«Об утверждении Правил оказания социальной помощи» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына және «Қазақстан Республикасы бюджеттік кодексінің» 53 бабының 4 тармағына сәйкес жекелеген мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Щучье аудандық маслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Жеңістің 60 жылдығы құрметіне Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қажеттерін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек көрсету Ережелері бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Тұрмысы күнкөріс деңгейінен төмен мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторийлық-курорттық жолдамда сатып алуы үшін әлеуметтік көмек көрсету ережесі бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 3
3. Мүгедектер мен мүгедек балаларды арнайы жолдама бойынша тиісті дәрігерлік мекемелерде емдеуге теміржол көлігімен жүруіне әлеуметтік көмек көрсету ережесі бекітілсін (3 қосымша).
Тармақ 4
4. Щучье аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жанындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің тұрмыс жағдайын тексеру жөніндегі комиссия құрамы бекітілсін (4 қосымша).
Тармақ 5
5. Щучье аудандық маслихатының 2004 жылғы 03 маусымдағы № С7/4 «Әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы» тіркеу (№ 2645, 25.06.2004 жылғы) шешімі күшін жойды деп есептелсін.
Тармақ 6
6. Осы шешім Ақмола облыстық әділет органдарында тіркелген уақыттан бастап күшіне енеді.
Басқа 7
Щучье аудандық мәслихатының 2005 жылғы 3 ақпандағы «Әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы» № С-13/7 шешіміне 1 қосымша Жеңістің 60 жылдығы құрметіне Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қажеттерін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек көрсету Ережелері.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелері
1. Жалпы ережелері
Тармақ 1
1. Осы ережелер жеңістің 60 жылдығы құрметіне Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің мұқтаждықтарын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек көрсету тәртібін «Жергілікті өкілді органдар шешімі бойынша жекелеген мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдер» 007-000 бюджеттік бағдарламасы бойынша белгіленеді.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы, «Қазақстан Республикасының бюджеттік кодексінің» 53 бабының 4 тармағы ережелерді қабылдау үшін құқықтық негіз болып табылады.
Тармақ 3
3. Жеңістің 60 жылдығы құрметіне Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қажеттерін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек тұрғын үйді ағымдағы ұсақ жөндеу жұмыстарын қажет ететін жағдайын тексеру нәтижелері бойынша Щучье аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде құралған ардагерлердің тұрмыс жағдайын тексеру жөніндегі комиссия (әрі қарай комиссия) шешімімен және тіс салдыруға дәрігерлік тұжырымдама негізінде тағайындалып, төленеді.
Тармақ 4
4. Щучье аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі есептеу жүргізеді, әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтар тізімін жасайды, аудандық қаржы бөліміне қаржыландыруға арыз береді.
Тармақ 5
5. Ереже Қазаустан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңында белгіленген қатынастарға жарамсыз.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі
2. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтінішті оны алуға құқықты адам тиісті құжаттармен бірге тапсырады.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттар 10 күн мерзімінде қаралады.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмек тағайындалмаған жағдайда Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімі ол туралы арыз иесіне жазбаша хабарлайды.
Тармақ 9
9. Арыз иесі өтініші мен құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығы және шек келтірілмейтініне Заңнамаға сәйкес жауап береді.
Тармақ 10
10. Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің шешімі сот арқылы шағымдандырыла алады.
Тарау 3. 3. Қажетті құжаттар тізбесі
3. Қажетті құжаттар тізбесі
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмек тағайындау құқығын растайтын құжаттар:
Тармақша 1
1) ардагердің тұрмыстық жағдайын тексеру актісі;
Тармақша 2
2) тіс салдыруға дәрігерлік мекеме берген төлем;
Тармақша 3
3) жеке куәлігі көшірмесі;
Тармақша 4
4) салық төлеушінің тіркеу нөмері;
Тармақша 5
5) Ұлы Отан соғысы ардагері куәлігінің көшірмесі.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмек мөлшері
4. Әлеуметтік көмек мөлшері
Тармақ 12
12. Жеңістің 60 жылдығы құрметіне Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қажеттерін қамтамасыз ету үшін әлеуметпк көмек, комиссияның тұрмыстық жағдайын тексеру актіге байланысты және дәрігерлік тұжырымдамаға сәйкес көрсетіледі.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмек төлемі
5. Әлеуметтік көмек төлемі
Тармақ 13
13. Жеңістің 60 жылдығы құрметіне Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қажеттерін қамтамасыз ету ушін әлеуметтік көмек төлемдері жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік көмек төлемі тиісті операциялар жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлтық банкінің лицензиясы бар, Заңнамада белгіленген тәртіп бойынша конкурста жеңіп шыққан банктер арқылы жүргізіледі.
Басқа 32
Щучье аудандық мәслихатының 2005 жылғы 3 ақпандағы «Әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы» № С-13/7 шешіміне 2 қосымша Тұрмысы күнкөріс деңгейінен төмен мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторийлық-курорттық жолдама сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету ержелері
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ережелер тұрмысы күнкөріс деңгейінен төмен мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторийлық курорттық жолдама сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету тәртібі 007-000 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдер» бюджеттік бағдарламасы бойынша белгіленеді.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы, «Қазақстан Республикасы бюджеттік кодексінің» 53 бабының 4 тармағы ережелерді қабылдау үшін құқықтық негіз болып табылады.
Тармақ 3
3. Тұрмысы күнкөріс деңгейінен төмен мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторийлік-курорттық жолдама сатып алу үшін әлеуметтік көмек алдын ала емделу үшін тағайындалып және төленеді.
Тармақ 4
4. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі есептеу жүргізеді, әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтар тізімін жасайды, аудандық қаржы бөліміне қаржыландыруға арыз береді.
Тармақ 5
5. Ереже Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңнамада белгіленген қатынастарға жарамсыз.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі
2. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтінішті оны алуға құқықты адам тиісті құжаттармен бірге тапсырады.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттар 10 күн мерзімінде қаралады.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартылған жағдайда ІЦучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімінің шешімі ол туралы арыз иесіне хабарлайды.
Тармақ 9
9. Арыз иесі өтініші мен құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығы және шек келтірілмейтініне Заңнамаға сәйкес жауап береді.
Тармақ 10
10. Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімінің шешімі сот тәртібінде қайта қаралуы мүмкін.
Тарау 3. 3. Қажетті құжаттар тізбесі
3. Қажетті құжаттар тізбесі
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмек тағайындау құқығын растайтын құжаттар:
Тармақша 1
1) мүгедектердің санаторийде алдын ала емделуі қажеттілігі жөнінде дәрігерлік кеңес комиссиясының қорытындысы;
Тармақша 2
2) тұрмыстық жағдайын тексеру актісі;
Тармақша 3
3) дәрігерлік әлеуметтік сараптама бөлімінің анықтамасының көшірмесі;
Тармақша 4
4) жеке куәлігі көшірмесі;
Тармақша 5
5) салық төлеушінің тіркеу номері.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмек мөлшері
4. Әлеуметтік көмек мөлшері
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмек мөлшерін арнаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімінің шешімі белгілейді.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмек төлемі
5. Әлеуметтік көмек төлемі
Тармақ 13
13. Тұрмысы күнкөріс деңгейінен төмен мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторийлық - курорттық жолдама сатып алу әлеуметтік көмек төлемі жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады. Әлеуметтік көмек төлемі тиісті операциялар жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлтық банкінің лицензиясы бар, Заңнамада белгіленген тәртіп бойынша конкурста жеңіп шыққан банктер арқылы жүргізіледі.
Басқа 56
Щучье аудандық мәслихатының 2005 жылғы 3 ақпандағы «Әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы» № С-13/7 шешіміне 3 қосымша Мүгедектер мен мүгедек балаларды мекемелерде емдеуге байланысты теміржол көлігімен жүруге әлеуметтік көмек көрсету ережелері
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ережелер мүгедектер мен мүгедек балаларды медициналық мекемелерде емдеуге байланысты теміржол көлігімен жүруге әлеуметтік көмек көрсету тәртібі 007-000 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдер» бюджеттік бағдарламасы бойынша белгіленеді.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Занының 6 бабы, «Қазақстан Республикасы бюджеттік кодексінің» 53 бабының 4 тармағы ережелерді қабылдау үшін құкықтық негіз болып табылады.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмек мүгедектерге және мүгедек балаларды Астана, Алматы және Қазақстан Республикасының басқа да қалаларында медидиналық мекемелерде емделуге, не тексерілуіне байланысты тағайындалып және төленеді.
Тармақ 4
4. Аудандық жұмыспең қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі есептеу жүргізеді, әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтар тізімін жасайды, аудандық қаржы бөліміне қаржыландыруға арыз береді.
Тармақ 5
5. Ереже Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңнамада белгіленген қатынастарға жарамсыз.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі
2. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтінішті оны алуға құқықты адам тиісті құжаттармен бірге тапсырады.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттар 10 күн мерзімінде қаралады.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартылған жағдайда Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімі шешімі ол туралы арыз иесіне хабарлайды.
Тармақ 9
9. Арыз иесі өтініші мен құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығы және шек келтірілмейтініне Заңнамаға сәйкес жауап береді.
Тармақ 10
10. Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімінің шешімі сот тәртібінде қайта қаралуы мүмкін.
Тарау 3. 3. Қажетті құжаттар тізбесі
3. Қажетті құжаттар тізбесі
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмек тағайындау құқығын растайтын құжаттар:
Тармақша 1
1) емделуі қажеттілігі немесе дәрігерлік мекемелерде тексерістен өтуі туралы Ақмола облысының денсаулық сақтау Департаментінің жолдамасы;
Тармақша 2
2) көмек сұраған адамдардың тұрмыстық жағдайын тексеру актісі;
Тармақша 3
3) жеке куәлігі көшірмесі;
Тармақша 4
4) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
Тармақша 5
5) жол жүру билеті;
Тармақша 6
6) эпикризден үзінді.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмек мөлшері
4. Әлеуметтік көмек мөлшері
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмек дәрігерлік мекемеге барып қайту жол жүру билеті негізінде, бірақ теміржол көлігінің жүрдек поезды купелік вагоны бағасынан аспайтын мөлшерде төленеді. -18 жасқа толмаған балалар; - Ақмола облысының денсаулық Департаментінің тұжырымдамасы сәйкес, аурулардың жанына адам ертіп жүруге құқы бар.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмек төлемі
5. Әлеуметтік көмек төлемі
Тармақ 13
13. Мүгедектерге және мүгедек балаларға емдеуге темір жол көлігімен жүруіне әлеуметтік көмек жергілікті бюджет есебінен төленеді.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік көмек төлемі тиісті операциялар жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлтық банкінің лицензиясы бар, Заңнамада белгіленген тәртіп бойынша конкурста жеңіп шыққан банктер арқылы жүргізіледі.
Басқа 82. Жеңістің 60 жылдығы құрметіне тұрғын үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын қажет ететін Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің тұрмыс жағдайын тексеру жөніндегі комиссия құрамы:
Щучье аудандық мәслихатының 2005 жылғы 3 ақпандағы «Әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы» № С-13/7 шешіміне 4 қосымша Жеңістің 60 жылдығы құрметіне тұрғын үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын қажет ететін Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің тұрмыс жағдайын тексеру жөніндегі комиссия құрамы:
Тармақ 1
1. Сапаров Аманжол Аққошқарұлы - Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімі бастығы, комиссия төрағасының
Тармақ 2
2. Чернышов Николай Григорьевич - Щучье ауданының қала қүрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары (келісімі бойынша)
Тармақ 3
3. Порохня Любовь Васильевна - Щучье аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүгедектер және ардагерлермен жұмыс істеу бөлімінің меңгерушісі, комиссия хатшысы
Тармақ 4
4. Мұқатаев Амантай Бейсенбайұлы - Щучье ауданының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы (келісімі бойынша)
Тармақ 5
5. Қапышев Қадем Ерденұлы - Щучье ауданының ардагерлер президиумының мүшесі (келісімі бойынша)
Тармақ 6
6. Шматкова Валентина Алексеевна - Щучье ауданының ішкі саясат бөлімінің бастығы (келісімі бойынша)
Тармақ 7
7. Рақымбаева Сара Құсайынқызы - Щучье аудандық мәслихатының депутаты (келісімі бойынша).