Об установлении охранной зоны республиканского государственного учреждения «Каркаралинский государственный национальный природный парк» Күшіне енбеген
Басқа 0
«Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – ұлттық парк) шекарасы айналасында ені кемінде екі шақырым, жалпы ауданы 138917 гектар болатын, меншік иелерінен және жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай және жер санатын өзгертпей
ұлттық парк шекарасының периметрі бойынша қорғау аймағының шекарасы;
осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес ұлттық парктің қорғау аймағы аумағында табиғатты пайдалану режимі мен тәртібі белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің
«Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағы аумағында табиғатты пайдалану режимі мен тәртібі
Қарағанды облысы әкімдігінің
2026 жылғы 5 тамыздағы
№53/02 қаулысына қосымша
«Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің
«Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағы аумағында табиғатты пайдалану режимі мен тәртібі
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – ұлттық парк) қорғау аймағында мыналарға тыйым салынады:
Тармақша 1
1) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін объектілерді орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологияларды енгізуге;
Тармақша 2
2) ластаушы заттар мен сарқынды суларды атмосфераға шығару және ашық су көздері мен рельефке төгуге;
Тармақша 3
3) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 84-2-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге;
Тармақша 4
4) аң аулауға;
Тармақша 5
5) радиоактивті материалдар мен өнеркәсіптік қалдықтарды көмуге;
Тармақша 6
6) ұлттық парктің экологиялық жүйелерінің гидрологиялық режимін өзгертуі мүмкін қызметке (гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға әкеп соғатын басқа да объектілер салуға);
Тармақша 7
7) жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктердің бөтен түрлерін интродукциялауғ;
Тармақша 8
8) ұлттық парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер етуі мүмкін басқа да қызметке.
Тармақ 2
2. Ұлттық парктің қорғау аймағы аумағында ұлттық парктің экологиялық жүйелерінің жай-күйіне теріс әсер етпейтін шаруашылық қызметтің мынадай әртүрлі нысандары жүзеге асырылуы мүмкін:
Тармақша 1
1) орман шаруашылығы қызметі;
Тармақша 2
2) мал жаю мен шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлі жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық әртүрлілікті ұзақ мерзімді сақтау мен оның беріктігін қамтамасыз ету шеңберіндегі өзге де қызмет;
Тармақша 3
3) туристік және рекреациялық қызмет;
Тармақша 4
4) минералды суларды, бальнеологиялық және климаттық ресурстарды пайдалану;
Тармақша 5
5) кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау, сондай-ақ балық өсіру;
Тармақша 6
6) орман және дала өрттерін сөндіру бойынша жердегі және авиациялық жұмыстарды жүргізу;
Тармақша 7
7) бүлінген жерлерді қалпына келтіру;
Тармақша 8
8) орман және өзге де өсімдіктер қауымдастықтарын қалпына келтіру;
Тармақша 9
9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтіру;
Тармақша 10
10) жер учаскелерін туристер болатын жерлерді жайластыру, өсімдіктер мен жануарлардың эндемиялық, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін қолдан көбейтуге, өсіруге, өндіруге арналған питомниктер орналастыру, сондай-ақ мемлекеттік ұлттық табиғи парк жұмыскерлерінің тұруына арналған қызметтік үй-жайлар (кордондар) салу және оларға қызметтік жер телімдерін беру үшін пайдалану.
Тармақ 3
3. Ұлттық парк қорғау аймағында 2-баптың 48-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың өріс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға тиіс, сондай-ақ жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды учаскелердің және мемлекеттік табиғи-қорық қорының өзге де объектілерінің дербестігі қамтамасыз етілуі қажет.
Тармақ 4
4. Ұлттық парк қорғау аймағында жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметіне қойылатын шектеулер «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімдерімен белгіленеді.