Қолданыстағы ред. 28.02.2005

Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы от 28.02.2005 г. № 56 (Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы)

0

Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы № 836 қаулысын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудан бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің тізбесі бекітілсін (жалғанды № 1 қосымшада).

2

2. Ұйымдастыратын қоғамдық жұмыстардың түрлері бекітілсін (жалғанды № 2 қосымшада).

3

3. Қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттен және жұмыс берушілердің ұсынысы бойынша қаржыландыру мен еңбекақы төлеудің Ережесі бекітілсін (жалғанды № 3 қосымшада).

4

4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауды аудан әкімінің орынбасары З.Сисенғалиға жүктелсін.

5. Аудан бойынша коғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің тізбесі:

Жаңақала ауданы әкімдігінің 2005 жылғы
28 ақпандағы №56 қаулысымен бекітілген
№ 1 қосымша
Аудан бойынша коғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің
тізбесі:

1

1. Аудан әкімінің аппараты.

2

2. Жаңақала ауылдық округ әкімі аппараты.

3

3. Жаңақазан ауылдық округ әкімі аппараты.

4

4. Көпжасар ауылдық округ әкімі аппараты.

5

5. Жаңажол ауылдық округ әкімі аппараты.

6

6. Мастексай ауылдық округ әкімі аппараты.

7

7. Меңдешев ауылдық округ әкімі аппараты.

8

8. Қызылоба ауылдық округ әкімі аппараты.

9

9. Пятимар ауылдық округ әкімі аппараты.

10

10. Бірлік ауылдық округ әкімі аппараты.

11

11. Аудандық сот.

12

12. Аудандық ішкі істер бөлімі.

13

13. Аудандық әділет бөлімі.

14

14. Аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімі.

15

15. Аудандық № 14 мемлекеттік өртке қарсы кызмет бөлімі.

16

16. Аудандық салық комитеті.

17

17. Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы Министрілігінің аудандық аумақтық басқармасы.

18

18. Аудандық статистика бөлімі.

19

19. Аудандық қоршаған ортаны қорғау инспекциясы.

20

20. Аудандық қазынашылық бөлімі.

21

21. Аумақтық медицина бірлестігінің мемлекеттік мекемесі.

22

22. Аудандық өкпе ауруына қарсы ауруханасы.

23

23. Аудандық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы.

24

24. Аудандық санитарлық сараптама орталығы.

25

25. Аудандық газ тарту мекемесі.

26

26. Аудандық зейнетақы төлеу орталығы.

27

27. Аудандық пошта байланыс торабы.

28

28. Аудандық телекоммуникация торабы.

29

29. Жаңакала ауданы әкімдігінің «Коммунал» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.

30

30. Аудандық балабақша мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәспорыны.

31

31. Аудандық «Жаңарған өңір» редакциясы.

32

32. Аудандық білім және спорт бөлімі.

33

33. Аудандық экономика және қаржы бөлімі.

34

34. Аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімі.
35.Аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі.

36

36. Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығының № 111 филиалы.

37

37. Аудандық қала құрылысы, құрылыс, тұрғын - үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

38

38. Аудандық мәдени демалыс орталығы, мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны.

39

39. Жеке тұлғалар.

44. Ұйымдастыратын қоғамдық жұмыстардың түрлері:

Жаңақала ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 28
ақпандағы № 56 қаулысымен бекітілген.
№ 2 қосымша
Ұйымдастыратын қоғамдық жұмыстардың түрлері:

1

1. Ауыл ішін және мекеме кеңселерін безендіру жұмыстары.

2

2. Газет - журнал, хат және жеделхаттарды абоненттерге жеткізіп беру.

3

3. Құрылыс тасын, қамыс плита, мал азығын дайындау.

4

4. Аула сыпыру, ағаш, гүл егу жұмыстары, ғимарат айналасын тазалау, тазалық ары.

5

5. Халық және мал санағын жүргізуге көмектесу.

6

6. Іс қағаз толтыруға көмектесу.

7

7. Мәдени шараларды ұйымдастыруға көмектесу.

52. Қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттен және жұмыс берушілердің ұсынысы бойынша қаржыландыру мен еңбекақы төлеудің Ережесі:

Жаңақала ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 28
ақпандағы № 56 қаулысымен бекітілген.
№ 3 қосымша
Қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттен және жұмыс берушілердің ұсынысы бойынша қаржыландыру мен еңбекақы төлеудің Ережесі:

1

1. Қоғамдық жұмыстар жергілікті бюджеттен және жұмыс берушілердің сұранысы бойынша олардың қаражатынан қаржыландырады.

2

2. Қоғамдық жұмыстарды нақты қаржыландыру көлемі мен көздері аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен мекемелермен алған үлгілік шарт негізінде анықталады. Келісім шартта қоғамдық жұмыстарға жіберілген жұмыссыздардың саны және оларға төленетін еңбекақының жалпы сомасы белгіленеді.

3

3. Қоғамдық жұмысқа қатысқаны үшін жұмыссыздарға нақты атқарған жұмысына қарай еңбекақы тағайындалады, ол Республика бойынша белгіленген ең төмеңгі жалақы мөлшерінен кем болмауы тиіс. Жұмыссыздарға есептелген жалақы Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген Заңдарда белгіленген тәртіппен зейнетақы қорына 10 пайыз мөлшерінде төлем ұсталады.

4

4. Ақылы қоғамдық жұмыс белгілі бір мерзімге және төлеміне қарай ұйымдастырылатын уақытша жұмыс болғандықтан, ақылы қоғамдық жұмысқа қатысу уақытша әрбір жұмыссыз үшін 6 айдан аспауы тиіс.

5

5. Жұмыс берушілер қоғамдық жұмысқа жолдамамен жіберілген әрбір жұмыссызбен Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Заңына сәйкес жақты жеке келісім-шарт жасасады.

6

6. Қоғамдық жұмыстарға катысушы жұмыссыздарға уақытша жұмысқа жарамсыздығы, жарақаттануынан немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу жөніндегі әлеуметтік жәрдемақыны төлеуді қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жұмыс беруші жүргізеді.

7

7. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын ауылдық округтер әкімдері, мекемелер басшылары әрбір айдың 25- не атқарылған, жұмыстар туралы мәліметтерді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырылады.