Об утверждении Списка производств, профессий на тяжелых физических работах и работах с вредными (особо вредными), опасными (особо опасными) условиями труда, на которых запрещается применение труда лиц, не достигших восемнадцати лет Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жасы он сегізге толмаған адамдардың еңбегін қолдануға тыйым салынатын ауыр қол еңбегі жұмыстары мен еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті (ерекше қауіпті) жұмыстардағы өндірістердің, кәсіптердің тізімін бекіту туралы "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жасы он сегізге толмаған адамдардың еңбегін пайдалануға тыйым салынатын ауыр қол еңбегі жұмыстары мен еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті (ерекше қауіпті) жұмыстардағы өндірістердің, кәсіптердің тізімі бекітілсін.
Тармақ 2
2. "Жасы он сегізге толмаған адамдардың еңбегін қолдануға тыйым салынатын еңбек жағдайлары ауыр, зиянды және қауіпті өндірістердің, кәсіптер мен жұмыстардың тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2000 жылғы 11 наурыздағы N 71-ө бұйрығының (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1110 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді . "Келісілді" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Вице-министрі 2005 жылғы 15 ақпан
Басқа 0. Жасы он сегізге толмаған адамдардың еңбегін пайдалануға тыйым салынатын ауыр қол еңбегі жұмыстары мен еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті (ерекше қауіпті) жұмыстардағы өндірістердің, кәсіптердің тізімі
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 15 ақпандағы N 45-ө бұйрығымен бекітілген Жасы он сегізге толмаған адамдардың еңбегін пайдалануға тыйым салынатын ауыр қол еңбегі жұмыстары мен еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті (ерекше қауіпті) жұмыстардағы өндірістердің, кәсіптердің тізімі
Тарау 1. 1-тарау. Өндірістер және жұмыстардың түрлері
1-тарау. Өндірістер және жұмыстардың түрлері
Тармақ 1
1. Атом электростансалары
Тармақ 2
2. Геологиялық барлау, топографиялық-геодезиялық жұмыстар
Тармақ 3
3. Тау-кен шикізатын өндіру және байыту
Тармақ 4
4. Құрылыс және кенсіз материалдарды өндіру және байыту
Тармақ 5
5. Скважиналарды бұрғылау; мұнай және газ шығару
Тармақ 6
6. Коксохимиялық өндіріс
Тармақ 7
7. Ағаш дайындау жұмыстары, ағаш ағызу және ағаштан шырын алу
Тармақ 8
8. Металлургия өндірісі (қара және түсті металлургия)
Тармақ 9
9. Металл өңдеу, оның ішінде: (дәнекерлеу, ұста-пресс және термиялық жұмыстары, металмен жалату және сырлау, қаңылтыр банке және туб өндірісі)
Тармақ 10
10. Химиялық мұнай өндірісі
Тармақ 11
11. Химиялық шикізатты байыту, агломераттау, брикеттеу
Тармақ 12
12. Тастан жасалған бұйымдар және тасты өңдеу өндірісі
Тармақ 13
13. Бактериялық және вирустық препараттар өндіру кәсіпорындары
Тармақ 14
14. Асбест өндірісі
Тармақ 15
15. Асбест цемент бұйымдарының өндірісі
Тармақ 16
16. Еріткіштер өндірісі
Тармақ 17
17. Цемент өндірісі
Тармақ 18
18. Темір-бетон және бетон бұйымдары мен конструкциялар өндірісі
Тармақ 19
19. Отқа төзімді кен тазалаушы
Тармақ 20
20. Қабырғалық және тоқымалы материалдар өндірісі
Тармақ 21
21. Жылу изоляциялау материалдарының өндірісі
Тармақ 22
22. Асфальт мастикасын және плиткасын шығаратын өндірісі
Тармақ 23
23. Жұмсақ шатыр және гидроизоляциялық материалдар шығаратын өндіріс
Тармақ 24
24. Целлюлоза, қағаз, қатырма және олардың бұйым жасау өндірісі
Тармақ 25
25. Шахталарды, разрездерді, метрополитендер мен тонелльдерді салу
Тармақ 26
26. Құрылыс, монтаж және жөндеу - құрылыс жұмыстары
Тармақ 27
27. Тамақ өнеркәсібі, оның ішінде: шарап, спирт және ликер-арақ өнімдері, сыра және алкогольсіз сусындар өндірісі, темекі және ферментация өндірісі, ас тұзын өндіру
Тармақ 28
28. Жылу желілері
Тармақ 29
29. Көлік, оның ішінде: темір жол көлігі және метрополитен, теңіз флоты, өзен флоты, жолаушы тасымалдайтын авиация, автомобиль және қалалық электрокөлігі
Тармақ 30
30. Электроэнергетика (энергетикалық шаруашылық)
Тармақ 31
31. Химия өндірістері
Тармақ 32
32. Фармацевтикалық өндірістер
Тармақ 33
33. Балық өндіру
Тарау 2. 2-тарау. Жалпы мамандықтар және жұмыстардың түрлері
2-тарау. Жалпы мамандықтар және жұмыстардың түрлері
Тармақ 34
34. Автоклавшы
Тармақ 35
35. Қорғасын аккумуляторларын жөндеумен және зарядтаумен айналысатын аккумоляторшы
Тармақ 36
36. Антикоррозияшы
Тармақ 37
37. Химиялық ерітінділерді дайындайтын аппаратшы
Тармақ 38
38. Хлорлау аппаратшысы
Тармақ 39
39. Бункерші
Тармақ 40
40. Битум қайнатушы
Тармақ 41
41. Сүңгуір (водолаз)
Тармақ 42
42. Автомобиль жүргізушісі
Тармақ 43
43. Газшы
Тармақ 44
44. Газ генераторшысы
Тармақ 45
45. Газ құтқарушысы
Тармақ 46
46. Ацетилен қондырғысының генераторшысы
Тармақ 47
47. Металл бұйымдарының гумершісі
Тармақ 48
48. Дегазаторшы
Тармақ 49
49. Рентген-гамма графирлеу деффектоскописі
Тармақ 50
50. Өлшеуші (дозиметрші)
Тармақ 51
51. Жанар және жағар майларды құюшы
Тармақ 52
52. От сөндіргіштерге заряд беруші
Тармақ 53
53. Баллондарды сынаушы
Тармақ 54
54. Технологиялық және өндіріс пештерінің қазандары мен пештеріне қызмет көрсетумен айналысатын, қолмен тиеп құрғақ отынмен жұмыс істейтін от жағушы, кочегар
Тармақ 55
55. Өндіріс пештері мен қазандарын ыстықтай жөндеумен айналысатын өнеркәсіп пештерінің, қазандарының және агрегаттарының тас қалаушы-пешші
Тармақ 56
56. Адам ағзасына күшті әсер ететін заттарды тексеру, зерттеу және сынаумен айналысатын химиялық анализ лаборанты
Тармақ 57
57. Пластмасс құюшы
Тармақ 58
58. Вагондарды төнкеретін машинасының машинисі
Тармақ 59
59. Вагонды итеретін машинаның машинисі
Тармақ 60
60. Вентиляциялық және аспирациялық қондырғыларының машинисі
Тармақ 61
61. Ауа бөлуші қондырғыларының машинисі
Тармақ 62
62. Газ үрлеу машиналарының машинисі
Тармақ 63
63. Газ генератор стансасының машинисі
Тармақ 64
64. Іштен жану двигательдерінің машинисі
Тармақ 65
65. Түтін сорғыштың машинисі
Тармақ 66
66. Компрессор қондырғыларының машинисі
Тармақ 67
67. Кран машинисі (краншы)
Тармақ 68
68. Көтергіш машинисі
Тармақ 69
69. Скрепер машинисі (скреперші)
Тармақ 70
70. Тоңазытқыш қондырғыларының машинисі
Тармақ 71
71. Экскавотор машинисі
Тармақ 72
72. Улы заттармен, канализация сұйықтарымен ластанған арнаулы киімдерді жөндеумен, тазалаумен және жуумен айналысатын арнаулы киім жуу, сондай-ақ арнаулы кір жуатын машинист
Тармақ 73
73. Мұнай өнімдері және химикаттардан босаған ыдыстарды жуумен, бөлшектерді, тораптар мен моторларды жуумен, этилденген бензинмен жұмыс істейтін, ассенизациялық машиналарды жуумен, сондай-ақ ыдыс аяқты дизинфекциялаумен айналысатын жуушы
Тармақ 74
74. Жоғары вольтты электр двигательдеріне қызмет көрсетумен айналысатын электр двигатель моторшысы
Тармақ 75
75. Баллондарға сығымдалған газ және сұйық хлор толтырумен айналысатын баллон толтырушы
Тармақ 76
76. Су құбыры-канализация жүйесінің жер асты камералары мен тоннельдеріне қызмет көрсетумен айналысатын қараушы
Тармақ 77
77. Пештерді, қазандықтарды, ожауларды және басқа жабдықтарды жөндеумен айналысатын отқа төтеп беруші
Тармақ 78
78. Сынап дәнекерін әзірлеумен және осы дәнекермен дәнекрлеуші
Тармақ 79
79. Қорғасынды, бериллийді және олардың қорытпаларының балқыту және өңдеу учаскелерінде, сондай-ақ зияндылығы I, II, III сыныпты химиялық заттар ашық түрде қолданылатын; зиянды және улы жүктерді өңдеу кезінде көліктің барлық түрінде ыстық металды таратып құю және прокаттаумен тікелей айналасатын қосалқы жұмысшы (транспорттық)
Тармақ 80
80. Престеуші
Тармақ 81
81. Пластмасс бұйымдарын престеуші
Тармақ 82
82. Баллон қабылдап алушы
Тармақ 83
83. Шарап, спирт және ликер-арақ өнімдерін және сыра сатумен, және сақтаумен айналысатын қызметкерлер
Тармақ 84
84. Қопарылғыш зиянды заттарды әзерлеумен, сақтаумен, тасымалдаумен және пайдаланумен байланысты өндірістер мен жұмыстарда істейтін жұмысшылар
Тармақ 85
85. Ашық сынапты қолданумен байланысты барлық жұмыс түрлеріндегі жұмысшылар
Тармақ 86
86. Пневматикалық құралдар қолданылатын барлық жұмыстардағы жұмысшылар
Тармақ 87
87. Сүңгуір (водолаз) және су асты жұмыстарына қызмет көрсетуші жұмысшылар
Тармақ 88
88. Қару-жарақты ату және атып көруімен айналасатын жұмысшылар
Тармақ 89
89. Улы химикаттарды тасымалдаумен, әзірлеумен және қолданумен байланысты жұмыстармен айналысатын жұмысшылар
Тармақ 90
90. Тазалау және жуынды-шайынды шұңқырларынан қоқыстарды қолмен шығару; өнеркәсіптік канализация жүйесі мен ұстағыштары тазалаумен айналысатын жұмысшылар
Тармақ 91
91. Этил сұйығы қолданылатын жұмыстармен айналысатын жұмысшылар
Тармақ 92
92. Жанар-жағар және қопарылғыш материалдар, улы заттар, қышқылдар мен сілтілер, хлор және хлорлы известь сақталатын арнаулы қоймаларға қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшылар
Тармақ 93
93. Биіктікте жұмыс істейтін жұмысшылар
Тармақ 94
94. Бокстарда, инсектарийлерде, виварийлерде тікелей жұмыс істейтін жұмысшылар
Тармақ 95
95. Локомотивтерді және моторлы вагон поездарын зауыттық жүру сынағымен тікелей айналысатын жұмысшылар
Тармақ 96
96. Ыстық плита, кондитер пештері және электроқуыру шкафтарының тікелей жанында жұмыс істейтін жұмысшылар
Тармақ 97
97. Істен шыққан май регенераторшысы
Тармақ 98
98. Шиналарды құрастыру және бөлшектеумен; автомобильдерді жөндеумен; ассенизациялық жүктер, шіріген калдықтар және улы химикаттар тасымалдаумен; этилденген бензинмен жұмыс істейтін автомобильдерді жөндеумен айналысатын слесарьлер
Тармақ 99
99. Жер асты газ құбырларын пайдалану және жөндеу слесарлері
Тармақ 100
100. Авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының слесары
Тармақ 101
101. Канализация желілерінің жұмыстарымен айналысатын слесарь
Тармақ 102
102. Фреонды және аммиакты компрессорлар мен тоңазатқыш қондырғыларын сынаумен және жөндеумен айналысатын слесарь-жөндеуші
Тармақ 103
103. Этилденген бензинмен жұмыс істейтін моторсынау стансаларында технологиялық жабдықтарды, жер асты камераларында тоннельдер мен кеме ішінде; металлургиялық және химиялық өндірісте, цехтарда және өндіріс учаскелерінде; пластмасса бұйымдары өндірісінде, арнаулы жуу орындарында; ыстық жұмыс учаскелерінде; канализация құрылыстарында жөндеумен айналысатын слесарь-жөндеушілер
Тармақ 104
104. Стропальші
Тармақ 105
105. Такелажшы
Тармақ 106
106. Вагон аударғышты, қазандарды, танктерді, цистерналарды, бөшкелерді, мұнай құю кемелерін және басқа май, гракс, мұнай және химия өнімдері сыйымдылықтарын тазалаумен айналысатын тазалаушылар
Тармақ 107
107. Құбыр тазалаушы (трубочист)
Тармақ 108
108. Пештер мен газ қалдықтарын және желдеткіш қондырғыларын тазалаушы
Тармақ 109
109. Абразивті шеңберлерді қолданып, құрғақ әдісімен жұмыс істейтін жылтыратушылар
Тармақ 110
110. Электродшы
Тармақ 111
111. Лифтілерді жөндеу және техникалық қызмет көрсетумен айналысатын лифт электромеханиктері.