О введении временного запрета на вывоз дизельного топлива Қолданыста
Басқа 0
Дизель отынын әкетуге уақытша тыйым салуды енгiзу туралы
Ел экономикасының мұқтаждары үшiн дизель отынының қажеттi қорын жасау мақсатында, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуiрдегi Кеден кодексiнiң 8-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. 2005 жылғы 16 ақпан - 31 мамыр кезеңiнде Қазақстан Республикасының аумағынан дизель отынын (ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН 2710 19 410 0 - 2710 19 490 0) әкетуге тыйым салынсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Кедендiк бақылау комитетi осы қаулының 1-тармағын орындау жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi белгіленген тәртiппен Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетiне Қазақстан Республикасы осы қаулының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан дизель отынын әкетуге уақытша тыйым салуды енгiзгендiгi туралы хабарласын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрi B.C. Школьникке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы 2005 жылғы 16 ақпаннан бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиіс.