Халықтың мақсатты топтарын жастарды жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау, кәсіби оқытуды белсенді ұйымдастыру жөніндегі шаралар және оларды қаржыландыру ережелері туралы Қолданыста
Басқа 0
Халықтың мақсатты топтарын жастарды жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау, кәсіби оқытуды белсенді ұйымдастыру жөніндегі шаралар және оларды қаржыландыру ережелері туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы « Халықты жұмыспен қамту туралы» №149-11 Заңының 7 бабының 2 тармағы және 5 бабының 2 тармағы сәйкес халықтың мақсатты топтарын, жастарды жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау, кәсіби оқытуды белсенді ұйымдастыру жөнінде қосымша шаралар қолдану үшін «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-11 Заңының 31 бабының 1 тармағының 13-тармақшасын басшылыққа алып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
Тармақ 1
1. «Жастар іс-тәжірибесін» ұйымдастыру жөніндегі ереже (№1 қосымша) және әлеуметтік орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережесі (№2 қосымша), кәсіби оқытуға жіберілген жұмыссыз және мақсатты топтан жұмыспен қамтылмаған азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәләндіру шығындарын өтеудің Ережесі (№ 3 қосымша) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.Ә.Жақаевқа жұктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы облыстық әділет департаментінен мемлекеттік тіркелген күннен бастап кұшіне еңгізілсін.
Басқа 4. «Жастар іс - тәжірибесін» ұйымдастыру жөніндегі
№ 1 қосымша
Шығыс Қазақстан облысы
Тарбағатай ауданының әкімдігінің
2005 жылғы «15» 02 № 966
қаулысымен бекітілген
«Жастар іс - тәжірибесін» ұйымдастыру жөніндегі
ЕРЕЖЕ
Тармақ 1. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1
1. «Жастар іс - тәжірибесін» ұйымдастыру жөніндегі ереже бастауың орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының жұмыссыз түлектерін жұмысқа орналастыру мүмкіншіліктерін кеңейту және оларды; тәжірибе, білім, іскерлік пен дағды алу мақсатында әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы ереже «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстаі Республикасының 2001 жылғы 23- қаңтардағы № 149-11 Заңының 4, 5, 7, 9 12 - баптарына сәйкес әзірленді
Тармақ 3
3. Ереже бастапқы жұмыс тәжірибесін алу, жұмысқа орналасу жән еңбек рыногіндегі бәсекелестікке төтеп беру қабілеттілігін арттыру үшін мүмкіндіктер тұғызу жөнінде жұмыспен қамту қызметінде тіркелген бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарын бітірген жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту мәселе бойынша уәкілетті органдардың (одан әрі «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламала бөлімі») жұмыс бағыттарының бірін айқындайды.
«Жастар іс тәжірибесі» меншік түріне қарамастан мекемелерде ұйымдарда және кәсіпорындарда (одан әрі «Жұмыс беруші» деп аталатын) ұйымдастырылып өткізіледі. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» «Жұмыс берушімен» келісім-шарт негізінде бірлесіп әрекет жасайды.
Тармақ 4
4. «Жұмыспен қамту жене әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» «Жастар іс-тәжірибесіне» жіберу үшін еңбек рыногіндегі жағдайды және жұмыссыз: жастардың құрамын есепке ала отырып оқу орындарын бітірген жұмыссыз түлектер есебін анықтайды.
Тармақ 2
Тармақ 3. 2. «ЖАСТАР ІС-ТӘЖІРИБЕСІН» ҰЙЫМДАСТЫРУ
2. «ЖАСТАР ІС-ТӘЖІРИБЕСІН» ҰЙЫМДАСТЫРУ
Тармақ 5
5. «Жүмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» жастарды жұмыспен қамту облысында, өңірдегі еңбек рыногіне жағдайды талдау негізінде «Жастар іс - тәжірибесін» өткізу жөнінде шешім қабылдайды.
Шешім қабылдарда келесі негізгі өлшемдер есепке алынады:
Тармақша 1
1) оқу орындарын бітірген жұмыссыз түлектер саны және олардың жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздардың жалпы санындағы үлесі;
Тармақша 2
2) жастар арасындағы ұзақ уақыт жұмыс істемеген түлектердің санының өсуі;
Тармақша 3
3) бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындары түлектеріне жұмысқа орналасуда мүмкіншілігін төмендететін еңбек өтілі, алған мамандыгы бойынша дағдыларының жоқтығы.
Тармақ 6
6. «Жастар іс - тәжірибесін» өткізу жөніндегі шешімді қабылдағаннан кейін «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» қаржылық-экономикалық жағынан тұрақты, одан әрі даму және өндірісін кеңейтуге болашағы бар, жұмыс орындарында еңбек жағдайы бар, «Жастар іс тәжірибесіне» қатысушылар үшін потенциалды жұмыс беруші бола алатын мекемелер жөнінде ақпараттар жинау жұмыстарын жүргізеді.
Сонымен қоса ««Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» бұқаралық ақпараттық құралдары арқылы «Жастар іс - тәжірибесін» өткізу жағдайлары және мекеменің негізгі принциптері жөнінде акпарат береді.
Тармақ 7
7. Кәсіпорындар жөнінде жиналған ақпаратты қорыту және талдау негізінде ««Жұмыспен қамту және әлеуметтік багдарламалар бөлімі» «Жастар іс тәжірибесіне» қатыстыру ұшін оқу орындарын бітірген жұмыссыз түлектерді іріктейді. Іріктеу өлшемдері келесідегілер болуы мүмкін:
Тармақша 1
1) жұмыссыз ретінде «Жұмыспен қамту орталығында» есепте тұрады;
Тармақша 2
2) қатысушыларды іріктеу кезеңінде олар үшін қолайлы жұмыстың болмауы;
Тармақша 3
3) жасы қоса алғанда 24-ке дейін.
«Жастар іс тәжірибесіне» тек қана жұмыссыздың келісімімен 6 ай мерзіміне дейін жіберіледі.
Тармақ 8
8. «Жастар іс - тәжірибесін» өткізуді ««Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» жергілікті атқарушы органдармен, жастар істері жөніндегі комитеттермен және жастарды жұмысқа орналастыруға ынталанған басқа мекемелермен бірлесіп ұйымдастырады.
Тармақ 9
9. Жұмыссыз түлектерді уақытша жұмысқа қабылдауға келісім берген кәсіпорындармен «Жұмыспен қамту және әлеуметтік багдарламалар бөлімі» келісім-шарт жасайды.
Келісім-шарт жұмысқа қабылданатын азаматтар санын, «Жұмыс беруші» жұмыссыз жастарды жұмысқа алатын мамандықтар (кәсіптер) бойынша тізімді, «Жастар іс - тәжірибесіне» қатысушыларды мамандыкка сәйкес кәсіби білімі мен дағдысын қамтамасыз етуді қарайды.
Тармақ 10
10. ««Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» жасасқан келісім-шартқа сәйкес «Жастар іс - тәжірибесі» белгісі бар жолдамамен жұмыссызды мекемеге жібереді. ««Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен » жасасқан шарт шеңберінде, жұмыссызды нақты жұмыс орнына алу жөніндегі шешімді «Жұмыс беруші» қабылдайды. «Жұмыс беруші» жолдаманың үзінді талонын толтырып жұмыспен қамту орталығының мекен жайына жібереді.
Тармақ 11
11. Жұмыссызды уақытша жұмысқа алу жөніндегі шешім қабылдаған
жағдайда «Жұмыс беруші» Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» Заңына сәйкес «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен » келісім - шартта ескертілген мерзімге онымен еңбек келісім- шартына (контрактқа) отырады. Жастар іс-тәжірибесінің басталуы алдында жұмыс беруші қажеттілікке байланысты жұмыссызды жұмыс орнына жіберуге міндетті қосымша курстық даярлықты өткізеді.
Тармақ 12
12. «Жұмыс беруші» жұмыссызды жұмысқа орналастырғанда «Жұмыспен қамту орталығына» жұмысқа қабылдаған кезден 3 күн асырмай еңбек келісім-шартының көшірмесі қосылған уақытша жұмысқа қабылдау жөніндегі бұйрықтың көшірмесін ұсынады.
Тармақ 13
13. «Жастар іс - тәжірибесіне» қатысушы еңбек заңнамасын бұзған жағдайда «Жұмыс беруші» бір жақтылық тәртіпте келісім-шартты бұзуға құқылы.
Тармақ 14
14. «Жұмыс берушінің» ықыласы бойынша жұмыссызбен келісім-шарт бұзылғанда жұмыс беруші «Жастар іс - тәжірибесінің» аяқталғаны және «Жастар іс - тәжірибесі» қатысушысының жұмыстан босағаны жөнінде 3 күн мерзімінде ««Жұмыспен қамту және әлеуметтік багдарламалар бөліміне» ақпарат береді.
Кәсіпорыннан жұмыстан босатылу Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» Заңына сәйкес жұргізіледі.
Жұмыссыз «Жастар іс - тәжірибесіне» қатысуының доғарылуы жөнінде шешім қабылдауға болады, ол туралы «Жұмыс берушіні» жөне ««Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін» 3 күн мерзімінде хабардар етеді.
Тармақ 15
15. Келісім- шарттың мерзімі өткеннен кейін «Жұмыс беруші» ««Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне» азаматтың еңбек келісім-шарты (контракт) бойынша жұмысқа қабылданғаны жөніндегі бұйрықтың көшірмесін немесе оның кәсіпорыннан жұмыстан босатылуы туралы бұйрықтың көшірмесін жібереді.
Тармақ 16
16. «Жұмыс берушінің» шешімі бойынша жұмыссыз «Жастар іс - тәжірибесін» өту мерзімінің аяқталуына дейін тұрақты жұмыс орнына орналаса алады. Онда «Жұмыс беруші» ««Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне» «Жастар іс - тәжірибесіне» қатысушының еңбек- келісім шарты бойынша (контракт) жұмысқа алынганы жөніндегі бұйрықтың көшірмесін жібереді.
Тармақ 17
17. «Жұмыс беруші» шарт мерзімінің аяқталуы бойынша оған катысушының «Жастар іс - тәжірибесін» өткені туралы мінездеме ұсынады.
Тармақ 18
18. Осы немесе басқа кәсіпорындарға тұрақты (уақытша) жұмыс орнына жұмысқа орналаспаса «Жастар іс - тәжірибесінің» аяқталуы бойынша жұмыссыз жұмыссыз ретінде «Жұмыспен қамту және әлеуметт бағдарламалар бөлімінде» есепте тұруын жалғастырады.
Тармақ 4. 3. «ЖАСТАРІС-ТӘЖІРИБЕСІН» ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
3. «ЖАСТАРІС-ТӘЖІРИБЕСІН» ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
Тармақ 19
19. «Жастар іс - тәжірибесін» қаржыландыру жұмыспен қамту бағдарламасын орындалуға бекітілген шығыстар сметасына сәйкес аудандқ бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Тармақ 20
20. Маманды жұмыс орнына жіберуге қажетті қосымша курстық даярлықтың төлемі жұмыспен қамту бағдарламасында жұмыссыздардың кәсіби даярлығына қаралған қаржаттар есебінен жүргізіледі.
Тармақ 21
21. «Жастар іс тәжірибесіне» қатысушының еңбек төлемі келе мөлшерде жүргізіледі:
Тармақша 1
1) толық айға бастауыш және орта кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектері үшін бір ең төменгі жалақы;
Тармақша 2
2) толық айға жоғары оқу орындары түлектері үшін 1,2 ең төменгі жалақы.
Тармақ 22
22. «Жұмыс беруші» «Жастар іс - тәжірибесінің» қатысушысына өз қаражаты есебінен қосымша төлем жасай алады.
Тармақ 23
23. «Жастар іс - тәжірибесі» қатысушылардың еңбек төле: ««Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» олардың жеке шоттарына қаражат аудару жолымен жүргізіледі.
Тармақ 24
24. «Жастар іс - тәжірибесіне» қатысушы жұмыссыздарға есептелген еңбек ақыға қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес салық салынады.
Аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы міндетін
уақытша атқарушы
Н.Махамбетов
Басқа 41. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру
ережелері
№ 2 қосымша
Шығыс Қазақстан облысы
Тарбағатай ауданының әкімдігінің
2005 жылғы «15» 02 № 966
қаулысымен бекітілген
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру
ережелері
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1
1. Осы Ережелер жұмыссыздарды және халықтың мақсатты тобыны шыққан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін белгілейді, негізі жағдайларды және әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын мекемелермен (меншік түріне қарамастан) есеп айрысу жүйесін реттейді.
Тармақ 2
2. Осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар:
- әлеуметтік жұмыс орны - аудандық бюджет қаражаттары есебіне жұмысқа алынған жұмысшылардың еңбек ақысына жұмсалған шығынды бөлшемді өтеумен халықтың мақсатты тобынан жұмыссыз азаматтарды ба кәсібі мен мамандығына сәйкес жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің жазбаша келісімімен ұсынылған жұмыс орны.
- мақсатты топтар - «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақста Республикасы Заңымен, жергілікті атқарушы органдармен белгіленген жұмысқа орналасуда қиындықтар көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды талап ететін адамдар тобы.
Тармақ 3
3. Осы ережелер «Қазақстан Республикасындағы жергілікі мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23
қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 16)-тармақшасына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы Заңының 4, 5-баптарына сәйкес әзірленді.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан азаматтарға Қазақстг Республикасындағы еңбек, зейнетақымен қамту және сақтандыру жөнінде заңнамалық актілер қолданысқа жатады.
Тармақ 2. 2. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ
2. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ
Тармақ 5
5. Әлеуметтік жұмыс орындарын өз қаражатынан қаржыландыру және осы жұмыс орынға алынған азаматтардың еңбек ақысы шығынын аудандық бюджетінен бөлшемді өтеуімен жұмыс беруші белгілейді.
Тармақ 6
6. Жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілердің жазбаша келісімі бойынша мекемелердің (кәсіпорындардың) тізбесін және оған мақсатты топтан жұмыспен қамтылмағандарды және жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарының санын белгілейді.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған азаматтардың еңбек төлемінің өлшемді өтелуі шартқа сәйкес жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі (одан әрі «жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі») уәкілетті органмен жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін мақсатты топтан жұмыссыздарға және жұмыспен қамтылмағандарға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі іріктеу жүргізеді.
Тармақ 9
9. Жұмыс беруші жұмыссыздарды және жұмыспен қамтылмаған адамдарды «Әлеуметтік жұмыс орындарына» жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамасы бойынша жұмысқа орналастырады, жолдаманың үзінді талонын толтырады және оны жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мекен жайына жібереді.
Тармақ 10
10. Азаматтарды әлеуметтік жұмыс орнына қабылдағанда жұмыс беруші онымен Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» Заңына сәйкес жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен келісілген мерзімге еңбек шарт (контракт) жасайды.
Тармақ 3. 3. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ МЕН ШАРТТАРЫ
3. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ МЕН ШАРТТАРЫ
Тармақ 11
11. Әлеуметтік жұмыс орнына мақсатты топтан қабылданған жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмаған халықтың еңбек төлемі ай
сайын жұмыс беруші өз қаражаттарынан жеке еңбек шартыны жағдайларына сәйкес және орындалатын жұмыстың көлеміне, сапасын және қиындығына байланысты жүзеге асады.
Тармақ 12
12. Жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орнына мақсатты топта орналасқан жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмаған халықтың еңбек төлемінің шығындары бөлшемді түрде аудандық бюджет қаражаттарына 0,5-тен 1,0-ге дейін ең төменгі жалақы мөлшерінде мерзімі 6 айдан аспайты жұмыс беруші жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін ұсынған жұмыссыздардың осы айда жұмыс істеген күндері көрсетілге анықтаманың негізінде өтелінеді.
Мақсатты топтан жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмаға адамдардың еңбек төлемі бойынша дотацияны жұмыспен камтужән әлеуметтік багдарламалар бөлімі жұмыспен қамту бағдарламасы есебіне жұмыс берушілердің есеп шотына жібереді.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік жұмыс орындарына мақсатты топтан жұмыска орналасқан жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмағандардың төленетін еңбек төлеміне заңнамада белгіленген тәртіпте салық салынады.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік жұмыс орнына мақсатты топтан орналасқан жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмаған халықтың еңбек төлемі нақтылы орындалған жұмыс көлеміне жүргізіледі.
Тармақ 15
15. Кәсіпорынның есеп шотына түскен мақсатты топтағы жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмаған халықтың еңбек төлеміні шығынын бөлшемді өтеу үшін қаралған бюджет қаражаттарын мақсатсы пайдаланғаны үшін жұмыс беруші жауапты.
Тармақ 4. 4. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТӘРТІБІНЕ БАҚЫЛАУ ЖАСАУ
4. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТӘРТІБІНЕ БАҚЫЛАУ ЖАСАУ
Тармақ 16
16. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыр ережелерін сақтауға бақылауды жасауды заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы міндетін
уақытша атқарушы
Н.Махамбетов
Басқа 61. Кәсіби оқытуға жіберілген жұмыссыз және мақсатты топтан жұмыспен қамтылмаған азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеудің
№3 қосымша
Шығыс Қазақстан облысы
Тарбағатай ауданының
әкімдігінің 2005 жылғы
«15» 02 № 966 қаулысымен
бекітілген
Кәсіби оқытуға жіберілген жұмыссыз және мақсатты топтан жұмыспен қамтылмаған азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеудің
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Осы ережелер «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстаі Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғь 19-маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережелеріне және өзге де заңнамалық актілеріне сәйкеі әзірленді.
Тармақ 1. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1
1. Осы Ережелерде колданылатын негізгі ұгымдар:
Тармақша 1
1) өтініш беруші - кәсіби даярлыққа жіберілген және шығындарын өтеуе өтініш берген жұмыссыз немесе мақсатты топтан жұмыспен қамтылмаған азамат;
Тармақша 2
2) шығындарды өтеу - өтініш берушінің жол жүруіне, тамақтануына тұруына және медициналық куәландыруына жартылай немесе толық төлеу;
Тармақша 3
3) мақсатты топтан жұмыспен қамтылмаған азамат - аудандык жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесін өтініш берген жұмысқа жарамды жастағы, жұмыспен қамтылған халыкты санына жатпайтын, жергілікті атқарушы органдар белгілеген мақсатты топқа енгізілген азамат.
Тармақ 2
2. Облыс шегінде тұруға, оқу орнына барып, қайта қайтуға арналған шығындарды өтеу тұрмайтын жерінде оқитын өтініш берушіге жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Облыс шегінде тұру, медициналық куәландыру, оқу орнына барып қайта қайту шығындарының өтеуін аудандық, аудандық жұмыспен жән әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесі жүргізеді.
4.Медициналық куәландыру шығындардың өтелуі кәсіби даярлыкті белгілеуді талап ететін мамандықтар бойынша оқытуға жіберілген өтініш берушілерге жүргізіліп нәтижесіне қарамастан төленеді.
Тармақ 5
5. Өтініш берушілер медициналық куәландыруды аудандық, аудандык жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің жолдамасы бойынша өтеді.
Тармақ 6
6. Өтініш берушілердің шығындарының өтелуі құжаттарды ұсынған күннен бастап, бірақ оқу аяқталған күннен бір ай кешіктірмей жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінде ресми тіркелген және кәсіби даярлықка, біліктілікті арттыру мен қайта даярлыққа жіберілген жұмыссыз, сондай-ак мақсатты топтан жұмыспен қамтылмаған азаматтар шығындарды өтеу құқығына ие.
Тармақ 2. 2. ШЫҒЫНДАРДЫҢ ӨТЕУІН АЛУҒА ӨТІНІШ БЕРУ ТӘРТІБІ
2. ШЫҒЫНДАРДЫҢ ӨТЕУІН АЛУҒА ӨТІНІШ БЕРУ ТӘРТІБІ
Тармақ 8
8. Өтініш беруші , аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесіне жазбаша өтініш береді және қажетті кұжаттарды ұсынады.
Тармақ 9
9. Өтініш пен кұжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен сенімділігі үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтініш берушіге жүктеледі.
Тармақ 3. 3. ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ
3. ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ
Тармақ 10
10. Шығындардың өтеуін алу үшін қажетті құжаттар:
Тармақша 1
1) тұратын жеріндегі банкте жеке шотының нөмірі көрсетілген жазбаша өтініш;
Тармақша 2
2) теміржол көлігімен, жолаушы автокөлігімен (таксиден басқа) жол жүру құжаттары немесе жол жүрудің құны туралы аталған тасымалды түрлерімен айналысатын мекеменің анықтамасы;
Тармақша 3
3) медициналық куәландыруды өткені жөніндегі төлем құжаты болып табылады.
Тармақ 4. 4. ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУДІҢ МӨЛШЕРІ
4. ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУДІҢ МӨЛШЕРІ
Тармақ 11
11. Шығындардың толық өтелуі:
Тармақша 1
1) медициналық куәландыру - құжаттармен расталған зерттеудің кұны үшін;
Тармақша 2
2) өңір (облыс, аудан) шегіндегі оқу орнына барып қайта қайту жолына - кұжаттармен расталған жол жүру құны үшін жұргізіледі.
Тармақ 12
12. Тұру шығындарының жартылай өтелуі мынадай мөлшерде жүргізіледі: 1) өзге жерден келген өтініш берушілер Өскемен, Семей қалаларында
оқып жатақханаларда тұрған уақытта - ұсынылған төлем құжаттары
бойынша, бірақ айында үш айлық есептік көрсеткіштен аспаған, Жалданған тұрғын үйлерде тұрғанда - айында үш айлық есептік көрсеткіште.
Тармақша 2
2) өзге жерден келген өтініш берушілер басқа тұрғын жерлерде оқып жатақханаларда тұрған уақытта - ұсынылған төлем кұжаттары бойынша бірақ айында екі айлық есептік көрсеткіштен аспағанда. Жалданған тұрғын үйлерде тұрғанда - айында екі айлық есептік көрсеткіште.
Тармақ 13
13. Өскемен және Семей қалаларында оқитындар үшін тамақта шығындарының өтелуі айына 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, өзге елді мекендерде айына 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі.
Тармақ 5. 5. ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУ ТӨЛЕМДЕРІНІҢ ТӘРТІБІ
5. ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУ ТӨЛЕМДЕРІНІҢ ТӘРТІБІ
Тармақ 14
14. Шығындарды өтеудің төлемі Халықты жұмыспен қамту бағдарламасын орындауға қаралған аудандық бюджет қаражаттарының есебінен жүргізіледі.
Тармақ 15
15. Тұру шығындарын жартылай өтеудің төлемі оқудың аякталуы бойынша немесе ай сайын жүргізіледі.
Тармақ 16
16. Тамақтану шығындарын өтеу төлемі ай сайын жүргізіледі.
Тармақ 17
17. Медициналық куәландыру мен өңір шегіндегі (облыс, аудан) оқу орнына барып қайта қайту жолына арналған шығындардың толық өтелуін төлемі құжаттар ұсынған кезден бір ай ағымында жүргізіледі.
Тармақ 18
18. Өтініш берушіге өтелу шығындардың толық немесе жартылай төле ақшалай түрде жеке шотқа түсіру жолымен жүзеге асырылады.
Аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің.бастығы міндетін
уақытша атқарушы
Н.Махамбетов