Об утверждении Правил организации санаторно-курортного лечения лиц, приравненных к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны и инвалидов общего заболевания Қолданыста
Басқа 0
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға
және жалпы науқастан болған мүгедектерге санаторлық-курорттық емдеуді
ұйымдастыру Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II ҚРЗ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына , Маңғыстау облыстық мәслихатының 2002 жылғы 12 сәуірдегі № 18/178 "Маңғыстау облысы бойынша мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасы туралы" және 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 8/126 "2005 жылға арналған облыстық бюджет туралы" шешімдеріне сәйкес және Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға және жалпы науқастан болған мүгедектерге санаторлық-курорттық емдеуді ұйымдастыру мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға және жалпы науқастан болған мүгедектерге санаторлық-курорттық емдеуді ұйымдастыру туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті (А.Баужанова) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарды және жалпы науқастан болған мүгедектерді санаторлық-курорттық емдеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Маңғыстау облысының қаржы департаменті (Г.С.Сейтмағанбетова) облыстық бюджет қаражаты есебінен осы мақсатқа арналған шығындарды мезгілінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалысын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Қ.Тұрысбековке жүктелсін.
Басқа 5
Қосымша
Маңғыстау облысы әкімиятының
2005 жылғы 27 қаңтарда
№ 8 қаулысымен бекітілген
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға және жалпы науқастан болған мүгедектерге санаторлық-курорттық емдеуді ұйымдастыру
ЕРЕЖЕСІ
Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II ҚРЗ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына , Маңғыстау облыстық мәслихатының 2002 жылғы 12 сәуірдегі № 18/178 "Маңғыстау облысы бойынша мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасы туралы" және 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 8/126 "2005 жылға арналған облыстық бюджет туралы" шешімдеріне сәйкес жасалған және Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға және жалпы науқастан болған мүгедектерге санаторлық-курорттық емдеуді ұйымдастыру тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Санаторлық-курорттық емдеуді ұйымдастыру Қазақстан Республикасы көлеміндегі санаторий-профилакторийлерге жолдама беру арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Санаторлық-курорттық жолдама Маңғыстау облысында тұратын Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға және жалпы науқастан болған мүгедектерге беріледі.
Тармақ 3
3. Санаторлық-курорттық жолдамаларды сатып алу облыстық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға және жалпы науқастан болған мүгедектерге санаторлық-курорттық емдеуді ұйымдастыруға қаражат жыл сайын облыстық мәслихаттың алдағы жылға арналған облыстық бюджет жөніндегі шешімімен көзделеді.
Тармақ 5
5. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға және жалпы науқастан болған мүгедектерге санаторлық-курорттық емдеуді ұйымдастырушы уәкілетті орган болып Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті (бұдан әрі - уәкілетті орган) саналады.
Тармақ 6
6. Санаторлық-курорттық емдейтін санатория-курорттарды Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы № 321-ІІ ҚРЗ "Мемлекеттік сатып алу" туралы Заңына сәйкес уәкілетті орган конкурс өткізу арқылы анықтайды.
Тармақ 7
7. Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар Маңғыстау облысы әкімиятының қаулысы негізінде енгізіледі.
Тарау 2. 2. Санаторлық-курорттық жолдама беру тәртібі
2. Санаторлық-курорттық жолдама беру тәртібі
Тармақ 8
8. Санаторлық-курорттық жолдама алу үшін Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар және жалпы науқастан болған мүгедектер уәкілетті органға мынадай құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) өтініш;
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдардың мәртебесі жөніндегі құжатының, жалпы науқастан болған мүгедектердің мүгедектігі жөніндегі анықтамасының көшірмелері.
Тармақша 3
3) медициналық мекемеден санаторлық-курорттық емделу қажеттілігі жөнінде мөрмен куәландырылған анықтама.
Тармақ 9
9. Өтініштерді тіркеуді тапсырылған құжаттар негізінде уәкілетті орган жүргізеді.
Тармақ 10
10. Санаторий-профилакторийге тегін жолдама медициналық мекеме берген тізімдегі кезегіне сәйкес, басқа адамның көмегін қажет етпейтін, өздігінен жүріп-тұра алатын адамдарға беріледі.
1 топтағы мүгедектерге жолдама берілмейді.
Тармақ 11
11. Жұмыс жасап жүрген мүгедектерге санаторий-профилакторийге тегін жолдама алуға шектеу қойылмайды.
Тармақ 12
12. Санаторлық-курорттық емдеу бойынша жеңілдіктерді республикаға және облысқа ерекше еңбегі сіңгені үшін зейнетақы алатын ардагерлер де (дербес зейнеткерлер) пайдалана алады.
Тармақ 13
13. Азаматтардың өтініші бойынша жолдама беруді кейінгі мезгілге ауыстыруға болады. Жолдаманы алып тұрып, әр түрлі себептермен (қайтыс болуы, науқастанып қалуы, жол жүруі, тағы басқа) пайдалана алмаған жағдайда, жолдама уәкілетті органның ардагерлер мен мүгедектерге қызмет көрсету бөліміне қайтарылады және кезек бойынша басқа адамға беріледі. Жолдаманы екі адам бөліп пайдалануға болмайды, алған адам толық пайдалануы керек.
Тармақ 14
14. Жолдамаға уәкілетті орган басшысының қолы қойылады және мөрмен куәландырылады.
Тарау 3. 3. Санаторлық-курорттық жолдама алуға жұмсалатын шығынды
қаржыландыру
3. Санаторлық-курорттық жолдама алуға жұмсалатын шығынды
қаржыландыру
Тармақ 15
15. Уәкілетті орган 2, 12 тармақтарда көрсетілген азаматтардан түскен өтініштердің есебіне сәйкес қажетті қаржыны бөлу туралы әр айдың 5-жұлдызына дейін санаторлық-курорттық жолдама алу үшін облыстың қаржы департаментіне сұраныс түсіреді.
Тармақ 16
16. Осы сұраныстың негізінде және қаржыландыру жоспарына сәйкес облыстың қаржы департаменті ағымдағы айдың 5-жұлдызына дейін бекітілген бюджеттік бағдарламаларға сәйкес уәкілетті органның есеп-шотына санаторлық-курорттық жолдама алу үшін қаржы аударады.
Тармақ 17
17. Уәкілетті орган бұл қаржыны жолдама алу үшін санаторий-профилакторийдің есеп-шотына аударады. Алынған жолдамалар азаматтарға бергенге дейін арнаулы сейфте сақталады.
Тармақ 18
18. Санаторий-профилакторийға барып-келуі үшін жол шығыны мен пайдаланбаған жолдаманың орнына ақшалай өтемақы төленбейді.
Тарау 4. 4. Есепке алу және есеп беруді жүргізу
4. Есепке алу және есеп беруді жүргізу
Тармақ 19
19. Уәкілетті орган ай сайын азаматтарды санаторлық-курорттық емдеуді ұйымдастыру жөніндегі есебін жүргізіп, әр айдың 9-жұлдызынан кешіктірмей облыстың қаржы департаментіне тапсырады.
Тарау 5. 5. Бақылау
5. Бақылау
Тармақ 20
20. Санаторлық-курорттық емдеуге бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуына бақылау жүргізуді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тексеруші орган жүзеге асырады.