Об утверждении Правил участия банков в уставном капитале инвестиционных фондов, страховых организаций и юридических лиц, акции которых прошли листинг на фондовой бирже Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.11.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Банктердiң акциялары қор биржасында листингтен өткен инвестициялық қорлардың, сақтандыру ұйымдарының және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы туралы ереженi бекiту жөнiнде Банктер қызметiнiң нормативтiк-құқықтық базасын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұсынылған Банктердiң акциялары қор биржасында листингтен өткен инвестициялық қорлардың, сақтандыру ұйымдарының және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы туралы ереже бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Заң департаментi (Сизова С.И.) Банктiк қадағалау департаментiмен (Жұмағұлов Б.Қ) бiрлесiп Банктердiң акциялары қор биржасында листингтен өткен инвестициялық қорлардың, сақтандыру ұйымдарының және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы туралы ереженi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзсiн.
Тармақ 3
3. Банктік қадағалау департаменті (Жұмағұлов Б.Қ.) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап екi апта мерзiмде осы қаулыны және Банктердiң акциялары қор биржасында листингтен өткен инвестициялық қорлардың, сақтандыру ұйымдарының және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы туралы ереженi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
Тармақ 4. Банктердiң акциялары қор биржасында листингтен өткен инвестициялық қорлардың, сақтандыру ұйымдарының және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы туралы Ереже
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсiн. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1998 жылғы 26 желтоқсандағы N 291 қаулысымен бекітілген Банктердiң акциялары қор биржасында листингтен өткен инвестициялық қорлардың, сақтандыру ұйымдарының және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы туралы Ереже Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Заң күшi бар Жарлығының, "Бағалы қағаздар рыногы туралы", "Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының, басқа да заң және нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына сәйкес әзiрленген және екiншi деңгейдегi банктердiң (бұдан әрi - банктер) акциялары қор биржасында листингтен өткен инвестициялық қорлардың, сақтандыру ұйымдарының және заңды тұлғалардың (бұдан әрі - листинг компаниялары) жарғылық капиталына қатысу шарттарын және банктердiң осындай қатысуы туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiне (бұдан әрi - Ұлттық Банк) ақпарат беру тәртiбiн белгiлейдi.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережеде сақтандыру рыногын, бағалы қағаздар рыногын, инвестициялық қорлардың қызметiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде анықтамасы берiлген ұғымдар қолданылады.
Тармақ 2
2. Қаржылық рыноктың инфрақұрылымының бөлiгi болып табылатын және/немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардың қызметiн автоматтандыруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, сонымен қатар осы ұйымдардың кепіл ретiнде қабылданған акциялары кепiл туралы шарттың талаптарына сәйкес оларды банк сатқанға дейiн банктердiң меншiгiне айналып кететiн жағдайлардағы заңды тұлғалардың жарғылық капиталына банктердiң қатысуына шек қойылмайды.
Тармақ 3
3. Банктердiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы акциялар пакетi мен қатысу үлестерiн (қатысушылардың салымдарын) өкiлеттi басқаруы бойынша талаптар, мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін басқару жөнiндегі компаниялардың, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногында кәсiптiк қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына банктердiң қатысуына қойылатын талаптар Ұлттық Банктің жекелеген нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.
Тармақ 4
4. Екiншi деңгейдегi банктердi халықаралық стандарттарға көшiру бағдарламасына сәйкес банктердiң бiрiншi тобына енгiзiлген не осы бағдарламаның жүзеге асырылуын реттейтiн Ұлттық Банктiң қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес және осы Ережеде белгiленген талаптарға сай табысты аяқтаған банктер ғана инвестициялық қорлардың, сақтандыру ұйымдарының, сонымен қатар листинг компанияларының акцияларына (бiр эмитенттiң акцияларының жалпы санының он бес проценттен аспайтын мөлшерiнде) тiкелей немесе жанама иеленуге, өкiмдiк жүргiзуге және/немесе оларды басқаруға (жарғылық капиталға қатысуға) құқылы.
Тармақ 5
5. Банк инвестициялық қорлардың, сақтандыру ұйымдарының, сонымен қатар листинг компанияларының жарғылық капиталына қатысуға құқылы, ол үшін бір заңды тұлғаның жарғылық капиталға осылай қатысуы банктің өз капиталының 10%-нен аспауға тиіс.
Тармақ 6
6. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына салынған банк ақшасының осы Ереженiң 5-тармағында белгiленген шектегi сомасы Ұлттық Банк Басқармасының қаулысымен бекiтiлген Пруденциалдық нормативтерi туралы ереженiң талаптарына сәйкес пруденциалдық нормативтер есептеп шығарылғанда банктiң меншiктi капиталынан алынады.
Тармақ 7
7. Инвестициялық қорлардың, сақтандыру ұйымдарының, листинг компанияларының акцияларын алған банктер акцияларды сатып алғаннан кейiн үш күннiң iшiнде Ұлттық Банкке осы туралы жазбаша хабарлама (бұдан әрi - хабарлама) тапсыруға мiндеттi.
Тармақ 8
8. Банктiң хабарламасында мыналар болуға тиiс: - акцияларын банк сатып алған ұйымның атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны; - осы ұйымның жарғылық капиталынан банк сатып алған акциялардың (процентпен көрсетiлген) үлесi; - осы ұйымның жарғылық капиталына салған ақша сомасы; - осы Ережеде ескерiлген басқа да мәлiметтер.
Тармақ 9
9. Банк инвестициялық қорлардың, сақтандыру ұйымдарының және листингтiк компаниялардың акцияларының елу және одан да көп процентiн сатып алған жағдайда, банк пен осы ұйымның өзара қарым-қатынас жасау принциптерi мен тәртiбiн ашып көрсететiн құжатты хабарламамен бiрге Ұлттық Банкке тапсырады.
Тармақ 10
10. Банктiң инвестициялық қорлардың, сақтандыру ұйымдарының және листинг компанияларының жарғылық қорына қатысуы оның қаржылық жағдайын айтарлықтай нашарлатуға әкелiп соғатын болса, Ұлттық Банк мұндай қатысуға шек қоюға (тыйым салуға) құқылы.
Тарау 2. 2-тарау. Банктердiң инвестициялық қорлардың жарғылық капиталына қатысу шарттары мен негiздемелерi
2-тарау. Банктердiң инвестициялық қорлардың жарғылық капиталына қатысу шарттары мен негiздемелерi
Тармақ 11
11. Банк инвестициялық қордың аффилиирленген адамы болса, мұндай қордың бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi кәсiптiк қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғаның жарғылық қорына қатысуына құқы жоқ.
Тармақ 12
12. Егер банк осы қорды аффилиирленген адамы болып саналса, ол инвестициялық қордың кастодианы бола алмайды.
Тармақ 13
13. Инвестициялық қордың елу проценттен астам акцияларын сатып алған банк қажеттi қаржылық (регуляторлық) есептен басқа Ұлттық Банкке бiрiктiрiлген негiзде бухгалтерлiк, статистикалық және өзге есептi тапсырады.
Тармақ 14
14. Банк пруденциалдық нормативтердi және Ұлттық Банк белгілеген басқа да нормалар мен лимиттердi банк балансы есебiнiң, әрi бiрiктiрiлген негiздегi баланстық есеп көрсеткiштерiнiң негiзiнде есептеп шығарады.
Тарау 3. 3-тарау. Банктердiң листинг компанияларының жарғылық қорына қатысу шарттары
3-тарау. Банктердiң листинг компанияларының жарғылық қорына қатысу шарттары
Тармақ 15
15. Банктер осы Ереженiң талаптарын ескере отырып, акциялары қор биржасында листингтен өткен бiр заңды тұлғаның он бес проценттен аспайтын акцияларын сатып алуға құқылы.
Тармақ 16
16. Банктер Биржада сатылатын бағалы қағаздардың ресми тiзiмiне сәйкес, бағалы қағаздар листингiн реттейтiн Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының нормативтiк құқықтық актiсiне сай "А" (бiрiншi) және "В" (екiншi) санаттағы листинг компаниясы мәртебесi бар ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуға құқылы.
Тармақ 17
17. Ұйымның кепiлге қабылдаған акциялары шарттың талаптарына сәйкес банктiң меншiгiне өткен соң оларды банк үш айдың iшiнде сатуға тиiстi жағдайды ескермегенде, бағалы қағаздар листингiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актіге сәйкес қор биржасында қайта листинг өткiзiлген акциялар бойынша ұйымдардың акцияларын тiкелей немесе жанама иеленуге, нұсқау беруге және/немесе басқаруға құқығы жоқ. 18. Листинг компаниясының акцияларын сатып алған (жарғылық капиталға қатысатын) банк акция сатып алғаннан кейiнгi (жарғылық капиталға өзiнiң үлесiн салғаннан кейiнгi) үш күннің ішінде Ұлттық Банкке тиісті хабарлама тапсыруға міндетті.
Тарау 4. 4-тарау. Қорытынды ережелер
4-тарау. Қорытынды ережелер 19. Осы Ереженiң талаптары бұзылған жағдайда, Ұлттық Банк қолданылып жүрген заңдарда көзделген шектеулi ықпал ету шараларын және/немесе санкция қолдануға құқылы. 20. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер қолданылып жүрген заңда белгiленген тәртiппен шешiледi.