Об утверждении положения о бюджетной комиссии Житикаринского района Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жітіқара ауданының бюджеттік комиссиясы туралы ережені бекіту Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 64-бабына сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жітіқара ауданының бюджеттік комиссиясы туралы ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Бюджеттік комиссия құру туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі, 2002 жылғы 2 мамырдағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 1446, 2002 жылғы мамырдағы «Авангард» газетінің № 40 санында жарияланған) әкімдіктің 2002 жылғы 1 сәуірдегі № 125 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Басқа 3. Жітіқара ауданының бюджеттік комиссиясы туралы ЕРЕЖЕ
Қосымша әкімдіктің 2005 жылғы 11 ақпандағы № 93 қаулысымен бекітілген Жітіқара ауданының бюджеттік комиссиясы туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ереже тұрақты негізде жұмыс істейтін Жітіқара ауданы бюджет комиссиясының (бұдан әрі - комиссия) қызметін реттейді.
Тармақ 2
2. Комиссия қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік-құқықтық кесімдері, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
Тарау 2. 2. Комиссияның мақсаты
2. Комиссияның мақсаты
Тармақ 3
3. Комиссия қызметінің негізгі мақсаты аудандық бюджеттің жобасын уақытында және сапалы әзірлеуді қамтамасыз ету және аудандық бюджетті анықтау мен орындау жөнінде ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
Тарау 3. 3. Комиссияның міндеттері мен функциялары
3. Комиссияның міндеттері мен функциялары
Тармақ 4
4. Комиссияның негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) алдағы үш жылдық кезеңге арналған орташа мерзімді фискалдық саясат кәнінде ұсыныстар жасау;
Тармақша 2
2) тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджет жобасының көрсеткіштерін анықтау;
Тармақша 3
3) алдағы үш жылдық кезеңде қаржыландыру және қаржы жылына жоспарланған бюджеттік бағдарламаларды таңдап алу үшін, орташа фискалдық саясат негізінде олардың іске асыру механизмін анықтау;
Тармақша 4
4) жергілікті бюджеттерде шығыстардың көбеюін немесе кірістердің азаюын қарастыратын нормативтік-құқықтық актілердің жобалары жөнінде ұсыныстар жасау;
Тармақша 5
5) тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджетті анықтау;
Тармақша 6
6) аудандық бюджеттік бағдарламаларды іске асырудың қорытынды бағасын қарау және олар бойынша ұсыныстар жасау;
Тармақша 7
7) Бюджет кодексін және осы ережеде қарастырылған, басқа да өкілеттіктерді орындау.
Тармақ 5
5. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Комиссияның жұмыс органы әзірлеген материалдарды қарайды және белгілейді: аудан бюджетінің алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін; алдағы қаржы жылына арналған аудандық бюджетке түсетін болжамды көрсеткіштерін; ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын іске асыру тәсілдері: бюджеттік қаржы шығыстарының басым бағыттары және заңды тұлғаларды қаражаттандыру; бюджетаралық қатынастарының даму бағыттары; тиісті қаржы жылы соңына ауданның жергілікті атқарушы органы берешегінің лимитін; аудандық бюджеттің бюджеттік бағдарламалар шығыстарының лимитін; жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын алдағы үш жылдық кезеңге жоспарланған мемлекеттік, салалық бағдарламалардың кесіміндегі басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі; республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын алдағы үш жылдық кезеңге арналған мақсатты трансферттерді дамыту және несие үшін мемлекеттік салалық бағдарламалардың кесіміндегі басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі; заңды тұлғалардың жарғылық капиталының қалыптасуына және көбеюіне тікелей қатысуымен іске асырылатын бюджеттік инвестициялар; жоспарланған үш жылдық кезеңде қаржыландыруды сұрайтын аумақтық, салалық бағдарламалардың тізбесі; аудандық бюджет есебінен мақсатты трансферттерді дамыту және аудандық бюджеттен несие беру үшін және бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қаржыландыруға бағытталған, бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлері;
Тармақша 2
2) Комиссия жұмыс органының дайындаған материалдарын қарайды және шешімдер қабылдайды: ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының орташа мерзімді жобасын мақұлдау; фискалдық саясаттың орташа мерзімді жобасын мақұлдау; өткен кезеңдегі бюджеттік бағдарламаларды іске асыру тиімділігінің баға қорытындысы; ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының және жергілікті бюджеттің болжамды көрсеткіштері есебінен табиғи нормаларын алып тастау немесе өзгерту туралы ұсыныстары; алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерге бюджеттік тапсырысы; алдағы қаржы жылына арналған аудандық бюджеттің жобасы; бағдарламаларды қабылдау және өзгертулер енгізу қажеттілігі туралы жұмыс органының қорытындысы және аудандық бағдарламалардың жобалары; тиісті қаржы жылына сәйкес аудандық бюджет кірістерінің азаюы немесе шығыстардың көбейтілуі жөніндегі әкімдік қаулыларының жобалары; аудандық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу.
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Комиссияның құқықтары
4. Комиссияның құқықтары
Тармақ 6
6. Өздерінің міндеттеріне сәйкес комиссияның:
Тармақша 1
1) атқарушы және басқа да мемлекеттік органдарымен және ұйымдармен өзара бірлесе іс-қимыл жасауға, сондай-ақ комиссияның міндеттерін іске асыру үшін мамандарды және сарапшыларды жұмысқа тартуға;
Тармақша 2
2) шешімдер қабылдауға және өзінің құзырына кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуіне;
Тармақша 3
3) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан және басқа ұйымдардан комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға және алуға;
Тармақша 4
4) Комиссияның отырысына бірінші басшыларды, ал олар жоқта мемлекеттік мекеме және ұйымдардың бірінші басшыларының міндетін атқаратын тұлғаларды комиссияның міндеттерін іске асыруға байланысты сұрақтар бойынша шақыртуына және тыңдауына құқы бар.
Тарау 5. 5. Комиссия қызметі және қалыптастыру тәртібі
5. Комиссия қызметі және қалыптастыру тәртібі
Тармақ 7
7. Комиссияның кұрамы Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте анықталады.
Тармақ 8
8. Бюджет комиссиясының құрамына кіреді: комиссияның төрағасы; комиссия төрағасының орынбасары; комиссияның хатшысы; комиссия мүшелері.
Тармақ 9
9. Комиссияның төрағасы оның кызметіне басшылық етеді, комиссия отырыстарын өткізеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерін іске асыру жөнінде жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссиямен жүзеге асырылатын қызмет үшін жауапкершілік алады. Комиссия төрағасы болмаған кезде оның функцияларын төраға тағайындаған орынбасары орындайды.
Тармақ 10
10. Комиссияның хатшысы комиссия қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді, комиссия отырысының хаттамаларын әзірлейді.
Тармақ 11
11. Комиссия мүшелері отырыстарға қатысу жөніндегі өздерінің өкілеттіктерін басқа тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
Тармақ 12
12. Жұмыстың жоспар-кестесін комиссия белгілейді. Жергілікті бюджеттің жобасын әзірлеу кезеңінде, комиссия жұмысының жоспар-кестесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 678 қаулысымен бекітілген, жергілікті бюджеттер жобаларын жасау Ережелерімен анықталған мерзімдерге сәйкес белгіленеді.
Тармақ 13
13. Комиссияның шешімдері ашық дауыс берумен, сонымен бірге комиссияның мүшелерін сұрау жолымен және комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы оларға берілген жағдайда қабылданады. Комиссия мүшелері шешімдер қабылдау кезінде тең дауысқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда комиссияның төрағасы жақтап дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.
Тармақ 14
14. Комиссия отырыстарының күн тәртібі мәселелерін қараудың нәтижелері әрбір мәселе бойынша дауыс берудің қорытындысы көрсетіле отырып, тиісті хаттамаларға енгізіледі және төраға айқындайтын жағдайларда комиссияның отырысқа қатысқан мүшелері қол қояды. Комиссияның қабылданған шешімі төраға мен хатшы қол қоятын хаттамамен ресімделеді. Комиссияның мүшелері қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда отырыстың хаттамасына қоса берілетін әзінің ерекше пікірін жазбаша түрде білдіруге құқығы бар.
Тармақ 15
15. Комиссияның оған жүктелген міндеттерін орындау мақсатында қабылдаған шешімі аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың міндетті түрде орындауына және қарауына жатады.
Тармақ 16
16. Комиссияның жұмысшы органы бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган «Жітіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
Тармақ 17
17. Комиссияның отырыстар арасындағы кезеңде жұмысшы орган оның қызметінің ұйымдастыру мәселелерін шешеді.
Тармақ 18
18. Жұмысшы органының функциялары комиссия немесе жұмысшы органы анықтаған мерзім және күн тәртібіне сәйкес комиссия отырысына материалдар әзірлеу, оларды комиссия мүшелеріне жіберу, комиссия отырысының хаттамаларын әзірлеу, олардың құзыретіне кіретін мәселелер, сондай-ақ, осы ереже және нормативтік актілерден туындайтын басқа да функциялар бойынша комиссия шешімі хаттамаларының көшірмелерін мемлекеттік органдарда және ұйымдарға жеткізу.
Тарау 6. 6. Комиссия қызметінің тоқтатылуы
6. Комиссия қызметінің тоқтатылуы
Тармақ 19
19. Комиссия қызметін тоқтату үшін комиссия кызметінің тоқтатылуы туралы әкімдіктің қаулы қабылдауы негіз болып табылады.
Тармақ 20
20. Осы Ереженің 19-тармағында көрсетілгендей, комиссия қызметінің тоқтатылуына әкеп соғатын жағдайлар туындаған кезде аудан әкіміне жасалған жұмыс туралы есеп беру хаты жіберіледі.