Об утверждении Правил осуществления социальных выплат отдельным категориям граждан Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жеке азаматтар категориясына әлеуметтік көмек төлеуді жүзеге асыру Ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес және аудан әкімінің ұсынуымен, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Жеке азаматтар категориясына әлеуметтік көмек төлеуді жүзеге асыру Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 1 наурыздағы № С-4/4 «Жеке азаматтар, категориясына әлеуметтік көмек төлеуді жүзеге асыру Ережелерін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп саналсын.
Тармақ 3
3. Аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, әлеуметтік-экономикалық даму, экология және ардагерлермен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясына Ережені жүзеге асыру барысын бақылау жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және міндетті түрде жариялануға тиісті.
Басқа 5
Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 24 ақпандағы № 3С-11/8 шешімімен бекітілген. Жеке азаматтар тобына әлеуметтік төлем төлеуді жүзеге асыру Ережелері
Тарау 1. 1. Ортақ қағида.
1. Ортақ қағида.
Тармақ 1
1. Жеке азаматтар тобына әлеуметтік төлем төлеуінің Негізгі Ережелер (әрі қарай ережелер) «Жергілікті өкілеттік орындардың шешімі бойынша жеке азаматтар тобына әлеуметтік төлем төлеу» 451007000 бюджеттік бағдарламасы бойынша ұйымдастыру тәртібін реттейді.
Тармақ 2
2. Ережені қабылдау үшін құқықтық негіз болып: «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқармасы туралы» және Қазақстан Республикасының бюджеттік кодексінің негізінде болып есептелінеді.
Тармақ 3
3. Бұл ереже Қазақстан Республика Заңымен реттелетін «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» ереже ауқымына жұмыс жасамайды.
Тарау 2. 2. Төлем алу құқығы.
2. Төлем алу құқығы.
Тармақ 4
4. Табысы аз, ең төмен күнкөріс деңгейінен табысы төмен отбасылар (азаматтар), төтенше жағдайларға ұшыраған, әлеуметтік жәрдем қажет ететіндер және мерекелік күндеріне байланысты жеке азаматтар тобы әлеуметтік төлем алуға құқылы. Өмірдің қиын жағдайлары болып саналатын: отбасы мүшесінің біреуінің қазаға ұшырауы, екпе және қатерлі ісікпен ауыратындардың ұзақ емделуі, операция жасауға мұқтаждар Қазақстан Республикасы аумағы бойынша госпитализацияға сапар билетін, тағы да басқасын арнаулы өкілдік берілген адамдар тобы шешімімен анықталады.
Тармақ 5
5. Аудан көлемінде тұратын орташа табысы ең төменгі күнкөріс табысынан аспайтын отбасылардың азаматтардың, кездейсоқ, оқыс оқиғаларға, апаттарға ұшырау салдарынан денсаулығына нұсқан келсе, төлем алу құқығына ие болады.
Тарау 3. 3. Төлем төлеу жұмысын ұйымдастыру.
3. Төлем төлеу жұмысын ұйымдастыру.
Тармақ 6
6. Төлем төлеу жұмысын ұйымдастыру мақсатында аудандық мәслихат депутаттарынан, аудандық жұмыстылық және әлеуметтік бағдарлама бөлімінің өкілдерінен, аудандық қоғам ұйымдарының мүшелерінен, жергілікті өз-өзін басқару органдарынан арнаулы өкілдік берілген адамдар тобы құрылады. Аудандық жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде айына бір рет арнаулы өкілдік берілген адамдар тобының отырысы өткізіледі.
Тармақ 7
7. Арнаулы өкілдік берілген адамдар тобының негізгі міндеттері төмендегідей болып қабылады:
Тармақша 1
1) әлеуметтік көмек беру туралы азаматтар өтініштерін қарау;
Тармақша 2
2) көмек сұраған отбасының (азаматтың) әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы мен қамтамасыз ету деңгейін тексеру
Тармақша 3
3) әлеуметтік көмек берілуі не берілмеуі туралы шешім қабылдау.
Тарау 4. 4. Көмек берудің реті мен көлемі.
4. Көмек берудің реті мен көлемі.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік төлем отбасының бір мүшесіне (азаматқа) жылына бір рет ақшалай түрінде беріледі.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік төлем алуына үміткер адам, аудандық жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде береді. Арызға қоса мына құжаттар керек;
Тармақша 1
1) жеке куәлік;
Тармақша 2
2) отбасы құрамы туралы анықтама;
Тармақша 3
3) алдыңғы тоқсандағы табысы туралы анықтама;
Тармақша 4
4) әлеуметтік көмектің тағайындауы туралы комиссияның шешімі.
Тармақша 5
5) СТН
Тармақша 6
6) «Қазпошта» ААҚ-дағы жеке шоттың нөмірі
Тармақ 10
10. Арыз берушінің есеп айырысу есебіне қаражатты аудару арқылы төлем төленеді.
Тармақ 11
11. Мерекелік күндерге орай төлем төлеу, осы төменде көрсетілген азаматтар тобына арыз бермей-ақ, есеп айырысу шотына қаражатты аудару арқылы жүргізіледі:
Тармақша 1
1) 80 жастан бастап ұзақ жасағандарға, Наурыз мерекесіне байланысты
Тармақша 2
2) ҰОС қатысқандарға және мүгедектерге 9 Мамыр Жеңіс күніне байланысты
Тармақша 3
3) еңбек майданына қатысушыларға
Тармақша 4
4) қайтыс болған соғыс мүгедектерінің әйелдеріне
Тармақша 5
5) Чернобыль АЭС болған катастрофасы зардаптарын жоюға қатысқандарға
Тармақша 6
6) Жауынгер-ауғандықтарына
Тармақша 7
7) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға тең келетін тұлғаларға
Тармақша 8
8) Қайтыс болған әскери қызметкерлердің отбасыларына
Тармақша 9
9) Ақталып шыққан азаматтарға
Тармақша 10
10) оралмандар Күніне
Тармақша 11
11) қарттар Күніне байланысты ұОС ардагерлеріне мен мүгедектері, мекемесі жоқ зейнеткерлерге
Тармақша 12
12) 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге, ОЖБ /оңалтудың жекелеген бағдарламасы/ сәйкес бала күнінен мүгедектерге
Тармақша 13
13) аз қамтамасыз етілген азаматтардың құжаттарын жаңартуға
Тармақша 14
14) көзілдірік оптикасын, құлақ аппаратын мүгедек арбасын, таяқ, балдақ сатып алуға материалдық көмек
Тармақ 12
12. Әрбір нақты жағдайда, төлем төлеу көлемі, арнаулы өкілдік берілген адамдар тобымен анықталады. Көмектің мөлшері комиссияның шешімімен белгіленеді. Қаралған пунктегі 5 ереже жағдайларында, ең жоғары мөлшер төлемінің көбеюі мүмкін, бірақ ол 70 000 теңгеден аспауы тиіс.
Тарау 5. 5. Төлем қаржыландыруы.
5. Төлем қаржыландыруы.
Тармақ 13
13. Қаржыландыру шығысы әлеуметтік төлемдері бойынша «Жеке категориялы азаматтардың әлеуметтік төлемі» 451007000 аудандық және жергілік бюджет бағдарлама бойынша, осы мақсаттарға қарастырылған қаражат аумағында жүзеге асырылады.
Тарау 6. 6. Төлем төлеудің жүргізілу тәртібі.
6. Төлем төлеудің жүргізілу тәртібі.
Тармақ 14
14. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек төлеуі жиынтық тізілім негізінде «Қазпошта» ААҚ-аға алушылардың жеке шоттарына ақшалай қаражатты аудару жолы арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. Жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінде әлеуметтік кеттік төлемін төлеу үшін азаматтар тізімін жасайды, қаражат көлеміндегі аудан бюджеттерінде қарастырылған тізімнің нақтылығына жауап береді.