Об утверждении Правил предоставления социальной поддержки студентам малообеспеченных семей Күшін жойған
Басқа 0
Аз қамтамасыз етілген отбасындағы студенттерге әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы
Аз қамтамасыз етілген отбасындағы студенттерге кәсіби жоғары білім алуы үшін әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 13 тармағының 1 тармакшасының негізінде және 2003 жылғы 27 наурызындағы № 24/3 облыстық мәслихаттың екінші шақырылған 24 сессиясының «Кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі бағдарламаны бекіту туралы» шешімін орындау үшін, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2003 жылғы 7 қарашадағы қаулысының негізінде, аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аз камтамасыз етілген отбасындағы студенттерге әлеуметтік қолдау берудің қоса берілген Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. 451-007 «Жергілікті өкілетті органдар шешімі бойынша жеке азаматтар санаттарына әлеуметтік төлемдер» бағдарламасының әкімшісі болып «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» мемлекеттік бағдарламасы анықталсын.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік қолдау көрсетуді анықтау комиссия құрамына енгізілсін:
комиссия төрағасы - Артур Кенжеәкімұлы Молдағұлов аудан әкімінің орынбасары
комиссия хатшысы - Айгул Жақсылыққызы Карменова «Жумыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы
комиссия мүшелері
- Галина Алексеевна Молоткова «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
- Тамара Дмитревна Поддубная «Білім мен спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
Келісілген
Қызылжар аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік бөлімінің
ММ бастығы
Г.А.Молоткова
16 февраля 2005 ж.
Экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімінің бастығы
С.К.Рамазанова
16 февраля 2005 ж.
«Білім мен спорт бөлімі»
ММ бастығы
Т. Поддубная
16 февраля 2005 ж.
Басқа 4
Аз камтамасыз етілген отбасылардағы
студенттерге әлеуметтік колдау
беру ережесін бекіту туралы
аудандық әкімдігінің 2003 жылғы
қаулысымен бекітілген
Аз қамтамасыз етілген отбасылардағы студенттерге әлеуметтік қолдау беру ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже аз қамтамасыз етілген отбасылардағы студенттерге ақшалай әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібін және шарттарын белгілейді.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік қолдауға Солтүстік Қазақстан облысы аумағында тұрақты тұратын және мемлекеттік жалпы білім гранттары мен кредиттерінің жүлдегерлері бола алмаған Қазақстан Республикасының азаматтары құқылы.
Тармақ 3
3. Осы Ережеде мынандай ұғымдар пайдаланылады.
Әлеуметтік колдау - студенттердің кәсіби оқуын төлеуге бағыттталған әлеуметтік төлем түріндегі халықты әлеуметтік қоргаудың бір нысаны.
Әлеуметтік қолдау көрсету құқын айқындау жөніндегі комиссия ( бұдан әрі облыстық комиссия ) - облыс әкімі жанында облыс әкімі орынбасарының торағалығымен білім, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменттері, көші-қон және демография басқармасы өкілдерін міндетті түрде еңгізе отырып құрылатын және әлеуметтеу қолдау керсету мүмкіндігі туралы шешім шығаруды жүзеге тапсыратын комиссия.
Алушы - мемлекеттік жалпы білім гранттары мен кредиттері (күндізгі оқу) жүлдегерлері бола алмаған және ең төменгі күнкөріс мөлшерінен төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасы мүшесі болып табылатын студент.
Әлеуметтік қолдауды тағайындау жөніндегі, әлеуметтік қолдау көрсетуге контингентті айқындау жөнінде және төлеу жөніндегі уәкілетті орган ( бұдан әрі департамент ) - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті,
ақшалай қаржыны беру жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі банкі) - банкілік операциялардың жеке (кейбір) түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар, екінші деңгейдегі және осы түрдегі банкіліқ қызмет көрсету конкурсын жеңіл алған банк.
Тарау 2. 2. Ақшалай қаржыны алудың шарттары мен тәртібі
2. Ақшалай қаржыны алудың шарттары мен тәртібі
Тармақ 4
4. Ақшалай қаржыны алу үшін студенттер департаментке мынандай кұжаттарды .
Тармақша 1
1) өтініш (қосымша)
Тармақша 2
2) тұлғаны куәландыратын құжаттың қөшірмесі (нотариалды куәландырылған)
Тармақша 3
3) отбасы құрамы туралы анықтама;
Тармақша 4
4) отбасының табыстары туралы анықтама;
Тармақша 5
5) білімі туралы құжаттың нотаруналды қуәландырылған көшірмесі;
Тармақша 6
6) кешенді тестілеу нәтижесі туралы белгіленген үлгідегі мемлекеттік сертификаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
Тармақша 7
7) Солтүстік Қазақстан облысыньщ мемлекеттік жоғары оқу орнымен оқыту туралы келісім
Студенттер әлеуметтік қолдау тағайындауға келесі арыз бергенде жоғарыда аталған құжаттардан басқа, жоғары оқу орнынан осы ЖОО-нын студенті болып табылатындығын растау-анықтаманы, сондай-ақ сынақ кітапшасының көшірмесін ұсынады.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік қолдау алуға қажетті құжаттар пен жуп нусқасында және көшірмесінде департаментке ұсынылады, олар істерді қалынғастырады және құжаттардың толық пакеті түскен күннен бес күндік мерзімде әлеуметтік қолдау тағайындау не тағайындамау туралы шешім жобасын (2 қосымша) және арызданушылардың қалыптастырылған істерін әлеуметтік қолдау көрсету құқын айқындау жөнінденгі облыстық комиссияға жібереді.
Тармақ 6
6. Аудандық комиссия он күндік мерзімде ұсынылған құжаттарды қарастырады жәнс әлеуметтік қолдау тағайындау не тағайындамау туралы шешім шығарады. Арызданушылардың істерін және комиссия мәжілісі хаттамасының көшірмелерін департаментке жібереді.
Аудандық комиссия әлеуметгік колдау беру туралы шешім шығару барысында кешенді тестілеуде алған балы санын, үздік аттестаттардың немесе арнаулы орта білімінің үздік дипломы бар болуын есепке алады .
Әлеуметтік көмек тағайындау аудандық бюджетінен осы мақсатқа қарастырылған қаржылар есебтінде жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Оң шешім болған жағдайда департаментпен хабарландырылған алушылар банкте жеке шот ашады.
Департамент бас тартқан жағдайда бас тарту себебі жазбаша көрсете отырып, арызданушыға құжаттарды қайтарады.
Әлеуметтік қолдауды тағайындаудан бас тарту үшін негіздеме бөлім мекемесіне түсу туралы біле тұра жалған мәліметтер және 4 тармақта көрсетілген құжаттар бойынша жалған мәліметтер ұсыну болып саналады.
Тармақ 8
8. Департамент алушылардың екі данада тізім-жинағын жасайды оны біреуін банкке жібереді.
Тармақ 9
9. Банк ақылы қызмет көрсету келісімі және тізім- жинағын негізінде алушылар ашқан жеке шоттарға сомаларды аударады.
Тарау 3. 3. Қаржыландыру тәртібі
3. Қаржыландыру тәртібі
Тармақ 10
10. Студенттерге әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шығындар қаржыландыру 451-007 «Жергілікті өкілетті органдар шешімі бойыншы азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер» бағдарламасы бойынша облыстық бюджетте осы мақсатқа қарастырылған есебіне жүргізіледі.
Тармақ 11
11. Тізім бойынша 28 күнге дейін басқарушы ай сайын өтініш ауданды қаржыландыру бөліміне беріледі.
Тарау 4. 4. Бақылау жүзеге асыру
4. Бақылау жүзеге асыру
Тармақ 12
12. Әрекеттегі заң сәйкес белгіленген тәртіппен заңсыз төленген сома айыпты тұлға қалпына келтіруге жатады.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік қолдау тағайындаудың және төлеудің дұрыстығын бақылау қолданып журген заңнамага сәйкес жүзеге асырылады.
Қызылжар аудандык еңбек, жұмыспен
қамту және халықты әлеуметтік қорғау
басқармасына
ӨТІНІШ
________________________ мемлекеттін жоғары оқу орнында жоғары
кәсіби білім ашу үшін маған _____________ теңге сомасында
ақшалай қаржы беруіңізді сұраймын және
______________ банк филиалында ашылған ________________жеке
шотыма аударуыңызды сұраймын.
Мынандай құжаттар ұсынамын.
- тұлғаны куәландыратың құжат көшірмесі нотариалды қуәландырлған
- отбасы құрамы туралы анықтама
- отбасының табыстары туралы анықтама
- білімі туралы құжаттың нотариалды қуәландырылған көшірмесі
- кешенді тестілеу нәтижесі туралы белгіленген үлгідегі мемлекеттік
сертификаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі
- Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттің жоғары оқу орнымен
оқыту туралы келісім
200__ жыл «__________»
Қолы ________________
Аз камтамасыз етілген отбасылардағы
студенттерге әлеуметтік
қолдау беру ережесіне 2 қосымша
ШЕШІМ
________________ 200___жыл «___»_______________
_______________________________________________ мекен-жайында
тұратын азамат (азаматша)
әлеуметтік қолдау беру (беруден бас тарту туралы)
Отбасының табысы туралы ұсынылған мәліметтерді, кешенді тестілеу
нәтижесі туралы мемлекеттік сертификатты қарастыра отырып,
аудандық комиссия ШЕШТІ
1. Азамат (азаматша) ________________________________________
мемлекеттік жоғары оқу орнында оқуды төлеу үшін
_______________________________________теңге сомасында
ақшадай қаржы берілсің.
2. _________________________________ ақшалай қаржы берілмесі
Қолдары
Комиссия төрағасы _______________________
Комиссия мүшелері _______________________