Об утверждении дополнительного перечня видов заболеваний и отдельных категорий населения, при амбулаторном лечении которых лекарственные средства и специализированные продукты детского и лечебного питания отпускаются по рецептам бесплатно Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік заттар мен балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық-түлік тегін босатылатын науқастар түрлерінің және тұрғындардың жекелеген санаттарының тізбесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 2-тармағына, «Казақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Казакстан Республикасы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 мамырдағы № 674 «Тұрғындардың жекелеген санаттарын науқастарың түрлері бойынша дәрі-дәрмекпен жэне балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық-түлікпен камтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 891 "Амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік заттар мен балаларға арналған жэне шипалы тағамдық арнаулы азык- түлік тегін босатылатын науқастар түрлерінің жэне тұрғындардың жекелеген санаттарының тізбесін бекіту туралы" бұйрығына (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3319) сәйкес ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік заттар мен балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық-түлік тегін босатылатын науқастар түрлерінің және тұрғындардың жекелеген санаттарының қосымша тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қостанай облысы әкімінің 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 1 «Препараттардың, ауру түрлерінің қосымша тізбесін бекіту және тұрғындардың жекелеген санаттарына дәрі-дәрмектер босату нормаларын ұлғайту туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі № 1988, «Қостанай таңы» № 10, 2003 жылдың 20 каңтары), 2003 жылғы 8 кыркүйектегі № 35 «Қостанай облысы әкімінің 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 1 «Препараттардың, ауру түрлерінің қосымша тізбесін бекіту және тұрғындардың жекелеген санаттарына дәрі-дәрмектер босату нормаларын үлғайту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі № 2491, «Костанайские новости» № 146 2003 жылдың 1 қазаны, «Қостанай таңы» № 115, 2003 жылдың 8 қазаны) шешімдерінің күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 3
3. Қостанай облысы әкімінің 2004 жылғы 29 сәуірдегі № 23 «Препараттардың, ауру түрлерінің қосымша тізбесін бекіту және тұрғындардың жекелеген санаттарына дәрі-дәрмектер босату нормаларын ұлғайту туралы» шешімі жойылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің орынбасары Г.Қ. Құсайыноваға жүктелсін.
Басқа 5. Амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік заттар мен балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық-түлік тегін босатылатын науқастар түрлерінің және тұрғындардың жекелеген санаттарының ҚОСЫМША ТІЗБЕСІ
Әкімнің 2005 жылғы 2 ақпандағы № 4 шешіміне қосымша Амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік заттар мен балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық-түлік тегін босатылатын науқастар түрлерінің және тұрғындардың жекелеген санаттарының ҚОСЫМША ТІЗБЕСІ № Науқастар түрлері және тұрғындар санаттары Босатылатын препараттардың тізбесі 1 Онкологиялық аурулар Кеторолак, 1 миллилитр ампулада инъекңия үшін ерітінді Лорноксикам, 4 миллиграмм, 8 миллиграмм таблетка 2 Гепатоцеребральды дистрофия (Коновалов- Вильсон ауруы) Пеницилламин, 250 миллиграмм таблетка 3 Психикалық аурулар Клозапин, 25 миллиграмм таблетка Левомепромазин, 25 миллиграмм таблетка Тригексифенидил, 2 миллиграмм таблетка Рисперидон, 25 миллиграмм сауыттарда инъекция үшін суспензия дайындау үшін үнтақ Рисперидон, 25 миллиграмм сауыттарда 1 миллиграмм/мл оральды ерітінді 4 Бронх демікпесі Фенотерол, аэрозоль 100 микрограмм/доза 200 доза Триамцинолон, 4 миллиграмм таблетка Преднизолон, 5 миллиграмм таблетка Салметерол, 25 микрограмм /доз аэрозоль Флутиказон, 125 микрограмм/доза Ипратропия бромид, фенотерол 200 доза, аэрозоль Салметерол+Флутиказон 25/50 микрограмм, 25/250 микрограмм 5 Паркинсон ауруы Леводопа+Бенсеразид, 125 миллиграмм таблетка 6 Балалар церебральды сал ауруы Баклофен, 25 миллиграмм таблетка Церебролизин, 5 миллилитр инъекциялар үшін ерітінді 7 Миастения Пиридостигмина бромид, 60 миллиграмм таблетка 8 Аплазиялық анемия Циклоспорин, 50 миллиграмм таблетка, 100 миллиграмм 9 Шегрен ауруы Триамцинолон, 4 миллиграмм таблетка 10 Мерез Бензатин бензилпенициллин, 2400000 Қызмет Бірлігі сауыттагы инъекциялар үшін ұнтақ 11 Кантты диабет Гликвидон, 30 миллиграмм таблетка Қанда глюкозаны өлшеу үшін комплектімен жүйе Қандағы глюкозаны анықтау үшін тест-жолақтар Зәрдегі глюкозаны анықтау үшін тест жолақтар Шприц-қаламдар үшін инелер 12 Жайылма склероз Циклоферон, инъекциялар үшін ерітінді 2 миллилитр 13 Жүрекке операция жасағаннан кейінгі жағдай Варфарин, 2,5 миллиграмм таблетка 14 Миокард инфаркті Бисопролол, 5 миллиграмм таблетка 15 1 ден 5 жасқа дейінгі балалар аурулары Амброксол 7,5 миллиграмм/миллилитр, ерітіндісі Амоксициллин 125 миллиграмм/5миллилитр Парацетамол оральды суспензиясы Эргокальциферол майлы ерітіндісі