Об утверждении правил о порядке и условиях финансирования общественных работ Қолданыста
Басқа 0
Коғамдық жұмыстарды каржыландырудың шарттары мен тәртіптері турасындағы кағиданы бекіту туралы
Қазақстан Республикасы «Халықты жұмыспен камту туралы» Заңының 20 бабы 5 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген
қоғамдық жұмыстарды каржыландыру мен ұйымдастыру
Қағидасына сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың шарттары мен тәртіптері туралы Қағида бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. «Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (И.А.Григорьева) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде осы қаулыны басшылыққа алсын.
Тармақ 3
3. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Х. Испергеновке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Әкімдік қаулысы Қостанай облысы әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап күшіне енеді.
Басқа 5. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың шарттары мен тәртіптері туралы Қағида
Әкімдіктің
2005 жылғы 28 қаңтардағы
№ 46 қаулысымен
бекітілген қосымша
Қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың шарттары мен тәртіптері туралы Қағида
Қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың шарттары мен тәртіптері туралы осы Қағида (әрі қарай – Қағида) Қазақстан Республикасы Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру мен ұйымдастыру Қағидасына сәйкес жасалады.
Тарау 1. 1. Жалпы қағидалар
1. Жалпы қағидалар
Тармақ 1
1. Осы Қағида ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру үшін уақытша жұмыс орынын беретін ұйымдар үшін ұйымдарымен есеп айырылысудың негізгі шарттары мен жүйесін реттейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидада пайдаланылған негізгі түсініктер:
Тармақша 1
1) қоғамдық жұмыстар – уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органның жіберуі бойынша алдын ала даярлықты қажет етпейтін әлеуметтік пайдасы бар жергілікті орган ұйымдастырған қызмет түрі;
Тармақша 2
2) жергілікті атқарушы орган – әкімдік, аудан аумағында жергілікті мемлекеттік басқаруды өз құзыреті шегінде басқаратын аудан әкімі жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) мақсатты топтар - «Жұмыспен қамту туралы» Заңмен белгіленгендей әлеуметтік қорғауды қажет ететін және жұмысқа орналасуда қиыншылық көріп жүрген адамдар тобы.
Тармақ 2
Тарау 2. 2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртіптері
2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртіптері
Тармақ 3
3. «Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қоғамдық жұмыстарды орындауға қызмет көрсету жөнінде жұмыс берушілермен шарт жасасады.
Тармақ 4
4. Қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыс орынын кұру жолымен ұйымдарда орындалады және ол аудандык бюджет қаражатынан қаржыландырылады.
Тармақ 5
5. Акылы қоғамдық жұмыстарға катысушылар еңбегіне ақы толеуге арналған каржыны тиімді пайдалану мен жұмыссыздарды уақытша жұмыс орынымен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті аткарушы орган аудан каражаты есебінен мынандай шараларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныстарды анықтайды;
Тармақша 2
2) қоғамдық жұмыстар, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі жүргізілетін ұйымдар тізбесін және қоғамдық жұмыстарды орындаудың нақты шараларын бекітеді.
Тармақ 6
6. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жергілікті атқарушы органның қаулысымен анықталғандай ретте «Жітіқара ауданының, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Қоғамдық жұмыстарға қатысуда басымдылық құқығын халықтың мақсатты топтарына кіретін жұмыссыздар иеленеді.
Тарау 3. 3. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру көздері мен шарттары
3. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру көздері мен шарттары
Тармақ 8
8. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздар еңбегіне ақы төлеу, орындалған жұмыстың күрделілігі мен сапасына, санына байланысты және жеке еңбек келісімінің шартына сәйкес ай сайын жұмыс беруші жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Қоғамдық жұмыстарға қатысушыларға төленген ең төменгі айлық мөлшеріндегі жұмыс беруші шығындарының орыны аудандық бюджет қаражаты есебінен толтырылады. Бюджет қаражаты жұмыс берушінің есеп шотына аударылады.
Тармақ 10
10. Аудандық бюджет қаражаты есебінен төлентін қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздардың еңбек ақысы заңнамамен белгіленгендей тәртіпте салық төлеуден босатылады.
Тармақ 11
11. Жұмыс берушілер аудан бюджетінен түсетін ақшаны мақсатты бағытқа пайдаланады.
Тармақ 12
12. Жұмыс берушілер еңбекке акы төлеу бойынша аудан бюджетінен кеткен шығын орынын толтыру үшін «Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жұмысқа қабылдау туралы бұйрық көшірмесін, жұмыс уақыты есебінің тізбесін, жалақы есептеу тізімін, атқарған жұмыс актісін ай сайын беріп отырады. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы азаматтарға ақы төлеуді атқарған нақты жұмысының көлеміне қарай жүргізеді.
Тармақ 13
13. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздардың денсаулығына келтірілген зақым немесе басқа да зиянды, уақытша жұмысқа жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеуді жұмыс беруші заңга сәйкес жүргізеді.
Тарау 4. 4. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру мен ұйымдастыру
тәртібіне бақылау жасау
4. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру мен ұйымдастыру
тәртібіне бақылау жасау
Тармақ 14
14. Қогамдық жұмыстарды қаржыландыру мен ұйымдастыру тәртібіне бақылау жасауды заңнамамен белгіленгендей тәртіпте мемлекеттік орган жүзеге асырады.