О правилах содержания животных в городе Курчатове Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Курчатов қаласында айуандарды ұстау ережелері туралы Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабымен, Қазақстан Реслубликасы әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 310,311 баптарымен, Қазақстан Республикасы «Ветеринария туралы» Заңымен кес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Курчатов қаласында айуандарды устау ережелері» бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім Шығыс Қазақстан облысы Әділет Департаментінде ллекеттік тіркеу күнінен күшіне енеді және 2005 жылдың 1 наурызынан іске енгізіледі.
Басқа 3. Курчатов қаласында айуандарды ұстау ЕРЕЖЕЛЕРІ
Курчатов қалалық мәслихатының 13 сессиясының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 13/51-111 шешіміне Қосымша Курчатов қаласында айуандарды ұстау ЕРЕЖЕЛЕРІ Осы ережелер Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы 148-11 «Қазақстан Республиқасындағы жергілікті мемлекеттік басқару ралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі 339-ІІ «Ветеринария туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155-II «Әкімшілік процедуралар туралы» Кодексімен йкес жасалған.
Тарау 1
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы шешім Курчатов қаласындағы ведомстволық бағыныштылығы мен меншік түріне қарамастан, барлық ұйымдар мен кәсіпорындарды қоса алғанда, айуандарды иеленушілерге қатысты.
Тармақ 2
2. Айуандарды ұстаудың міндетті шарты мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі Курчатов қалалық аймақтық басқармасының ветеринарлық қадағалау бөлімінде 2,5-3 айлық шамасынан бастап, өте қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы егу, диагностикалық тексеру мен паразиттік ауруларға қарсы өңдеу, жыл сайынғы қайта тіркеуге тіркеу, жаңадан алынғандары апталық мерзімде тіркелулері тиіс. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі Курчатов қалалық аймақтық басқармасының ветеринарлық қадағалау бөлімі бекіткен үлгідегі ветеринарлық құжат беріледі (Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі №164 бұйрығымен бекітілген), сонымен бірге иеленушілерді айуандарды ұстау ережелерімен таныстырады;
Тармақша 2
2) Санитарлық- гигиеналық, санитарлық- ветеринарлық ережелер мен нормаларды сақтау;
Тармақша 3
3) Айуандар көрмеге және асыл тұқымдылар байқауына қатысуға тіркеу куәлігінсіз жіберілмейді.
Тармақша 4
4) Айуандарды қаладан тыс жерлерге сату және әкету Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі Курчатов қалалық аймақтық басқармасында берілген егу және дегельминтизация мерзімі көрсетілген бекітілген үлгідегі ветеринарлық куәлікті хаттағанда ғана рұқсат етіледі.
Тарау 2. 2. Айуандарды иеленушілердің міндеттері
2. Айуандарды иеленушілердің міндеттері
Тармақ 5
5. Айуандарды иеленушілер:
Тармақша 1
1) Оларды биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес устауға, айуандарға ейіріммен қарауға, қараусыз, тамақсыз не сусыз қалдырмауға, ұрып- оқпауға, ауырып қалған жағдайда ветеринарлық көмек қолдануға;
Тармақша 2
2) оларды ұстайтын және серуендететін жерлерді қажетті санитарлық жағдайда ұстауға, аулаларды, подъездерді, баспалдақ торларын, лифтерді, Залалар алаңдарын, соқпақ жолдар, жүргіншілер жолдарын, саябақтарды, демалыс аймақтарын ластамауға, ластаған жағдайда арнайы құралдардың көмегімен ( дорба, қалақша) міндетті жинауды жүргізуге;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлігі Курчатов қалалық аймақтық басқармасы мамандарының талабымен айуандарды уақытында диагностикалық тексерулер мен емдеу- алдын ала өңдеу, тексеру үшін әкелуге;
Тармақша 4
4) айналадағы адамдар мен жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті шараларды қабылдауға;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі Курчатов қалалық аймақтық басқармасына айуанды алғаны, жоғалтқаны немесе өлімі туралы хабарлауға;
Тармақша 6
6) Айуан адамды немесе басқа айуандарды тістеп жарақаттаған жағдайда иелері бул туралы Қазақстан Републикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі Курчатов қалалық аймақтық басқармасына және мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасына тез арада хабарлауға, айуандарды Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі Курчатов қалалық аймақтық басқармасына тексеруге және ветеринар мамандардың бақылауымен аулақ устауға әкелуге;
Тармақша 7
7) айуандарды ары қарай устауға мүмкіншілік болмаса, оны басқа тулғаға немесе ветеринарлық мекемеге тапсыруға міндетті.
Тармақ 6
6. Үй айуандарының өлігін лақтырмай, мал қорымына өткізуге немесе жерлеуге тиіс.
Тарау 3. 3. Айуандарды иеленушілердің құқықтары
3. Айуандарды иеленушілердің құқықтары
Тармақ 7
7. Әрбір айуан иеленушінің меншігі болып табылады және кез келген меншік ретінде заңмен қорғалады.
Тармақ 8
8. Айуан, қутырған аурумен ауырғаннан басқа жағдайларда.иесінің келісімімен ғана алынады.
Тармақ 9
9. Иеленуші итті шектеулі уақытқа дүкен немесе басқа мекеме алдында қысқа қарғыбаумен (ірі итті - тумылдырықта) қалдыруға қуқы бар.
Тарау 4. 4. Иттер мен мысықтарды ұстау
4. Иттер мен мысықтарды ұстау
Тармақ 10
10. Иттер мен мысықтардың иелеріне мыналар руқсат етіледі:
Тармақша 1
1) Айуандарды екі не одан да көп , туыстық қатыстармен байланыспаған отбасылармен, олардың келісімімен және көршілердің медициналық қарама- қайшылығы болмаса, турғын үйлерде, оның ішінде пәтерлерде ұстауға;
Тармақша 2
2) иттерді айналасы жақсы қоршалған жеке үйлерде ұстау, сыртқы кірер жерде иттің бар екендігі туралы ескерту жазу болуы тиіс;
Тармақша 3
3) иттерді, мысықтарды және басқа да айуандарды балалар мен жасөспірімдер мекемелеріндегі, жазғы және қысқы сауықтыру санаториялық- курорттық мекемелердегі «хайуанаттар мүйісінде», «тірі мүйістерде» санитарлық -эпидемиологиялық және ветеринарлық қызметтердің рұқсатымен үстауға;
Тармақша 4
4) мекемелер мен ұйымдарда күзет иттерін тек байлауда немесе вольерде үстауға;
Тармақша 5
5) тыйым салынатын жазулары жоқ мекемелерге, азық-түліктік емес дүкендерге иеленуші итімен тумылдырықта не қысқа тізгінде келуге;
Тармақша 6
6) иттер мен мысықтарды қала көлігінде тасу жолаушылардың мазасын алмайтындай жағдайларда жүргізілуі тиіс.
Тармақ 12
12. Иеленуші шектеулі уақытқа итті қысқа тізгінде( ірі итті- тұмылдырықта) дүкеннің немесе басқа мекемелердің алдына қалдыруына болады.
Тармақ 13
13. Қоғамдық орындардағы иттер, иелері байлауда қалдырғандардан басқа, алып жүретін түлға болмаса, қаңғыма деп саналады, қаңғыма айуандарды үстау және айуандардың өлігін жинайтын мамандандырылған мекемелердің міндетті аулауына жатады.
Тармақ 14
14. Айуандар иелеріне:
Тармақша 1
1) Айуандарды балалар аулалары алаңцарында, балалардың мектепке дейінгі мекемелерінде, мектеп және оқу мекемелерінде, денсаулық сақтау, спорт алаңдарында, саябақтарда су қубырлары мен қалалық жағажайда қыдырту;
Тармақша 2
2) айуандарды серуендету жене мае күйінде олармен қоғамдық орындар мен көлікте жүруге және 14 жасқа дейінгі балалармен жүргізуге;
Тармақша 3
3) айуандарды қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында, азық-түлік дүкендерінің сауда және өндірістік залдарында устауға және әкелуге;
Тармақша 4
4) айуандарды көпшілік пайдаланатын орындарда: подъездарда, баспалдақ торлары мен шатырларда, жер төлелерде, жатақхана дәліздерінде устауға және әкелуге;
Тармақша 5
5) Курчатов қаласының аумағында ит урыстарын өткізуге;
Тармақша 6
6) белгіленбеген жерлерде ветеринарлық қужаттарсыз және айуандардың құжаттарынсыз құжат, күшік картасы, туқымының сертификаты) иттер мен күшіктерді, мысықтарды сатуға;
Тармақша 7
7) айуандардың өлігін лақтру және өз еркімен жерлеуді жүргізуге тыйым салынады.
Тарау 5. 5. Ауыл шаруашылық үй жануарларын, құстарды, араларды ұстау
5. Ауыл шаруашылық үй жануарларын, құстарды, араларды ұстау
Тармақ 15
15. Ауыл шаруашылық үй жануарлары, құстар, аралар тұрғын үй бөлігінде, мектептер, емдеу және балалар мекемелері, саябақтар, гадиондар, қоғамдық тамақтану кәсіпорындары, сауда, азық- түлік өндірісі, көппәтерлі үйлер, көпшілік демалыс орындары, балалар ауықтыру лагерьлері, жасанды өзендер, артезиан қүдықтары мен Ертіс өзенінің жағасынан және оның салаларынан, істегі нормаларға сәйкес, қашықта орналасқан арнайы жабдықталған жабық қораларда ұсталуы тиіс. Бірқабатты үйлерде бір ғана отбасы тұрған жағдайда, жануарларды, құстарды, араларды ұстау, осы үйде туратын көршілерінің келісімімен, берілген ветеринарлық-санитарлық ережелерді сақтағанда рұқсат етіледі.
Тармақ 16
16. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі Курчатов қалалық аумақтық басқармасының ветеринарлық бөлімінде ауыл шаруашылық жануарларын сәйкестендіру мен оларға ветеринарлық құжаттарды (ауыл шаруашылығы Министрлігінің 2003 жылғы «02» сәуірдегі № 164 бұйрығы) хаттау қамтамасыз етіледі.
Тармақ 17
17. Экзотикалық жануарлар Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің Курчатов қалалық аумақтық басқармасының мақсатымен ғана ұсталады.
Тармақ 18
18. Ауыл шаруашылық жануарлары № 1 формадағы ветеринарлық куәліксіз және жануарлар мен өсімдіктерден алынған тағамдар және шикізаттар № 2 формадағы ветеринарлық куәліксіз шығарылмайды, әкелінбейді.
Тармақ 19
19. Жануарларды сою алдындағы тексерусіз және союдан кейінгі ветеринарлық- санитарлық сараптаусыз тапсыру үшін союға рұқсат етілмейді.
Тармақ 20
20. Мал қора таза ұсталып, уытсыздандыру уақытында жүргізіледі; көң, жемшөп қалдықтары мен қоқыс уақытында арнайы бөлінген орынға шығарылуы тиіс.
Тармақ 21
21. Жабайы және үй жануарларын мектепке дейінгі мекемелердегі, мектептердегі, кооперативтердегі хайуанаттар мүйісінде Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі Курчатов қалалық аумақтық басқармасының рұқсатымен ғана ұсталады.
Тармақ 22
22. Көшелерде, скверлерде, саябақтарда, алаңдарда және басқа да лшілік орындарында малды шығарып жаюға рұқсат етілмейді.
Тарау 6. 6. Айуандар иелерінің осы Ережелерді сақтамағаны үшін жауапкершілігі
6. Айуандар иелерінің осы Ережелерді сақтамағаны үшін жауапкершілігі
Тармақ 23
23. Иеленуші ветеринарлық- санитарлық шараларын сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексінің 310 бабына сәйкес жауап береді.
Тармақ 24
24. Осы ережелерді бұзғаны үшін жануар иеленуші Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексінің 311 бабына сәйкес жауап береді.
Тарау 7. 7. Тұрғын үй қорын пайдалануға жауап беруші тұрғын үй кооперативтері, жеке меншік пәтерлер кооперативтері, кондоминиумдар, кәсіпорындардың жануарларды ұстау ережелерін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері
7. Тұрғын үй қорын пайдалануға жауап беруші тұрғын үй кооперативтері, жеке меншік пәтерлер кооперативтері, кондоминиумдар, кәсіпорындардың жануарларды ұстау ережелерін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері
Тармақ 25
25. Тұрғын үй қорын пайдалануға жауап беруші тұрғын үй кооперативтері, жеке меншік пәтерлер кооперативтері, кондоминиумдар, кәсіпорындар міндетті:
Тармақша 1
1) Иттерді серуендетуге өздеріне бекітілген аумақтан не мөлтек аудан (квартал) аумағынан , құрылыс салынбаған, таңбалары, белгілері қойылған, орындарды анықтау;
Тармақша 2
2) Иттерді серуендету орны берілген аулалық аумақтың санитарлық жағдайын ұстау;
Тармақша 3
3) жертөлелер, шатырлар мен басқа да қосымша бөлмелердің есіктері, жануарлар кіре алмайтындарынан басқа, жабық қалпында ұсталу керек;
Тармақша 4
4) жануарларды аулайтын ұйымдарға өз аумақтарындағы кезбе иттер мен мысықтар туралы хабарлау керек.
Тарау 8. 8. Ветеринарлық қадағалау органдарының міндеттері
8. Ветеринарлық қадағалау органдарының міндеттері
Тармақ 26
26. Ветеринарлық қадағалау органдары міндетті:
Тармақша 1
1) айуандар иелерінің ветеринарлық- санитарлық шараларды орындауына, мерзімінде өткізуіне бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) халық арасында айуандардың ауруының алдын алу мақсатында түсініктеме жұмыстарын жүргізу, халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау, қаланың ветеринарлық- санитарлық жайлылығын қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) Жануарлар иелеріне жануарлар ауруының алдын алу және емдеу туралы кәсіби көмек жүргізеді.
Тармақ 27
27. Ветеринарлық қадағалау органдары айуандар иелеріне көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасы үшін жауап береді. айуандарға