Об утверждении инструкции по организации и финансированию социальных рабочих мест Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқауды бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармагының 13), 14)-тармақшаларына сәйкес, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағы негізінде, сондай-ақ халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар белгілеу үшін аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса берілген әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқауы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Қ. Нөгербековке жүктелсін.
Басқа 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі НҰСҚАУ
Қарасу аудандық әкімдігінің 2005 жылғы 7 ақпандағы № 58 қаулысына қосымша Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі НҰСҚАУ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер 1. Осы Нұсқау халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын беретін ұйымдармен (меншік нысанына қарамастан) ұйымдармен есеп айырысу мен негізгі жағдайларды реттейді.
Тарау 2. 2. Осы Нұсқауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
2. Осы Нұсқауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) әлеуметтік жұмыс орны - жұмыс берушілердің жұмысқа қабылдаған қызметкерлерге еңбекақы төлеген шығынын жергілікті бюджет есебінен ішінара өтеп, халықтың нысаналы топтарының ішіндегі жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің жазбаша келісімімен берілетін жұмыс орны;
Тармақша 2
2) Нысаналы топтар - «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңымен белгіленген, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік көмекті қажет ететін адамдар топтары.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамтамасыз ету және қамсыздандыру туралы заң шығару актілері тарайды.
Тармақ 4
4. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарына әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуға жәрдемдеседі.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру және ұйымдастыру тәртібі
2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру және ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 5
5. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмысқа қабылданған жұмыссыздарға еңбекақы шығынын жергілікті бюджет қаражаты есебінен ішінара өтеумен өз қаражатынан қаржыландырылып, жұмыс берушілермен анықталады немесе құрылады.
Тармақ 6
6. «Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілермен әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарына еңбекақы шығынына ішінара өтемді төлеуге қызмет көрсету жөнінде шарт жасасады.
Тармақ 7
7. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруды және олардың еңбегіне ақы төлеуге белгіленген бюджет қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында аудандық әкімдік жұмыс берушілердің жазбаша келісімімен халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құрған немесе берген ұйымдардың тізімін анықтайды.
Тармақ 8
8. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен келісімге сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға нысаналы топтарға жататын аз қамтылған жұмыссыздар басымдық құқыққа ие.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру жағдайлары және көздері
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру жағдайлары және көздері
Тармақ 10
10. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа қабылданған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес және орындалған жұмыстың күрделілігі мен сапасына, санына байланысты жұмыс берушімен ай сайын жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың еңбек ақысына төленген жұмыс берушілердің шығыны қалалық бюджеттен ең төменгі жалақының 50 пайыз көлемінде алты айға дейінгі мерзімде өтеледі.
Тармақ 12
12. Бюджет қаражатын аудару жөніндегі есеп айырысу жұмыс берушінің есеп шотына жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға қалалық бюджет қаражатынан төленетін еңбекақыға заңнамамен белгілеген тәртіппен салық салынады.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік жұмысқа қатысушы жұмыссыздарға жалақы нақтылы істелген жұмыс үшін төленеді.
Тармақ 15
15. Жұмыс берушілер қалалық бюджеттен түскен ақшаны әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздарға еңбекақыға шыққан шығындарын өтеуге пайдаланады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бақылау
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бақылау
Тармақ 16
16. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру осы Нұсқауды сақтауын бақылау Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдармен жүзеге асырылады.