Об утверждении Правил предоставления отдельных видов социальных льгот участникам и инвалидам Великой Отечественной войны Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге әлеуметтік жеңілдіктердің жеке түрлерін көрсету Ережелерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ Қазакстан Республикасы Заңының 31 бабы 14 тармағына сәйкес, «Ұлы Отан соғысына катысқандарды, мүгедектерді және оларға теңестірілген тұлғаларды әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер көрсету туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі №2247 Қазақстан Республикасы Заңының 20 бабы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге әлеуметтік жеңілдіктердің жеке түрлерін көрсету Ережелері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Экономика және қаржы бөлімінің бастығы (Ж.Ғ.Данияровқа) аудан бюджетімен бекітілсен қаржыны бөлу шегінде әлеуметтік көмектің қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Т.Қ.Омаровқа) әлеуметтік көмектің тағайындалуын және алушылардың есепшоттарына қаржының аударылуын камтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.М.Токтаболатовқа жүктелсін. Келісілді Экономика және қаржы бөлімінің бастығы Ж.Данияров
Басқа 5. Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге әлеуметтік жеңілдіктердің жеке түрлерін көрсету ЕРЕЖЕСІ
Аудан әқімдігінің «Ұлы Отан соғысына катысқандар мен мүгедектерге және оларға теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік жеңілдіктердің жеке түрлерін көрсету Ережелерін бекіту туралы» 2005 жылғы «10» ақпан № 48 қаулысымен бекітілді Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге әлеуметтік жеңілдіктердің жеке түрлерін көрсету ЕРЕЖЕСІ
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жеңілдіктердің (әрі қарай мәтін бойынша «әлеуметтік көмек») түрлеріне Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге құқықты.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмекті тағайындау Мамлют ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау бойынша моншаға және шаштаразға бару үшін қосымша шара ретінде әлеуметтік көмектің мөлшері 400 теңге сома ай сайын төленеді. Әлеуметтік көмекті тағайындау барлык қажет құжаттармен бірге өтініш берілген айдан бастап жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмек алу үшін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне төмендегі құжаттар ұсынылуы тиіс: белгіленген үлгідегі өтініш, Ұлы Отан соғысына қатысқанның немесе мүгедектің куәлігінің көшірмесі, есепшотына зейнетақы аударылатын жинақ кітапшасы, зейнетақы кітапшасы, жеке куәлік.
Тармақ 5
5. Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге әлеуметтік көмекті төлеу Мамлют ауданы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен ұсынылған алушылардың тізіміне сәйкес жәрдемақыны төлеу жөніндегі уәкілдік орган арқылы жеке шоттарға аудару арқылы жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Мамлют ауданы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкілдік органға ай сайын әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтардың тізімін екі данада құрастырады.
Тармақ 7
7. Алушы өлген күннен бастап әлеуметтік көмекті төлеу тоқтатылады.
Тармақ 8
8. Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге атаулы әлеүметтік көмекті қаржыландыру аудандық бюджет қаражатынан шығыстарды функционалдық топтастыру коды №451-007-000-332 бойынша жөне азаматтардың жеке топтарына әлеуметтік төлемдер жергілікті өкілдік органның шешімі бойынша жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ай сайын азаматтардың хал актілерін жазу органдарынан әлеуметтік көмек тағайындалған тұлғалардың өлген жағдайларын тіркеу туралы мәліметтерді сұратады.
Тармақ 10
10. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ай сайын зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтың аудандық бөлімшесінен аудан аумағынан тыс тұрақты тұруға кеткен Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектер және туралы мәліметтерді сұратады.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмекті заңсыз төлегені үшін кінәлы лауазымдық тұлғалар заңмен белгіленген тәртіпте жауапкершілік тартады.
Тармақ 12
12. Төленген сомаларға бақылау әлеуметтік көмекті төлеу жөніндегі уәкілдік орган мен Мамлют ауданы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арасындағы салыстыру актілері негізінде жүргізіледі.