О переименовании улицы Жастар села Бекболат Первомайского сельского округа Карасайского района Қолданыста
Басқа 0
Қарасай ауданы Бірінші Май
ауылдық округі Бекболат
ауылының Жастар көшесінің
атауын өзгерту туралы
«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Бірінші Май ауылдық округі Бекболат ауылының халқының пікірін ескере отырып және 2026 жылғы 29 сәуірдегі Алматы облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде Қарасай ауданы Бірінші Май ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Бірінші Май ауылдық округі Бекболат ауылының Жастар көшесінің атауы "Садуақас Тоқашев" деп өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жариялаған күшінен кейін күнтізбелік он күннен соң қолданысқа енгізіледі.