Об утверждении Списка производств, профессий на тяжелых физических работах и работах с вредными (особо вредными), опасными (особо опасными) условиями труда, на которых запрещается применение труда женщин Күшін жойған
Басқа 0
Әйелдер еңбегін қолдануға тыйым салынатын еңбек жағдайы ауыр және зиянды өндірістердің, мамандықтар мен жұмыстардың Тізімін бекіту туралы
"Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
Тармақ 1
1. Әйелдер еңбегін қолдануға тыйым салынатын еңбек жағдайы ауыр және зиянды өндірістердің, мамандықтар мен жұмыстардың қосымша Тізімі бекітілсін.
Тармақ 2
2. "Әйелдер еңбегін қолдануға тыйым салынатын еңбек жағдайы ауыр және зиянды өндірістердің, мамандықтар мен жұмыстардың Тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 1999 жылғы 20 қыркүйектегі N 184-п бұйрығының күші жойылды деп танылсын (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі N 948).
Тармақ 3
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау вице-министрі
2005 жылғы "15" ақпанда
"Келісілді"
Басқа 0. Әйелдер еңбегін қолдануға тыйым салынатын ауыр қол еңбегі жұмыстары мен еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті (ерекше қауіпті) жұмыстардағы өндірістердің, кәсіптердің ТІЗІМІ
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
Министрінің міндетін атқарушының
2005 жылғы 15 ақпандағы
N 44-ө бұйрығымен бекітілген
Әйелдер еңбегін қолдануға тыйым салынатын ауыр қол еңбегі жұмыстары мен еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті (ерекше қауіпті) жұмыстардағы өндірістердің, кәсіптердің ТІЗІМІ
Тарау 1. 1-Тарау. Металл өңдеу
1-Тарау. Металл өңдеу
Тармақ 1. § 1. Құю жұмыстары
§ 1. Құю жұмыстары
Тармақ 1
1. Ваграншы
Тармақ 2
2. Қолмен шығарумен айналысатын қорытпаны шығарып алушы
Тармақ 3
3. Шихтаны қолмен тиеумен айналысатын вагранкалар мен пештерге шихта толтырушы
Тармақ 4
4. Қорытпаны қайнатушы
Тармақ 5
5. Металды құюшы
Тармақ 6
6. Пневматикалық құралдарда жұмыс істейтін кесуші
Тармақ 7
7. Металдар мен балқымаларды қорытушы
Тармақ 8
8. Конвейерге ыстық қорытпа ілумен және тоннельдердегі құю цехтарында жабдықтарға қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысатын жұмысшылар.
Тармақ 2. § 2. Дәнекерлеу жұмыстары
§ 2. Дәнекерлеу жұмыстары
Тармақ 9
9. Жабық ыдыстарда (цистерналарда, қазандарда және т.б.), сондай-ақ биіктігі 10 метрден асатын байланыстың биік құрылыстарында (мұнараларда, діңгектерде) және жоғары өрмелейтін жұмыстарда қолмен атқарылатын газбен және электрмен дәнекерлеуші.
Тармақ 3. § 3. Қазандық, салқынмөртабандық, сым тарту және сығу жұмыстары
§ 3. Қазандық, салқынмөртабандық, сым тарту және сығу жұмыстары
Тармақ 10
10. Қол жұмысымен айналысатын сығушы
Тармақ 11
11. Қазандықшы
Тармақ 12
12. Пневматикалық қол аспаптары жұмысында істейтін нақыштаушы.
Тармақ 4. § 4. Ұсталық-престеу және термиялық жұмыстар
§ 4. Ұсталық-престеу және термиялық жұмыстар
Тармақ 13
13. Ыстық жұмыстарда істейтін құрсаушы
Тармақ 14
14. Металл жылытушы (дәнекерлеуші)
Тармақ 15
15. Диаметрі 10 миллиметрден асатын сымнан серіппе орау кезінде ыстық жұмыстарда істейтін серіппеші
Тармақ 16
16. Ыстық күйінде шығыршықты домалатумен айналысушы
Тармақ 17
17. Ыстық металды өңдеумен айналысатын рессоршы.
Тармақ 5. § 5. Металл қаптау және сырлау
§ 5. Металл қаптау және сырлау
Тармақ 18
18. Кессон-бактардың ішкі саңлауларын бітеумен айналысатын саңлау бітеуші
Тармақ 19
19. Ыстықтай тәсілмен (гальвандық емес) қорғасындаумен ұдайы айналысушы.
Тармақ 6. § 6. Слесарлық және слесарлық құрастыру жұмыстары
§ 6. Слесарлық және слесарлық құрастыру жұмыстары
Тармақ 20
20. Діріл әсері қолға берілетін пневматикалық аспаптармен жұмыс істейтін бұрандашы-пневматик
Тармақ 21
21. Мыналармен айналысатын жөндеуші слесарь: - ыстық прокаттау, өрнектеу, эмальдау, кабель өндірісінде органикалық кремний лактарын қолданып айыру, қорғасындау цехтары мен бөлімшелерінде жабдықтарды реттеу.
Тармақ 7. § 7. Қорғасынмен жұмыс
§ 7. Қорғасынмен жұмыс
Тармақ 22
22. Қорытумен, ағызумен, прокаттаумен, тартумен, қалыптаумен, қорғасын бұйымдарымен, кабельдерді қорғасындаумен және қорғасын аккумуляторларды дәнекерлеумен айналысатын жұмысшылар.
Тарау 2. 2-Тарау. Құрылыс, монтаждау және құрылыс-жөндеу жұмыстары
2-Тарау. Құрылыс, монтаждау және құрылыс-жөндеу жұмыстары
Тармақ 23
23. Игіш қол станоктары мен қайшыларды каркас тіректерді қолмен орнатумен айналысатын арматуршы
Тармақ 24
24. Асфальт бетондаушы
Тармақ 25
25. Қайнатушы-асфальттаушы
Тармақ 26
26. Гидромониторшы
Тармақ 27
27. Жерді ұңғып-қазушы
Тармақ 28
28. Тас қашаушы
Тармақ 29
29. Тас қалаушы
Тармақ 30
30. Су астындағы камерада (кессон) жұмыс істейтін аппаратшы, жер қазушы, слесарь, электрмонтаждаушы
Тармақ 31
31. Шиыршықталған жабындымен және басқа бөлек материалдармен үй төбесін жабушы
Тармақ 32
32. Болатпен жасалған төбені жабушы
Тармақ 33
33. Автогудронаттар машинисі
Тармақ 34
34. Автогрейдер машинисі
Тармақ 35
35. Бетон-сорғы қондырғысының машинисі
Тармақ 36
36. Битум ерітетін жылжымалы қондырғы машинисі
Тармақ 37
37. Бульдозер машинисі
Тармақ 38
38. Грейдер-элеватор машинисі
Тармақ 39
39. Жылжымалы асфальт-бетон араластырғыш машинисі
Тармақ 40
40. Асфальт-бетон төсегіш машинисі
Тармақ 41
41. Бір ожаулы экскаватор машинисі, роторлы экскаватор машинисі
Тармақ 42
42. Двигателі іштен жанатын жылжымалы электрмен дәнекерлеу агрегатының машинисі
Тармақ 43
43. Болат және темір-бетон құрылғыларын монтаждауда биікте және жоғары өрмелейтін жұмыстармен айналысатын монтажшы
Тармақ 44
44. Биікте жұмыс істейтін антеннашы-байланыс монтажшысы
Тармақ 45
45. Пештерді ыстықтай жөндеумен және қазанға отын жағумен айналысатын отқа төзімді жұмысшы
Тармақ 46
46. Қорғасынмен дәнекерлеуші
Тармақ 47
47. Өнеркәсіптік темір-бетон құбырларын төсейтін құбыр төсеуші
Тармақ 48
48. Өнеркәсіптік кірпіш құбырларын төсейтін құбыр төсеуші.
Тарау 3. 3-Тарау. Тау-кен жұмыстары
3-Тарау. Тау-кен жұмыстары
Тармақ 49
49. Кен өндіру өнеркәсібінің жерасты құрылыстарын салуда қара жұмыспен айналыспайтын басшылар мен мамандар жұмысынан басқа барлық жерасты жұмыстары
Тармақ 50
50. Ашық кен жұмыстары және жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан шахталар мен кеніштердің жоғарғы бетін байыту, агломераттау, брикеттеу.
Тармақ 1. § 1. Кен және күрделі тау-кен жұмыстарының жалпы мамандықтары
§ 1. Кен және күрделі тау-кен жұмыстарының жалпы мамандықтары
Тармақ 51
51. Скважина бұрғылаушысы, бұрғылау станогының машинисі, шпур бұрғылаушысы
Тармақ 52
52. Қопарғыш
Тармақ 53
53. Өрттің алдын алу және сөндіру жөніндегі тау-кен жұмысшысы
Тармақ 54
54. Шахтаға бекіту материалдарын жеткізуші
Тармақ 55
55. Бұрғылау қондырғысының машинисі
Тармақ 56
56. Бекітуші
Тармақ 57
57. Ұста-бұрғы майлаушы
Тармақ 58
58. Тиеу машинасының машинисі
Тармақ 59
59. Шахта оқпандарын өн бойымен толық бұрғылау жөніндегі қондырғы машинисі
Тармақ 60
60. Экскаватор машинисі
Тармақ 61
61. Вагонеткаларды қолмен жылжытып сырғытумен айналысатын аударушы
Тармақ 62
62. Қазба жүргізуші
Тармақ 63
63. Ствол орнатушы
Тармақ 64
64. Тазалаушы.
Тармақ 2. § 2. Байыту, агломерация, брикеттеудің жалпы мамандықтары
§ 2. Байыту, агломерация, брикеттеудің жалпы мамандықтары
Тармақ 65
65. Сазбалшық өндірісінде ыстықтай күйдірілген күйде ұсатумен, брикеттеумен айналысатын ұсатушы
Тармақ 66
66. Сынап өндіруде шикізатпен материалдарды күйдірумен айналысатын күйдіруші
Тармақ 67
67. Байыту және ұнтақтау-сұрыптау фабрикаларының, кеніштердің, шахталар мен металлургия кәсіпорындарының жұмысты атқару кезінде шаң-тозаң шығаратын, 10 процент және одан да астам қос қышқылды кремний түзілетін қара, түсті және сирек металдарды, балқыма шпатын және көмірді ұнтақтау, ұсақтау майдалау және шихтілеу жөніндегі жұмыстармен айналысатын жұмысшылар мен шеберлер
Тармақ 68
68. Қорғасын байыту цехтарында істейтін жұмысшылар.
Тарау 4. 4-Тарау. Геологиялық барлау және топографиялық-геодезиялық жұмыстар
4-Тарау. Геологиялық барлау және топографиялық-геодезиялық жұмыстар
Тармақ 69
69. Қопарғыш
Тармақ 70
70. Геодезиялық белгілерді құрастырушы
Тармақ 71
71. Дала жағдайында жұмыс істейтін кезекші және жабдықтарды жөндеу жөніндегі электр слесары.
Тарау 5. 5-Тарау. Скважиналарды бұрғылау
5-Тарау. Скважиналарды бұрғылау
Тармақ 72
72. Мұнай мен газды пайдалану және барлау скважиналарын бұрғылайтын бұрғылаушы
Тармақ 73
73. Мұнара құрастырушы, мұнара құрастырушы-дәнекерлеуші, мұнара құрастырушы электр монтері
Тармақ 74
74. Бұрғылау қондырғысының машинисі
Тармақ 75
75. Скважинаны цементтеу жөніндегі машинист
Тармақ 76
76. Цементтеу агрегатының моторисі
Тармақ 77
77. Цемент-құм араластырғыш агрегат моторисі
Тармақ 78
78. Құбырларды престеуші
Тармақ 79
79. Мұнай мен газ (бірінші және екінші) пайдалану және барлау скважиналарын бұрғылайтын бұрғылаушы көмекшісі
Тармақ 80
80. Бұрғылау қондырғысы (бірінші және екінші) машинисінің көмекшісі
Тармақ 81
81. Қолмен ерітінді әзірлеумен айналысатын бұрғылау ерітіндісін әзірлеуші
Тармақ 82
82. Бұрғылау жабдықтарын жөндеумен айналысатын жөндеуші слесарь
Тармақ 83
83. Тікелей бұрғылаумен айналысатын бұрғыларға қызмет көрсету жөніндегі слесарь
Тармақ 84
84. Бұрғы құлыптарын орнатушы
Тармақ 85
85. Технологиялық жабдықтарға қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысатын электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр монтері және электр жабдықтарына қызмет көрсететін электр монтері.
Тарау 6. 6-Тарау. Мұнай және газ өндіру
6-Тарау. Мұнай және газ өндіру
Тармақ 86
86. Теңізде жүзетін бұрғылау агрегатының бұрғылаушысы
Тармақ 87
87. Скважиналарды күрделі жөндеуден өткізетін бұрғылаушы
Тармақ 88
88. Парафиннен тазартатын жылжымалы бу қондырғысының машинисі
Тармақ 89
89. Жылжымалы компрессор машинисі
Тармақ 90
90. Көтергіш машинисі
Тармақ 91
91. Жуу агрегатының машинисі
Тармақ 92
92. Қат-қабат қыртыстарды гидравликалық тәсілмен жару операторы
Тармақ 93
93. Скважиналарды жер астында жөндеуші оператор
Тармақ 94
94. Скважиналарды күрделі және жер астында жөндеуге дайындау жөніндегі оператор
Тармақ 95
95. Скважиналарды химиялық өңдеу жөніндегі оператор
Тармақ 96
96. Теңізде жүзетін бұрғылау агрегаты бұрғылаушысының көмекшісі
Тармақ 97
97. Скважиналарды күрделі жөндеу бұрғылаушысының көмекшісі
Тармақ 98
98. Жер астында мұнай өндірумен ұдайы айналысатын жұмысшылар, басшылар мен мамандар
Тармақ 99
99. Теңіз бұрғылары мен көпірлерінің негіздіктерін құрастыру және жөндеу жөніндегі слесарь
Тармақ 100
100. Мұнай кәсіпшілігінің жабдықтарын құрастырумен, қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысатын жөндеуші слесарь.
Тарау 7. 7-Тарау. Қара металлургия
7-Тарау. Қара металлургия
Тармақ 1. § 1. Қара металлургияның жалпы мамандықтары
§ 1. Қара металлургияның жалпы мамандықтары
Тармақ 101
101. Балқыған металдармен жұмыс істейтін ожаушы
Тармақ 102
102. Прокат және құбыр өндірісінің камералық пештері мен құдықтарында әдістемелік жұмыстармен айналысатын металл қыздырушы
Тармақ 103
103. Пневматикалық құралдармен жұмыс істейтін металдың сыртқы кеселдерін өңдеуші.
Тармақ 2. § 2. Домна өндірісі
§ 2. Домна өндірісі
Тармақ 104
104. Домна пешінің үстін қараушы;
Тармақ 105
105. Домна пешінің су құбыршысы
Тармақ 106
106. Домна пешінің көрікшісі
Тармақ 107
107. Жүк (салмақ) өлшейтін вагон машинисі
Тармақ 108
108. Скиповой.
Тармақ 3. § 3. Болат балқыту өндірісі
§ 3. Болат балқыту өндірісі
Тармақ 109
109. Үйінді машинасының машинисі
Тармақ 110
110. Миксерші
Тармақ 111
111. Блоктарды қағушы
Тармақ 112
112. Қышқыл жойғыштарды балқытушы
Тармақ 113
113. Конверттерде, темірді бірден қалпына келтіретін мартен пешінде, электр қалдықтарын қайта балқыту қондырғысында, электр пешінде болат қорытушы
Тармақ 114
114. Болат құюшы
Тармақ 115
115. Конверттерде, мартен пешінде, темірді бірден қалпына келтіретін пеште, электр қалдықтарын қайта балқыту қондырғысында, электр пешінде болат қорытушы.
Тармақ 4. § 4. Прокат өндірісі
§ 4. Прокат өндірісі
Тармақ 116
116. Ыстық прокат станының біліктеушісі
Тармақ 117
117. Балқыма қайнатушысы
Тармақ 118
118. Қаптаған болат бөлуші
Тармақ 119
119. Ыстық прокат станының қолғанат біліктеушілері
Тармақ 120
120. Рельстерді бекітетін қыстырғыш-престеуші
Тармақ 121
121. Сортты прокат өндірісінде істейтін өткізуші слесарь.
Тармақ 5. § 5. Құбыр өндірісі
§ 5. Құбыр өндірісі
Тармақ 122
122. Калибрлеу станының, құбырларды ыстық прокаттау станының, құбырларды пеште дәнекерлеу станының, құбырларды салқын прокаттау станының, құбырларды қалыптау станының біліктеушісі
Тармақ 123
123. Механикаландырылмаған стандарда істейтін құбырлар тартушы
Тармақ 124
124. Престе құбырларды калибрлеуші
Тармақ 125
125. Балға мен пресс ұстасы
Тармақ 126
126. Құбырларды ыстық прокаттау, құбырларды салқын прокаттау стандарының қолғанат біліктеушісі.
Тармақ 6. § 6. Ферросплав өндірісі
§ 6. Ферросплав өндірісі
Тармақ 127
127. Ферросплав пештерінің көрікшісі
Тармақ 128
128. Балқытушы, ферросплав балқытушысы
Тармақ 129
129. Алюминді-термиялық әдіспен балқымаларды ұстайтын металл хром алумен айналысатын жұмысшылар
Тармақ 130
130. Ашық иінді пештерде кремний балқыламарын балқытумен айналысатын жұмысшылар.
Тармақ 7. § 7. Химиялық кокс өндірісі
§ 7. Химиялық кокс өндірісі
Тармақ 131
131. Барий құюшы
Тармақ 132
132. Есікте тұрушы
Тармақ 133
133. Ұсақтаушы
Тармақ 134
134. Люкте тұрушы
Тармақ 135
135. Бензол өндірісінде, оны су қуатымен тазартумен және аршумен тікелей айналысатын қызметкерлер
Тармақ 136
136. Кокстендірілетін өнімдерді аулау цехында фенольды қондырғыға күтім көрсетумен айналысатын скрубберші-насосшы
Тармақ 137
137. Кокс батареяларына қызмет көрсетумен айналысатын слесарь-жөндеуші.
Тарау 8. 8-Тарау. Түсті металлургия
8-Тарау. Түсті металлургия
Тармақ 1. § 1. Түсті металлургияның жалпы мамандықтары
§ 1. Түсті металлургияның жалпы мамандықтары
Тармақ 138
138. Алюминий, силумин және кремний өндірісінде анодтарды астығы секцияларға құюмен айналысатын анод құюшы
Тармақ 139
139. Алюминий, силумин және кремний өндірісінде катод өзектерінің астын тереңдете бұрғылаумен айналысатын ванна жөндеп-орнатушы
Тармақ 140
140. Балқытушы
Тармақ 141
141. Қыздырушы
Тармақ 142
142. Қатты балқымаларды жымдастырушы
Тармақ 143
143. Негізгі металлургия цехтарында металлургиялық жабдықтарға қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысатын, металлургия және цемент жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь, слесарь-жөндеуші.
Тармақ 2. § 2. Түсті және сирек металдар өндірісі, түсті металдардан ұнтақ жасау өндірісі
§ 2. Түсті және сирек металдар өндірісі, түсті металдардан ұнтақ жасау өндірісі
Тармақ 144
144. Алюминий, магний өндірісіндегі анодшы
Тармақ 145
145. Титан ысқыштарды қағып шығарушы
Тармақ 146
146. Металды құйып төгуші
Тармақ 147
147. Катодшы
Тармақ 148
148. Конвертерші
Тармақ 149
149. Конденсаторшы
Тармақ 150
150. Ванналар мен пештерді құрастырумен және бұзумен айналысатын реакциялық аппараттардың құрастырушысы
Тармақ 151
151. Сынапты шыңдаушы
Тармақ 152
152. Титан мен сирек металдарды қалпына келтіріп тазартумен айналысатын пешші
Тармақ 153
153. Активті никель ұнтақтарын қалпына келтіру жөніндегі пешші
Тармақ 154
154. Мырыш тозаңы өндірісіндегі пешші
Тармақ 155
155. Вельцпештерде мырыш окистерін алуда істейтін пешші
Тармақ 156
156. Титан түзетін және сирек топырақ материалдарын қайта өңдеу жөніндегі пешші
Тармақ 157
157. Төрт хлорлы титан (тетрахлорид) өндірісінде істейтін жұмысшылар мен шеберлер
Тармақ 158
158. Металды титан өндірісінде тетрахлоридті қалпына келтіру және металды тарту цехтарында (бөлімшелер мен учаскелерде) істейтін жұмысшылар мен шеберлер
Тармақ 159
159. Лопарит концентратын хлорлау цехтарында істейтін жұмысшылар мен шеберлер
Тармақ 160
160. Титан шикізатын (шлактарды) хлорлау және аршу бөлімшелерінде (учаскелерінде) істейтін жұмысшылар мен шеберлер
Тармақ 161
161. Фьюминг қондырғысында шлакты возгон төсілімен қайыра өңдеу бөлімінде істейтін жұмысшылар
Тармақ 162
162. Балқыту цехында сынап қалдықтарын қайта өңдеумен айналысатын жұмысшылар
Тармақ 163
163. Ванналарды қолмен тазартатын, электролит ванналардағы қойыртпақ қалдықтарды тазартушы
Тармақ 164
164. Балқытылған тұздарды электролиздеуші.
Тарау 9. 9-Тарау. Электр станциялары мен желілер жабдықтарын жөндеу
9-Тарау. Электр станциялары мен желілер жабдықтарын жөндеу
Тармақ 165
165. Қорғасын өзекті кабель тартпаларын жөндеумен және қорғасын кабель муфталары мен сыртқы қабатын дәнекерлеумен айналысатын, кабельді желілерді жөндеу және құрастыру жөніндегі электр монтері
Тармақ 166
166. Жоғарғы вольтті электр таратқыш желілерді биікте жөндеу жұмыстарымен айналысатын, электр таратқыш әуе желілерін жөндеу жөніндегі электр монтері.
Тарау 10. 10-Тарау. Түрпілеу өндірісі
10-Тарау. Түрпілеу өндірісі
Тармақ 167
167. Түрпілі бұйымдарға қорғасын құюмен айналысатын, түрпілі шеңберлерді баланстап құюшы
Тармақ 168
168. Түрпілеу өндірісінде кедергілік пешін ыстықтай бұзумен айналысатын бульдозер машинисі
Тармақ 169
169. Түрпілеу материалдарын балқытушы
Тармақ 170
170. Кремний карбидін балқытушы
Тармақ 171
171. Корунд цехында істейтін түрпілі материалдардың балқытушысы.
Тарау 11. 11-Тарау. Электротехника өндірісі
11-Тарау. Электротехника өндірісі
Тармақ 1. § 1. Слесарлық жинау және электротехникалық өндірістегі жалпы кәсіптер
§ 1. Слесарлық жинау және электротехникалық өндірістегі жалпы кәсіптер
Тармақ 172
172. Сынап тазартушы
Тармақ 173
173. Сынапты түзеткіштерін қалыпқа құюшы.
Тармақ 2. § 2. Электрлі көмір өндірісі
§ 2. Электрлі көмір өндірісі
Тармақ 174
174. Пеште балқытумен айналысатын жұмысшылар.
Тармақ 3. § 3. Кабель өндірісі
§ 3. Кабель өндірісі
Тармақ 175
175. Қорғасынды ыстықтай құю әдісімен айналысатын, кабельдерді қорғасынмен немесе алюминиймен престеуші
Тармақ 176
176. Тек қана қорғасын қабықтарды сыдырумен айналысатын, кабель бұйымдарының сыртқы қабатын сыдырушы.
Тармақ 4. § 4. Химиялық ток көздерін өндіру
§ 4. Химиялық ток көздерін өндіру
Тармақ 177
177. Қорғасын балқыма бұйымдарын құюшы
Тармақ 178
178. Құрғақ массаны (қорғасын аккумуляторлар үшін) айластырушы
Тармақ 179
179. Қорғасын балқымалар мен қорғасын түзетін қалдықтарды қорытушы
Тармақ 180
180. Қалыптағы қорғасын пластиндерді штампылап бөлумен айналысатын аккумуляторлық пластиндерді бөлшектеуші.
Тарау 12. 12-Тарау. Химия өндірісі
12-Тарау. Химия өндірісі
Тармақ 181
181. Қауіптілігі 1-2 сыныпты химиялық заттарды пайдалануға байланысты бала туатын жастағы әйелдерге тыйым салынатын жұмыстардың бәрі.
Тармақ 1. § 1. Химия өндірісінің жалпы мамандықтары
§ 1. Химия өндірісінің жалпы мамандықтары
Тармақ 182
182. Балқытуда және бабымен пісіруде істейтін балқыту аппаратшысы
Тармақ 183
183. Каучукты көлденең қысыммен сүргілеумен айналысатын еселеп булаушы
Тармақ 2. § 2. Сары және қызыл фосфор өндірісі және олардың қосындылары
§ 2. Сары және қызыл фосфор өндірісі және олардың қосындылары
Тармақ 184
184. Шахталы саңлаулы пештерде, күйдіргіш және агломерациялық пештерге, фосфорды электрмен айдау бөлімшелерінде ұсақтарды қырлау қондырғыларына қызмет көрсетумен, фосфор ыдыстарды толтырумен, қоймалардағы фосфор, тұнбаларының ыдыстарына қызмет көрсетумен, қоймалжың қалдықтарды тазартумен және отқа жанатын сұйық қалдықтарды қайта өңдеумен тікелей айналысатын, жұмысшылар, басшылар мен мамандар.
Тармақ 3. § 3. Үш хлорлы фосфор және бес күкіртті фосфор өндірісі
§ 3. Үш хлорлы фосфор және бес күкіртті фосфор өндірісі
Тармақ 185
185. Негізгі өндірістегі технологиялық процесте істейтін жұмысшылар, басшылар мен мамандар.
Тармақ 4. § 4. Лак-сыр өндірісі
§ 4. Лак-сыр өндірісі
Тармақ 5. § 5. Қорғасын глет пен жоса, қорғасынды крон, ақ сыр, қорғасын көкшілі және жасыл бояу өндірісі
§ 5. Қорғасын глет пен жоса, қорғасынды крон, ақ сыр, қорғасын көкшілі және жасыл бояу өндірісі
Тармақ 186
186. Негізгі технологиялық процесте істейтін жұмысшылар, басшылар мен мамандар.
Тарау 13. 13-Тарау. Резинаны қайта өңдеу
13-Тарау. Резинаны қайта өңдеу
Тармақ 1. § 1. Резина қоспалары мен оларды қайта өңдеу өндірісінің жалпы мамандықтары
§ 1. Резина қоспалары мен оларды қайта өңдеу өндірісінің жалпы мамандықтары
Тармақ 187
187. Ұзындығы 6 метрден астам қазандарда бұйымдарды тиеп-түсірумен, ескек біліктерін вулканизациялаумен айналысатын вулканизаторшы
Тармақ 188
188. Резина араластырғыш
Тармақ 189
189. Салқын вулканизация, радол мен фактис шығару бөлімшелерінде істейтін жұмысшылар
Тармақ 190
190. Ірі габаритті резина бөлшектер мен бұйымдар дайындауда және жөндеуде, арматура бөлшектерді вулканизациялауда (ірі қақпақтар, резина отын бактер, резервуарлар, транспортер ленталары және т.б.) істейтін резина бұйымдарды жөндеуші.
Тармақ 2. § 2. Шина өндіру, қалпына келтіру және жөндеу
§ 2. Шина өндіру, қалпына келтіру және жөндеу
Тармақ 191
191. Вулканизаторшы
Тармақ 192
192. Покрышкаларды (ауыр жүкті) жинаушы.
Тарау 14. 14-Тарау. Мұнайды, газды, сланецті және көмірді қайта өңдеу, синтетикалық мұнай өнімдерін, мұнай майларын өндіру
14-Тарау. Мұнайды, газды, сланецті және көмірді қайта өңдеу, синтетикалық мұнай өнімдерін, мұнай майларын өндіру
Тармақ 193
193. Кокс түсіруші
Тармақ 194
194. Кокс тазалаушы
Тармақ 195
195. Хош иісті көмір сутегі өндірісінің экстракт цехтары мен бөлімшелерінде істейтін жұмысшылар
Тармақ 196
196. Күкірт түзетін мұнай газын тазарту кезінде мышьяк ерітінділерін дайындаумен айналысатын жұмысшылар
Тармақ 197
197. Бензинді этилдейтін технологиялық қондырғылармен айналысатын жұмысшылар, басшылар мен мамандар.
Тарау 15. 15-Тарау. Целлюлоза, қағаз, картон және олардан бұйым жасау өндірісі
15-Тарау. Целлюлоза, қағаз, картон және олардан бұйым жасау өндірісі
Тармақ 198
198. Коррозияға қарсы және ингибитор қағаздары өндірісімен айналысатын сорғызу аппаратшысы
Тармақ 199
199. Хлор ерітумен айналысатын, химиялық ерітінділер дайындау аппаратшысы
Тармақ 200
200. Целлюлоза қайнатушы
Тармақ 201
201. Талшық шикізатын қайнатушы
Тармақ 202
202. Ағаш булаушы
Тармақ 203
203. Колчедан ұнтақтаушы
Тармақ 204
204. Сульфат тиеуші
Тармақ 205
205. Колчедан, күкірт пештерді тері мен турм тиеуші
Тармақ 206
206. Дефибрерге баланстарды (қабығы аршылған материал) тиеуші
Тармақ 207
207. Қышқылдаушы
Тармақ 208
208. Миксовщик
Тармақ 209
209. Қышқылды резервуарларды кірпішпен айналдыра қалаушы
Тармақ 210
210. Фибрлерді кесуші
Тармақ 211
211. Коррозияға қарсы және ингибитирленген қағаз өндірісінде істейтін қағаз және қағаз бұйымдарына дымқыл сіңіруші
Тармақ 212
212. Күкірт қышқылын қалпына келтіруші
Тармақ 213
213. Содовщик
Тармақ 214
214. Сульфитті целлюлоза және күкірт қышқылы өндірісінде істейтін жөндеуші-слесарь, жөндеу жөніндегі электромонтері, электр жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі электромонтері, майлаушы, өндірістік орындарда еден жуушы
Тармақ 215
215. Минутына 400 метр және одан да астам жылдамдықта жұмыс істейтін, жылдам жүретін қағаз жасайтын және картон жасайтын машиналармен айналысатын, қағаз жасаушы (картон жасаушы) машиналардың құрғатушысы
Тармақ 216
216. Хлоршы.
Тарау 16. 16-Тарау. Цемент өндірісі
16-Тарау. Цемент өндірісі
Тармақ 217
217. Қоймалжың тұнбалар бассейндері мен қойыртпақтарды тазалайтын жұмысшылар.
Тарау 17. 17-Тарау. Тас өңдеу және тастан құйылатын бұйымдар өндірісі
17-Тарау. Тас өңдеу және тастан құйылатын бұйымдар өндірісі
Тармақ 218
218. Тастан құйылатын бұйымдарды құюшы
Тармақ 219
219. Тас қашаушы
Тармақ 220
220. Тас қайнатушы
Тармақ 221
221. Диабаз қиыршық тастарын тартып ұнтақ жасайтын диірмен машинисі
Тармақ 222
222. Тас өңдейтін жабдықтарды реттеуші
Тармақ 223
223. Фрезамен тас өңдеуші.
Тарау 18. 18-Тарау. Темір-бетон және бетон бұйымдары мен құрылғылар өндірісі
18-Тарау. Темір-бетон және бетон бұйымдары мен құрылғылар өндірісі
Тармақ 224
224. Бетон және темір-бетон бұйымдарын кесуші.
Тарау 19. 19-Тарау. Жылу сақтағыш материалдар өндірісі
19-Тарау. Жылу сақтағыш материалдар өндірісі
Тармақ 225
225. Битумшы
Тармақ 226
226. Ваграншы.
Тарау 20. 20-Тарау. Жұмсақ жабындылар мен су өткізбейтін материалдар өндірісі
20-Тарау. Жұмсақ жабындылар мен су өткізбейтін материалдар өндірісі
Тармақ 227
227. Қайнатқыш қазандарды толтырушы.
Тарау 21. 21-Тарау. Тоқыма және жеңіл өнеркәсіп
21-Тарау. Тоқыма және жеңіл өнеркәсіп
Тармақ 1. § 1.Тоқыма өндірісінің жалпы мамандықтары
§ 1.Тоқыма өндірісінің жалпы мамандықтары
Тармақ 228
228. Біліктерді механикаландырмай көтеріп-түсірумен айналысатын шихталандыру жабдықтарының операторы
Тармақ 229
229. Канализация орлары мен құдықтарын тазартумен айналысатын апат зардаптарын қалпына келтіру жұмыстарының слесары
Тармақ 230
230. Түту аппараттарын тазартып-қайраушы.
Тармақ 2. § 2. Мақтаны алғашқы өңдеу
§ 2. Мақтаны алғашқы өңдеу
Тармақ 231
231. Шикізатты және талшықты престеуші.
Тармақ 3. § 3. Зығыр және кендір-талшық өндірісі
§ 3. Зығыр және кендір-талшық өндірісі
Тармақ 232
232. Талшық дайындаушы.
Тармақ 4. § 4. Жүн өндірісі
§ 4. Жүн өндірісі
Тармақ 233
233. Шұға өндірісіндегі тоқыма цехында істейтін шебер
Тармақ 234
234. Техникалық шұға жуумен айналысатын жұмысшы.
Тармақ 5. § 5. Киіз басу өндірісі
§ 5. Киіз басу өндірісі
Тармақ 235
235. Қалың киіздер дайындаумен айналысатын киіз басушы;
Тармақ 236
236. Қол жұмыстарымен айналысатын аяқ киім саптаушы;
Тармақ 237
237. Қол жұмыстарымен айналысатын аяқ киімдерді қалыптан шығарушы.
Тарау 22. 22-Тарау. Тамақ өнеркәсібі
22-Тарау. Тамақ өнеркәсібі
Тармақ 1. § 1. Тамақ өнімдері өндірісінің жалпы мамандықтары
§ 1. Тамақ өнімдері өндірісінің жалпы мамандықтары
Тармақ 238
238. Қолмен тиеуде мерзімімен іске қосылатын диффузорларға қызмет көрсететін кіріктіргіш аппаратшысы
Тармақ 239
239. Су айдындарда мұз дайындаумен және оны бунтқа салумен айналысатын мұз дайындаушы
Тармақ 240
240. Сүйек желімін дайындаушы
Тармақ 241
241. Сепараторларды қолмен бұзып-таратумен айналысатын, тазарту машинасының машинисі
Тармақ 242
242. Гофронді-ыдыс өндірісінің қалдықтарын тайлаумен айналысатын жұмысшылар.
Тармақ 2. § 2. Ет өнімдері өндірісі
§ 2. Ет өнімдері өндірісі
Тармақ 243
243. Мал соятындардың айналысатын жұмыстары:
Тармақша 1
1) ірі қара малмен ұсақ мүйізді малдарды және шошқаларды естен тандыра құлату, шыншырға ілу, қанын сорғызу;
Тармақша 2
2) мүйізді ірі қараны сұрыптап қолмен терісін сыдыру, сұраптау;
Тармақша 3
3) тушаны бөлшектеп кесу;
Тармақша 4
4) шошқаның тушасы мен басын үйту;
Тармақша 5
5) мүйізді ірі қара малдың тушасын көлденең әдіспен өңдеу операцияларымен айналысатын мал жығушы қасапшы;
Тармақша 6
6) терілерді шелдеуші;
Тармақша 7
7) терілерді өңдеуші.
Тарау 23. 23-Тарау. Темір жол көлігі және метрополитен
23-Тарау. Темір жол көлігі және метрополитен
Тармақ 244
244. Дизельді поезд, тепловоз, электропоезд машинистері
Тармақ 245
245. Кең табанды темір жол желілерінде жұмыс істейтін мотовоз машинисі, мотовоз машинисінің көмекшісі
Тармақ 246
246. Қол арба жүргізушісі, қоларба жүргізушісінің көмекшісі
Тармақ 247
247. Дизельді поезд, тепловоз, электропоезд машинистерінің көмекшісі
Тармақ 248
248. Поездарды құрастырушы, поездарды құрастырушының көмекшісі
Тармақ 249
249. Электрлендірілген темір жолдарда биікте жұмыс істейтін түйісу желілерінің электр монтері.
Тарау 24. 24-Тарау. Өзен көлігі
24-Тарау. Өзен көлігі
Тармақ 250
250. Жүкші, докер-механизатор (тұрақты краншы, порт ішіндегі көлік жүргізушісі болып жұмыс істейтін докер-механизатордан және қауіптілігі 1 және 2 сыныпқа жататын заттарды қоспағанда жүктерді қайта өңдеумен үздіксіз айналысатын машиналар мен тетіктерге қызмет көрсететін жұмысшылардан басқа)
Тармақ 251
251. Қатты отынмен жұмыс істейтін кемелердің от жағушысы
Тармақ 252
252. Жолаушы, жүк-жолаушы кемелерінің, топырақ сорғыш земснарядтардың және өзен-теңізде қатар жүзетін кемелердің барлық атаудағы матростары (су асты қанаты бар кемелерін, сондай-ақ қала ішінде және қала маңындағы бағыттарда жұмыс істейтін кемелерден басқа)
Тармақ 253
253. Жүзгіш кранда жұмыс істейтін кран машинисі (краншы).
Тарау 25. 25-Тарау. Полиграфия өндірісі
25-Тарау. Полиграфия өндірісі
Тармақ 1. § 1. Қорғасын балқымаларын пайдалануға байланысты жұмыстар
§ 1. Қорғасын балқымаларын пайдалануға байланысты жұмыстар
Тармақ 254
254. Таптауырын, қаріп теру және ашық жер материалдарын құю учаскелерінде істейтін полиграфия жабдықтарын реттеуші
Тармақ 255
255. Құюшы
Тармақ 256
256. Құю операцияларында және таптауырындарды бөлуде істейтін жұмысшылар
Тармақ 257
257. Таптауырыншы.
Тармақ 2. § 2. Ойық басылымдар цехтары
§ 2. Ойық басылымдар цехтары
Тармақ 258
258. Ойық басылымның баспа бөлімшесінде жұмыс істейтін жұмысшылар (дайын өнімдерді қабылдау мен ораудан басқа)
Тармақ 259
259. Ойық басылым қалыптарын өрнектеуші.
Тарау 26. 26-Тарау. Экономиканың барлық салаларына ортақ жұмысшы мамандықтары
26-Тарау. Экономиканың барлық салаларына ортақ жұмысшы мамандықтары
Тармақ 260
260. Антеннашы-діңгекші
Тармақ 261
261. Битум қайнатушы
Тармақ 262
262. Аэрошана жүргізуші
Тармақ 263
263. Су астындағы жұмыс маманы
Тармақ 264
264. Газдан құтқарушы
Тармақ 265
265. Өрт десантнигі, өрт парашютшісі
Тармақ 266
266. Ашық сынапты қолмен мөлшерлеп бөлуші
Тармақ 267
267. Қол жұмысымен айналысатын ағаш жарушы
Тармақ 268
268. Ыстық қазандарды жөндеумен айналысатын қазаншы
Тармақ 279
279. Қазан тазалаушы
Тармақ 270
270. Қолмен қорғасын, сыр әзірлеумен айналысушы сыр езуші
Тармақ 271
271. Қорғасын, хош иісті және хлорлы көміртегі түзетін лак-сыр материалдарын қолданып ыдыстардың ішін сырлаумен, сондай-ақ жабық камераларда бүріккіштермен осы лак-сыр материалдарын қолданып ірі габаритті бұйымдарды сырлаумен айналысатын сыршы
Тармақ 272
272. Теңізде жұмыс істейтін кран машинисі (краншы)
Тармақ 273
273. Қолмен атқарылатын кезде бумен және сумен жылытылатын қазандарға қызмет көрсетумен айналысатын қазандық машинисі (от жағушы)
Тармақ 274
274. Жүзбелі крандар машинисі командасының қызметкерлері
Тармақ 275
275. Мыналармен айналысатын жұмысшылар:
Тармақша 1
1) ашық түрдегі металл сынаптармен (жұмыс орнында тиімді ауа жаңартқышпен қамтамасыз етілген қондырғылар мен жартылай автоматтарда істейтіндерден басқа);
Тармақша 2
2) күкіртті мұнай, оның қайта өңделетін өнімдері мен күкірт түзетін мұнайлы газдың ыдыстарын (резервуарлар, өлшеуіштер, цистерналар, барждар ж.б.) тазартумен;
Тармақша 3
3) тікелей өрт сөндіруге байланысты жұмыстармен;
Тармақша 4
4) кеме және темір жол цистерналарында, сұйық отынды кеме танкерінде және мұнай құятын кемелерде, коффердамдарда, фор және ахтер пиктерде, тіркемелі жәшіктерде, түптердің арасындағы және борттардың арасындағы кеңістіктерде және басқа өтуі қыйын орындарда тазалау, қож шығару және сырлау жұмыстарымен;
Тармақша 5
5) бензиннің этилді сұйық қоспасын жасаумен;
Тармақша 6
6) сыныпты түзеткішті тазалаумен түйісетін желілерді жөндеу кезінде, сондай-ақ 10 метр биіктіктен жоғарыда әуе жүйесін құрастыру жөндеу жұмыстары кезінде;
Тармақша 7
7) жүзбелі құралдарға, кемедегі такелаждық (жабдықтар жинағы) жұмыстарды орындаумен қатар топырақ снарядтарына қызмет көрсетумен
Тармақ 276
276. Канализация желілерін тазарту жөніндегі жұмыстармен айналысатын апаттық-қалпына келтіру жұмыстарының слесары
Тармақ 277
277. Көпір слесары
Тармақ 278
278. Жабдықтарды құрастырумен және таратумен айналысатын такелажшы
Тармақ 279
279. Тазалаушы.