Ақтөбе қаласында аумақтарды қала құрылысына игеру проблемалары және перспективалық жер қатынастары туралы Қолданыста
Басқа 0
Ақтөбе қаласында аумақтарды қала құрылысына игеру проблемалары және
перспективалық жер қатынастары туралы
«Ақтөбе қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ бастығының (Н. Боранбаев) және «Ақтөбе қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ бастығының (М. Әлжанов) баяндамасын тыңдап, талқылап және Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 18, 44 баптары, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 баптарына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ақтөбе қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ (Н. Боранбаев) қаланың инженерлік желілерінің техникалық жағдайын тиісті деңгейге жеткізгенге дейін, құрылыс салушылардың үлестік қатысуын қоспағанда, коммуналдық тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін есептемегенде түрлі бағыттағы объектілерді орналастыру және олардың құрылысына жер учаскелерін беруді уақытша тоқтатсын.
Тармақ 2
2. Қаланың инженерлік желілерін дамыту және қайта жарақтандырудағы құрылысшылардың үлестік қатысымының сызбасын әзірлеу жөніндегі жұмыс комиссиясы құрылысын.
Тармақ 3
3. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін бөлу квотасы жылына 500 учаскеден аспайтын шекте белгіленсін және алаңдар мен инженерлік желілердің әзірлену шамасына қарай жүргізілсін.
Тармақ 4
4. «Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ (Р. Айдашева) бюджетті қалыптастыру кезінде белгіленген квотаға сәйкес жеке тұрғын үйлер құрылысы аудандарының жобалау-сметалық құжаттамасын қаржыландыруды қарастырсын.
Тармақ 5
5. «Ақтөбе қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ (Н. Боранбаев) және «Ақтөбе қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ бастығының (М. Әлжанов) жеке тұрғын үй құрылысы үшін аумақты игеруді конкурстық негізде кешендік құрылыс әдісінің басымдығымен жүргізсін.
Тармақ 6
6. Облыстық сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті (келісім бойынша) қала құрылысының жаңа бас жоспарын бекіту жөніндегі жұмысты жандандырсын.
Тармақ 7
7. «Ақтөбе қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ (Н. Боранбаев) қала әкімдігі жанындағы сәулет - қала құрылысы кеңесінің құрамын бір ай мерзімде жаңартсын және қызметін ұйымдастырсын.
Тармақ 8
8. «Жер ресурстарын басқару жөніндегі Ақтөбе қалалық бөлімі» ММ (Т. Жапаров) қаланың пайдаланылмай және заңнаманы бұрмалауымен пайдаланылып жатқан жерлерді бақылауды күшейту және алып қою жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасасын.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б. С. Жаманқұловқа жүктелсін.