Об утверждении Правил присвоения названия судна Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кемеге атау беру ережесін бекіту туралы Ішкі су көлігі кемелеріне атау беруді реттеу мақсатында және "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Кемеге атау беру ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Қ.С.Мұстафин) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е.Ж.Қошановқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. Кемеге атау беру ережесі
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2005 жылғы 28 қаңтардағы N 53-І бұйрығымен бекітілген Кемеге атау беру ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Кемеге атау беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Ереже Мемлекеттік кеме тізілімінде немесе кеме кітабында тіркелуге жататын ішкі су көлігі кемелеріне атау беру тәртібін белгілейді.
Тармақ 3
3. Ережеде мынадай негізгі ұғым пайдаланылады: кемелерді және оларға құқықты мемлекеттік тіркеу жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті.
Тармақ 4
4. Кеменің атауы мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жазылады және екі сөзден артық болмауы тиіс.
Тармақ 5
5. Атауды таңдағанда мыналарды ескеру ұсынылады:
Тармақша 1
1) осы заманғы әдеби мемлекеттік тілдің сөз жасау, стилистикалық нормаларын;
Тармақша 2
2) қоғамдық ізгілік пен адамгершілік талаптарын.
Тармақ 6
6. Тұйық бассейнде, аралас бассейндерде және аралас "өзен-теңізде" жүзу бассейндерінде пайдаланылатын кемелерге бірдей атау беруге жол берілмейді.
Тармақ 7
7. Кеменің атауы:
Тармақша 1
1) кеменің меншік иесінен Ереженің 10-тармағында көзделген құжаттардың көшірмелері қоса берілген өтініш келіп түскенде;
Тармақша 2
2) кемеге меншік құқығы ауысқанда өзгертілуі мүмкін.
Тармақ 8
8. Кеменің атауы:
Тармақша 1
1) егер кемеге құқық шектеулер (ауыртпалықтар) тіркелген болса;
Тармақша 2
2) егер қайта атау беруге кеменің меншік иесінің келісімі болмаса өзгертілмейді.
Тарау 2. 2. Кемеге атау беру тәртібі
2. Кемеге атау беру тәртібі
Тармақ 9
9. Кемеге атау бергісі келген кеменің меншік иесі уәкілетті органға өтініш береді.
Тармақ 10
10. Ерікті нысандағы өтініш мынадай құжаттардың: кемеге меншік құқығын растайтын құжаттың; осындай атауы бар кеменің жоқтығы туралы уәкілетті орган берген Мемлекеттік кеме тізілімінен немесе кеме кітабынан үзінді көшірменің; өтініш берушінің жеке басын және мекен-жайын куәландыратын құжат; есімі кемеге берілетін азаматтың немесе оның мұрагерлерінің келісімінің көшірмелері қоса берілген, кемеге атау берудің негіздемесін қамтуы тиіс.
Тармақ 11
11. Ұсынылған құжаттардың негізінде уәкілетті орган кемеге ұсынылған атауды келісу туралы шешім қабылдайды, бұл туралы Мемлекеттік кеме тізілімінде немесе Кеме кітабында тиісті жазба жасалады.
Тармақ 12
12. Ұсынылған құжаттар Ереженің талаптарына сай келмеген жағдайда уәкілетті орган келісуден бас тартуы мүмкін.
Тармақ 13
13. Қабылданған шешім туралы кеменің меншік иесіне Ереженің 10-тармағында көзделген құжаттардың келіп түскен күнінен бастап отыз күннің ішінде хабарланады.
Тармақ 14
14. Мемлекеттік кеме тізіліміне немесе кеме кітабына тиісті жазба енгізілген күн кемеге атау берілген күн болып табылады.