Об объявлении объектовой чрезвычайной ситуации техногенного характера Қолданыста
Басқа 0
Tехногендік сипаттағы нысандық төтенше жағдай жариялау туралы
2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына, 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармақшасына сәйкес, сондай-ақ 2023 жылғы 10 мамырдағы Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің «Табиғи және технигендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» № 240 бұйрығы негізінде Ақтау қаласының әкімдігі, ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2026 жылдың 26 шілдеде Ақтау қаласы, 32 «А» шағын ауданы, № 5 көппәтерлі тұрғын үйдің № 4 кіреберісінде 1 мен 9 қабатқа дейінгі қабатаралық электроқалқандарында өрт шығып, электр желілері толықтай жанып кеткен. Өрт салдарынан 54 пәтер (100-153 номер аралығындағы пәтерлер) толықтай тоқсыз қалуына орай, техногендік сипаттағы нысандық төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ өкілі Г. Ережеповаға жедел штаб құрылсын және оны басқару жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Б. Балиұлына жүктелсін.