О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 28 ақпандағы N 173 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Тармақ 1
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.04.04 266 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 2
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.09.30 № 992 Қаулысымен.
Тармақ 3
3. "Туризм жөнiндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 30 қазандағы N 1631 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 44-45, 534-құжат):
Тармақша 1
1) Туризм жөнiндегі кеңестің құрамына мыналар енгізiлсiн: Мыңбаев - Қазақстан Республикасы Премьер- Сауат Мұхаметбайұлы Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi, төраға Исекешев - Қазақстан Республикасының Индустрия Әсет Өрентайұлы және сауда вице-министрi, төрағаның орынбасары Өскенбаев - Қазақстан Республикасы Индустрия және Қайырбек Айтбайұлы сауда министрлігінiң Сауда және туристiк қызметтi реттеу комитетiнiң төрағасы Қайсаров - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Уәлихан Әбiшұлы Сенаты Әлеуметтiк-мәдени даму комитетiнің хатшысы, Спорттық туризм және туристiк көпсайыс республикалық федерациясы қауымдастығының төрағасы (келiсiм бойынша) Елеусiзов - Қазақстанның "Табиғат" қауымдастықтар Мэлс Хамзаұлы мен кәсiпорындар экологиялық одағының төрағасы (келiсім бойынша) мына: "Никитинский - Қазақстан Республикасының Туризм және Евгений Сергеевич спорт жөнiндегі агенттігi төрағасының орынбасары Зәкiриянов - Спорттық туризм және туристiк көпсайыс Қайрат Хайроллаұлы республикалық федерациясының президенті, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт академиясының ректоры (келiсiм бойынша) Казанцев - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Павел Олегович жанындағы Кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссияның мүшесi, Астана қаласы кәсiпкерлердiң құқықтарын қорғау қауымдастығының президентi" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: "Никитинский - Қазақстан Республикасы Индустрия және Евгений Сергеевич сауда министрлігінiң Сауда және туристiк қызметтi реттеу комитетi төрағасының орынбасары Зәкiриянов - Орталық Азия бейiндi жоғары оқу орындары Қайрат Хайроллаұлы қауымдастығының президентi (келiсiм бойынша) Казанцев - Астана қаласы кәсiпкерлердiң құқықтарын Павел Олегович қорғау қауымдастығының президентi (келiсiм бойынша)"; көрсетiлген құрамнан Есiмов Ахметжан Смағұлұлы, Кәрменова Альмира Нұрқасқызы, Савченко Светлана Юрьевна, Тұрлыханов Дәулет Болатұлы, Уажанов Тұрсын Үшбайұлы шығарылсын;
Тармақша 2
2) көрсетілген қаулымен бекiтiлген Туризм жөнiндегi кеңес туралы ережеде: 19-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Сауда және туристiк қызметтi реттеу комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 4
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.08.2016 № 476 қаулысымен.
Тармақ 5
5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 621 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).