Қолданыстағы ред. 25.03.2005

Ақтөбе қаласының жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларымен оқу-далалық жиынын өткізу туралы от 25.03.2005 г. № 284 (Ақтөбе қаласының жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларымен оқу-далалық жиынын өткізу туралы)

0

Ақтөбе қаласының жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларымен оқу-далалық жиынын өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылының 1 қарашадағы № 1340 «Алғашқы әскери дайындық туралы» Қаулысының 45,47 баптарына Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:

1

1. Алғашқы әскери дайындық жөніндегі оқу жоспарына сәйкес 2005 жылдың 11 мамырынан 20 мамыры аралығында, бес күннен екі ағымда қаланың жалпы білім беру мектептерінің 11-ші класс оқушылары – ұл балалармен оқу-далалық жиыны және 11 -ші класс оқушылары – қыз балалармен медициналық - санитарлық дайындықтың тәжірибелік сабақтары өткізілсін.

2

2. «Ақтөбе қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ібетов) өткізілетін шараларды қоса берілген есептерге сәйкес кезінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

3

3. «Қалалық білім және спорт болімі» мемлекетгік мекемесі (Г. Шөмекеева) «Облыстық денсаулық сақтау департаменті» мемлекеттік мекемесімен келісе отырып (Қ. Жолмұхамедов), Ақтөбе қалалық қорғаныс жөніндегі басқармасымен (Т. Бөлтеев) бірге 2005 жылдың 1 қаңтарына дейін 11 класс қыздарымен медициналық-санитарлық дайындықтың тәжірибелік сабақтарын өткізу орындары мен тәртібін жасақтасын.

4

4. Ақтөбе қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармаға (Т. Болтеев) оқу - далалық жиынын табысты өткізуге көмектесу мақсатында әскери бөлімдер командирлерімен және әскери – оқу, әскери кафедралармен және әскери-техникалық мектептермен байланыс орнатуды қамтамасыз ету ұсынылсын.

5

5. «Қалалық білім және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Г. Шөмекеева), Ақтөбе қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасымен (Т. Болтеев) бірлесіп бес күндік оқу-далалық жиынын өткізудің іс – шаралар жоспарын және бағдарламасын жасасын.

6

6. «Облыстық денсаулық сақтау департаменті» мемлекеттік мекемесімен (Қ. Жолмұхамедов) және «қалалық білім және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (Г. Шөмекеева) бірлесе отырып, 2005 жылдың 1 мамырына дейін қаланың жалпы білім беру мектептерінің 11-ші класстарында оқитын қыз балаларды медициналық- санитарлық дайындықтан өткізудің іс-шаралар жоспары мен бағдарламасын жасауға ұсыныс жасалсын.

7

7. Қала әкімі аппаратының әлеуметтік және ақпаратттық-талдау жұмысы бөлімі (Е. Омутных) 2005 жылдың 1 мамырына дейін белгіленген шараларды өткізу мен дайындықтың барлық мәселелері бойынша мүдделі ұйымдар мен мекемелердің қатысуымен кеңейтілген өткізсін.

8

8. «Облыстық денсаулық сақтау департаменті» мемлекеттік мекемесі директорына (Қ. Жолмұхамедов), «Ақтөбе облыстық мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау департаменті» мемлекеттік мекемесі (Қ. Әлжанова) жиын өткізілетін жерде оқушылардың көптеп жиналатындығына байланысты әр түрлі жұқпалы және басқа да аурулардың таралуын болдырмау мақсатында қажетті медициналық шаралар өткізуге, медицина қызметкерлерінің тұрақты кезекшілігін қамтамасыз етуге ұсыныс жасалсын.

9

9. «Қалалық білім және спорт бөлімімі» мемлекеттік мекемесі (Г. Шөмекеева), «Ақтөбе қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі (М. Қорғанбаева) 2005 жылдың 1 мамырына дейін спорттық, дене шынықтыру - сауықтыру және мәдени – бұқаралық шараларды өткізу жоспарын жасасын, жиынды қажетті құралдармен және жабдықтармен қамтамасыз етсін.

10

10. Ақтөбе облыстық телекоммуникация дирекциясына (О. Эмиров) оқу - далалық жиыны өткізілетін жерді телефөомен қамтамасыз ету ұсынылсын.

11

11. Қалалық ішкі істер бөлімімен келісе отырып (М. Осербаев) оқу - далалық жиыны өтетін жерлердегі қоғамдық тәртіптің тәулік бойы сақталуы қамтамасыз етілсін.

12

12. «Автопарк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директорына (М. Өндіргенов) қала оқушыларын оқу - далалық жиын өтетін жерге күнде апарып, қайтып әкелу және оқу - далалық жиынды кезекші көлікпен қамтамасыз ету ұсынылсын.

13

13. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары С. М. Қалдығұловаға жүктелсін.