар автоматты түрде тіркейтін техникалық құралдармен немесе лауазымды тұлғалармен тіркелмегені) фактісін растады. Осы ұсынымды жасау сәтінде әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлғаларға қатысты қаулылар заңды күшіне енді, салынған әкімшілік айыппұлдар толық көлемде төленді. № Азаматтың Т.А.Ә., ЖСН Құқық бұзушылық туралы хабарламаның күні мен мәні ӘҚБ туралы іс бойынша қаулының нөмірі мен күні Төленген айыппұл сомасы (төленген күні) Ұсыныла-тын көтермелеу мөлшері (АЕК-пен, 10 АЕК-тен аспайды) Азаматтың ағымдағы банктік шоты (IBAN) / қайырымдылық ұйымының атауы, БСН немесе шоты Азаматтардың жіберген өтініштері және растаушы құжаттар қоса беріледі. Басшы __________________________________________________________________________ тегі, аты-жөнінің бас әріптері (қолы) Ұсыным берілген күн: «___» ___________ 20 ___ жыл