О правилах предоставления социальной помощи на санаторно-курортное лечение отдельным категориям граждан в Акжарском районе Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақжар ауданында азаматтардың кейбір санаттарына санаториялық-курорттық сауығу үшін әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тарау, 14 тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақжар ауданында азаматтардың кейбір санаттарына санаториялық-курорттық сауығу үшін әлеуметтік көмек көрсету қосымша Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары З.Ж.Молдағанаповқа жүктелсін.
Басқа 3. Ақжар ауданында азаматтардың кейбір санаттарына санаториялық-курорттық сауығу үшін әлеуметтік көмек көрсету Ережесі
БЕКІТІЛГЕН Аудан әкімдігінің «Ақжар ауданында азаматтардың кейбір санаттарына санаториялық-курорттық сауығу үшін әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы» 2005ж.«16» ақпан № 63 қаулысымен Ақжар ауданында азаматтардың кейбір санаттарына санаториялық-курорттық сауығу үшін әлеуметтік көмек көрсету Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы жекеленген санаттағы азаматтарға емдеу сауықтыру орындарына баруға әлеуметтік төлем беру Ережесі (әрі қарай - Ереже) жекеленген санаттағы азаматтарға емдеу сауықтыру орындарына, санаторияларға, профилакторияларга және пансионаттарға тегін баруға берілетін әлеуметтік төлемнің (әрі қарай – Әлеуметтік төлем) тәртібі мен шартын анықтайды.
Тармақ 2
2. Санаториялық-курорттық сауығуға әлеуметтік көмек тағайындау, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Санаториялық-курорттық сауығу үшін әлеуметтік көмек келесі азаматтар санатына беріледі:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және оларға теңестірілген тұлғаларға;
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және оларға теңестірілгендерге;
Тармақша 3
3) Ұлы Отан соғыс жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің жесір қалған, қайта некеге тұрмаған әйелдеріне;
Тармақша 4
4) Бұрын ССР Одағында, Ұлы Отан соғысында әскери қызметін мінсіз атқарғаны және қажырлы еңбегі үшін орден, медальдармен марапатталған тұлғаларға;
Тармақша 5
5) «Алтын Алқа», «Күміс Алқа» алқасымен белгіленген және бұрын «Батыр Ана» атағына ие болған көп балалы аналарға;
Тармақша 6
6) саяси қуғын-сүргінге ұшыраған зейнет жастағы тұлғаларға;
Тармақша 7
7) «Социалистік Еңбек Батыры», «Халық Қаһарманы» атағына ие болған азаматтарға;
Тармақша 8
8) «барлык санаттағы мүгедектер
Тарау 2. 2. Санаториялық-курорттық сауығуға әлеуметтік көмектің тағайындалу тәртібі мен шарттары
2. Санаториялық-курорттық сауығуға әлеуметтік көмектің тағайындалу тәртібі мен шарттары
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін жоғарыда көрсетілген азаматтар санаттары жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келесі құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) жасалған үлгі бойынша өтініш (қосымшаға сәйкес);
Тармақша 2
2) белгілі санатқа жататының растайтын құжаттардың көшірмесі;
Тармақша 3
3) жеке куәлігінің көшірмесі;
Тармақ 5
5. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қажетті құжаттар түскеннен кейін 5 күн мерзім ішінде үміткерлердің санаториялық-курорттық сауығуға әлеуметтік төлем алу үшін, өтініштерін қарайды, алушылардың істерін жасайды және әлеуметтік көмекті тағайындау не тағайындай алмайтыны туралы шешім қабылдайды;
Тармақ 6
6. әлеуметтік көмек көрсетіле алмайтын жағдайда, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, себебін жазбаша түрде айқындап, өтініш иесіне құжаттарды қайтарады. Құжаттар мен ақпараттардың толық емес және жалған болуы, әлеуметтік көмектің тағайындала алмайтынына негіз болып табылады.
Тарау 3. 3. Санаториялық-курорттық сауығуға әлеуметтік көмек төлем тәртібі
3. Санаториялық-курорттық сауығуға әлеуметтік көмек төлем тәртібі
Тармақ 7
7. Берілген құжаттар және қабылданған шешім негізінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, әлеуметтік төлем алу үшін үміткерлердің тізімін 3 данада дайындайды, әлеуметтік төлемдерге ведомостер құрастырады және екінші деңгейдегі банкке тапсырады.
Тармақ 8
8. Заңмен белгіленген, ақылы қызмет көрсету тәртібі бойынша жасалған келісімшарт негізінде Банк, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен келген ведомостер негізінде, алушылардың ашылған жеке есеп-шоттарына қаражаттың ауыстырылуын жүргізеді.
Тармақ 9
9. Санаториялық-курорттық сауығуға әлеуметтік көмек бір адамға жылына бір рет қана беріледі.
Тарау 4. 4. Санаториялық-курорттық сауығуға әлеуметтік көмекті мақсатты жұмсау үшін қаржыландыру және бақылау
4. Санаториялық-курорттық сауығуға әлеуметтік көмекті мақсатты жұмсау үшін қаржыландыру және бақылау
Тармақ 10
10. Азаматтардың кейбір санаттарына санаториялық - курорттық сауығуға әлеуметтік төлемін қаржыландыру, аудандық бюджет қаражатынан, бюджеттік классификациясы «Жергілікті өкілетті органдарының шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік көмек» 451-007-00 коды бойынша беріледі.
Тармақ 11
11. Санаториялық-курорттық сауығуға әлеуметтік төлемдер, бюджетте қарастырылған қаражат негізінде жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Азаматтардың кейбір санаттарына санаториялық-курорттық сауығу үшін әлеуметтік көмектің тағайындалуы мен мақсатты жұмсалуын қадағалау Ақжар аудандық қаржы және экономика бөлімімен жүргізіледі.