Об утверждении Перечня участков внутренних водных путей, типов и размеров судов, подлежащих обязательной лоцманской проводке Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.01.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Міндетті түрде лоцмандық алып өтуге жататын ішкі су жолдары учаскелерінің, кемелер түрлері мен көлемдерінің тізбесін бекіту туралы "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Міндетті түрде лоцмандық алып өтуге жататын ішкі су жолдары учаскелерінің, кемелер түрлері мен көлемдерінің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Су көлігі департаменті (Б.К.Уандықов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынсын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Т.Б.Әбілғазинге жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. Міндетті түрде лоцмандық алып өтуге жататын ішкі су жолдары учаскелерінің, кемелер түрлері мен көлемдерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 17 қаңтардағы N 32-І бұйрығымен бекітілген Міндетті түрде лоцмандық алып өтуге жататын ішкі су жолдары учаскелерінің, кемелер түрлері мен көлемдерінің тізбесі Ұзындығы 277 шақырым Горы кентінен Атырау қаласына дейінгі Орал өзеніндегі учаске және ұзындығы 56 шақырым Орал-Каспий каналы. Шөгуі 2,5 метрден жоғары және ұзындығы 50 метрден артық "өзен-теңіз" жүзу кемелері.