Об утверждении правил о порядке и условиях финансирования общественных работ из районного бюджета Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.01.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық бюджеттен қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың шарттары мен тәртібі жөніндегі ережелерін бекіту туралы «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру Ережесін орындау үшін әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық бюджеттен қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың шарттары мен тәртібі жөніндегі ұсынылған ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осынау қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Т. Әбеновке жүктелсін.
Басқа 3. Аудандық бюджеттен қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың шарттары мен тәртібі жөніндегі Ереже
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімиятының 2005 жылғы 12 қаңтардағы № 95 қаулысымен бекітілген Аудандық бюджеттен қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың шарттары мен тәртібі жөніндегі Ереже «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру Ережелеріне сәйкес аудандық бюджеттен қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың шарттары мен тәртібі жөніндегі осынау ережелер әзірленді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осынау ережелер төлем ақылы қоғамдық жұмыстар үшін уақытша жұмыс орындарын беретін, ұйымдармен есеп айырысу шарттары мен тәртібін реттейді.
Тарау 2. 2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі
2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 2
2. Қоғамдық жұмыстар аудандық бюджеттің қаражаттарынан қаржыландырылады, оларды ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс немесе бос (вакансиялық) жұмыс орындары пайдаланылмайды, қоғамдық жұмыстар ұйымдарда арнайы жұмыссыздар үшін уақытша жұмыс орындарын құру арқылы ұйымдастырылады.
Тармақ 3
3. Қоғамдық жұмыстарды атқаруға қызметтер көрсету бойынша Қостанай ауданы әкімиятының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілермен келісімге отырады.
Тармақ 4
4. Аудандық бюджет қаражаттары есебінен қоғамдық жұмыстарға катысушылардың еңбек ақысын төлеуге арналған, уақытша жұмыс орындарымен жұмыссыздарды және қаражаттарды тиімді пайдалану мақсатын қамтамасыз етуде, аудан әкімияты келесі іс шараларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) қоғамдық жұмыстарға ұсыныстар мен сұраныстарды анықтайды;
Тармақша 2
2) қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесін, ондағы жұмыс түрлері, көлемдері, қоғамдық жұмыстарды орындаудың нақты шарттарын бекітеді.
Тармақ 5
5. Аудан әкімиятының қаулыларымен анықталған ұйымдарға жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу Қостанай ауданы әкімиятының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Қоғамдық жұмыстарға қатысуға, мақсатты топтарға кіретін жұмыссыздар құқығы басым болады.
Тарау 3. 3. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың шаралары мен көздері
3. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың шаралары мен көздері
Тармақ 7
7. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға еңбекақыны төлеу жеке еңбек келісім шарттары негізінде жұмыс берушілермен жүзеге асады.
Тармақ 8
8. Жылға сәйкес «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен бекітілген қоғамдық жұмысқа қатысушыларға еңбекақыны төлеуде жұмыс берушілердің шығыстары ең төменгі өтем ақы төлемдері көлемінде өтеледі.
Тармақ 9
9. Қоғамдық жұмысқа қатысушыларға еңбек ақысын төлеу үшін Қостанай ауданы әкімиятының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысқа қабылдау туралы бұйрығының көшірмесін және ай сайын жұмыс уақытының есептеу табелін, еңбек ақы төлемін есептеген ведомосын, атқарылған жұмыс актілерін тапсырады. Қоғамдық жұмысқа қатысушы азаматтардың еңбек ақысы нақты атқарылған жұмыс көлеміне төленеді.
Тарау 4. 4. Қоғамдық жұмыстардың ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бақылау
4. Қоғамдық жұмыстардың ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бақылау
Тармақ 10
10. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібіне бақылау жасау мемлекеттік органдармен белгіленген заңнамалық тәртібі бойынша жүзеге асырылады.