О правилах оказания единовременной социальной помощи в связи с рождением ребенка в Акжарском районе Күшін жойған
Басқа 0
Ақжар ауданында баланың тууына байланысты бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы
Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тарау, 14 тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақжар ауданында баланың тууына байланысты бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету қосымша Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары З.Ж. Молдағанаповқа жүктелсін.
Басқа 3. Ақжар ауданында баланың тууына байланысты біржолғы әлеуметтік көмек көрсету ЕРЕЖЕЛЕРІ
БЕКІТІЛГЕН
Аудан әкімдігінің
«Ақжар ауданында баланың тууына
байланысты бір жолғы әлеуметтік
көмек көрсету ережесі туралы»
2005 ж. «16» ақпан
№ 65 қаулысымен
Ақжар ауданында баланың тууына байланысты біржолғы әлеуметтік көмек көрсету ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Баланың тууына байланысты бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету нақты ережесі, баланың тууына байланысты, бір жолғы әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеу тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Баланың тууына байланысты бір жолғы әлеуметтік көмек тағайындау жұмысымен Ақжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі айналысады.
Тармақ 3
3. Баланың тууына байланысты бір жолғы әлеуметтік көмек алу құқығына, кар ауданында тұрақты мекендеп жатқан Қазақстан Республикасының азаматы ие бола алады.
Тармақ 4
4. Баланың тууына байланысты бір жолғы әлеуметтік көмекті тағайындау кіріске байланыссыз баланың ата-анасына (баланың туған анасына немесе сол баланың әкесіне), ата-анасы жоқ балаға - оның қамқоршысына немесе баланың заңды өкіліне жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Егер бала өлі туатын болса, баланың тууына байлансты бір жолғы әлеуметтік көмек тағайындалмайды.
Тармақ 6
6. Егер екі немесе одан артық бала туатын болса, әлеуметтік көмек әр балаға да беріледі.
Тармақ 7
7. Баланың тууына байланысты бір жолғы әлеуметтік көмек, әрбір туған балаға, мың теңге көлемінде беріледі.
Тармақ 8
8. Баланың тууына байланысты бір жолғы әлеуметтік көмек алу үшін өтініш, бала туғаннан кейін 2 ай мерзім ішінде берілуі тиіс.
Тарау 2. 2. Каланың тууына байланысты бір жолғы әлеуметтік көмек алу үшін өтінім тәртібі
2. Каланың тууына байланысты бір жолғы әлеуметтік көмек алу үшін өтінім тәртібі
Тармақ 9
9. Баланың тууына байланысты бір жолғы әлеуметтік көмек алушылар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келесі құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) үлгі бойынша өтініш (қосымшаға сәйкес);
Тармақша 2
2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, не болмаса емделген мекемесінен, баланың туғаны туралы анықтама көшірмесі.
Тармақша 3
3) алушыны анықтайтын жеке куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 4
4) жергілікті тұратын орнын растайтын құжат;
Тармақша 5
5) Салық төлеушінің тіркелу нөмірі (РНН)
Тармақ 10
10. Ұл бала (қыз бала) асырап алушы, қамқоршы, нақты Ереженің 9 тармағында көрсетілген құжаттарынан басқа, белгілі органның бала асырап алу немесе қамқоршы болып бекітілгені туралы шешімнің көшірмесін көрсету қажет.
Тармақ 11
11. Құжаттардың тұпнүсқасы мен көшірмелері салыстырылып, кейін құжаттардың тұпнүсқалары өтініш иесіне қайтарылады.
Тармақ 12
12. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі құжаттардың көшірмесін растайды, өтініштерді қосымша құжаттарымен бірге арнайы журналда тіркейді және өтініш иесіне құжаттарының қабылданғаны туралы кесіп алынатын талон беріледі.
Тармақ 13
13. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі істерді құрастырып, өтініш қабылданғаннан, кейін, 10 күн мерзім ішінде баланың тууына байланысты бір жолғы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
Тарау 3. 3. Баланың тууына байланысты бір жолғы әлеуметтік көмек төлемі тәртібі
3. Баланың тууына байланысты бір жолғы әлеуметтік көмек төлемі тәртібі
Тармақ 14
14. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі баланың тууына байланысты бір жолғы әлеуметтік көмек төлемін жүргізу үшін ведомостер жасайды.
Тармақ 15
15. Заңмен белгіленген тәртіп негізінде ақылы қызмет көрсету үшін жасалған келісімшарт бойынша Банк, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен келіп түскен ведомостер негізінде алушылардың ашылған есеп-шоттарына қаражаттың түсуін жүргізеді.
Тарау 4. 4. Баланың тууына байланысты әлеуметтік көмекті мақсатты жұмсау үшін қаржыландыру және бақылау
4. Баланың тууына байланысты әлеуметтік көмекті мақсатты жұмсау үшін қаржыландыру және бақылау
Тармақ 16
16. Баланың тууына байланысты әлеуметтік төлемді қаржыландыру, аудандық бюджет каражатынан, бюджеттік классификациясы «Жергілікті өкілетті органдарының шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік көмек» 451-007-00 коды бойынша беріледі.
Тармақ 17
17. Баланың тууына байланысты әлеуметтік төлемдерді мақсатты жұмсау және бақылау жұмыстары Ақжар аудандық қаржы және экономика бөлімімен жүзеге асырылады.
Тарау 5. 5. Баланың тууына байланысты бір жолғы әлеуметтік көмектің мерзімінен кеш тағайындалуы үшін атқаратын жауапкершілік
5. Баланың тууына байланысты бір жолғы әлеуметтік көмектің мерзімінен кеш тағайындалуы үшін атқаратын жауапкершілік
Тармақ 18
18. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі осы Ережеде анықталған тәртіпке сәйкес, баланың тууына байланысты бір жолғы әлеуметтік көмектің дұрыс және уақытында тағайындалуы мен төлеуіне жауапты.