Об утверждении Правил расходования средств на компенсацию повышения тарифов за электроэнергию, вырабатываемую энергопроизводящей организацией в целях покрытия дефицита электроэнергии и обеспечения стабильного энергоснабжения потребителей Южного Казахстана Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.07.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Оңтүстiк Қазақстанның электр энергиясына тапшылығын жабу және тұтынушыларын энергиямен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында энергия өндiретiн ұйым шығаратын электр энергиясы үшiн тарифтердiң көтерiлуiн өтеуге арналған қаражатты жұмсау ережесiн бекiту туралы "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 18-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Оңтүстiк Қазақстанның электр энергиясына тапшылығын жабу және тұтынушыларын энергиямен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында энергия өндiретiн ұйым шығаратын электр энергиясы үшiн тарифтердiң көтерілуін өтеуге арналған қаражатты жұмсау ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 0. Оңтүстiк Қазақстанның электр энергиясына тапшылығын жабу және тұтынушыларын энергиямен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында энергия өндiретiн ұйым шығаратын электр энергиясы үшiн тарифтердiң көтерiлуiн өтеуге арналған қаражатты жұмсау ережесi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 17 ақпандағы N 145 қаулысымен бекiтiлген Оңтүстiк Қазақстанның электр энергиясына тапшылығын жабу және тұтынушыларын энергиямен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында энергия өндiретiн ұйым шығаратын электр энергиясы үшiн тарифтердiң көтерiлуiн өтеуге арналған қаражатты жұмсау ережесi
Тармақ 1
1. Осы Ереже Оңтүстік Қазақстанның электр энергиясына тапшылығын жабу және тұтынушыларын энергиямен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында энергия өндiретiн ұйым шығаратын электр энергиясы үшiн тарифтердiң көтерiлуiн өтеуге арналған қаражатты жұмсау тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 2
2. "ҚазТрансГаз" акционерлiк қоғамы 2005 жылға арналған республикалық бюджетте 026 "Оңтүстiк Қазақстанның тұтынушыларын энергиямен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету" бюджеттiк бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде 2004-2005 жылдардың күзгі - қысқы кезеңiнде бiр және екi блокты режимде "Т.И.Батуров атындағы Жамбыл мемлекеттік аудандық электр станциясы" ашық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - Қоғам) жұмысын қамтамасыз ету үшiн сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар отынды жеткiзушi (бұдан әрi - Жеткiзушi) болып белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Тарифтердiң көтерiлуiн өтеуге арналған қаражатты жұмсау 2005 жылға арналған республикалық бюджетте 026 "Оңтүстiк Қазақстанның тұтынушыларын энергиямен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген 1075175000 (бір миллиард жетпіс бес миллион бір жүз жетпіс бес мың) теңге сомасындағы қаражат (бұдан әрi - Қаражат) есебiнен жүзеге асырылады, оның iшiнде:
Тармақша 1
1) 199000000 (бip жүз тоқсан тоғыз миллион) теңге - 2004 жылғы қаңтар - наурыз кезеңiндегі Қоғамның Жеткiзушi алдындағы отынның жеткiзілiмдерi бойынша шығындарын өтеуге арналған шығыстар;
Тармақша 2
2) 876175000 (сегіз жүз жетпіс алты миллион бір жүз жетпіс бес мың) теңге - 2004 жылғы желтоқсан - 2005 жылғы наурыз кезеңiнде Қоғамның отынды тасымалдау шығыстарын ескере отырып, оны сатып алу бағасы мен Қоғамның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында шығарылатын электр энергиясына белгiленген тарифтердi сақтау үшiн қажет отынның құны арасындағы айырманы жабуға арналған шығыстар.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi осы Ереженiң 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тарифтердiң көтерiлуiн өтеу мақсатында Оңтүстiк Қазақстанның электр энергиясына тапшылығын жабу және тұтынушыларын энергиямен тұрақты жабдықтау үшiн шығарылатын электр энергиясына белгiленген тарифтi сақтау үшiн шығыстар есептемелерiн бекiтедi.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі:
Тармақша 1
1) осы Ереженiң 3-тармағына сәйкес Оңтүстiк Қазақстанның тұтынушыларын энергиямен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету бойынша Жеткiзушiмен жасасқан шарттардың негізiнде қаражат аударуды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) "Солтүстiк-Оңтүстiк" транзитi бойынша алынатын электр энергиясының көлемiне және Оңтүстік Қазақстанның тұтынушыларына Қоғамның шиналарынан алынатын электр энергиясының көлемiне Оңтүстiк Қазақстанның энергиямен жабдықтаушы ұйымдары мен тұтынушыларына арналған шығыстардың нормаларын бекiтудi қамтамасыз етедi;
Тармақша 3
3) осы қаулыға сәйкес бөлiнетiн Қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етедi.