Об утверждении правил предоставления социальных выплат на санаторно-курортное лечение отдельным категориям граждан Күшін жойған
Басқа 0
Азаматтардың жеке санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік төлемдер беру Ережелерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 1 тармағын 14 тармақшасын, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 1991 жылғы 21 маусымдағы №692-XII Қазақстан Республикасы Заңын, «Ұлы Отан соғысына қатысқандарды, мүгедектерді және оларға теңестірілген тұлғаларды әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер көрсету туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі №2247 Қазақстан Республикасы Заңын орындауға және облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 28 наурыздағы №24/3 шешімімен бекітілген «Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жүргізу жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаға», Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Азаматтардың жеке санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік төлемдер беру Ережелерін анықтау туралы» 2003 жылғы 4 мамырдағы №107 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Азаматтардың жеке санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік төлемдер берудің қоса берілетін Ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ж.Ғ.Данияровқа) азаматтардың жеке санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік төлемдерге ақша қаражатын өз уақытында бөлуді камтамасыз етсі
Тармақ 3
3. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Т.Қ.Омаровқа) азаматтардың жеке санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік төлемдердің ұйымдастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.М.Тоқтаболатовқа жүктелсін.
Басқа 5. Азаматтардың жеке санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік төлемдер беру ережелері
Мамлют ауданы әкімдігінің
2005 жылғы 16 ақпандағы
№ 98 қаулысымен бекітілді
Азаматтардың жеке санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік төлемдер беру ережелері
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Азаматтардың жеке санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік төлемдер беру ережелері (әрі қарай - Ережелер) жергілікті маңыздағы профилакторийлерде тегін санаторлық-курорттық емделуді өту үшін азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер беру тәртібін және шарттарын реттейді.
Тармақ 2
2. Санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік төлемдерді тағайындау аудандық (қалалық) жұмыспен қамту жане әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік төлемдер азаматтардың төмендегі санаттарына беріледі:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен оларға теңестірілген тұлғаларға;
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға;
Тармақша 3
3) Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан әскерлердің қайтадан некеге тұрмаған жесірлерге;
Тармақша 4
4) Ұлы Отан соғысы жылдары тылда ерлік еңбек және мінсіз қызмет еткені үшін бұрынғы ССР Одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталған тұлғаларға
Тармақша 5
5) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе алдында «Батыр ана» атағын алған көп балалы аналарға;
Тармақша 6
6) саяси репрессиялардан зардап шеккен зейнеткер тұлғаларға;
Тармақша 7
7) социалистік еңбек Ері және «Халық қаһарманы» атақтарына ие болған тұлғаларға;
Тармақша 8
8) зейнетақы жасындағы мүгедектерге.
Тарау 2. 2. Санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек тағайындау шарттары және тәртібі
2. Санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек тағайындау шарттары және тәртібі
Тармақ 4
4. Әлеуметтік төлемдер тағайындалу үшін жоғарыда аталған азаматтардың, санаттары аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тұрақты мекен-жайы бойынша төмендегі құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) белгіленген үлгідегі өтініш;
Тармақша 2
2) осы санатқа жататынын растайтын құжаттардың көшірмесі;
Тармақша 3
3) жеке куәліктің көшірмесі.
Тармақ 5
5. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қажет құжаттар түскеннен күннен бастап бес күн ішінде санаторлық-курорттық емделу үшін әлеуметтік төлемдерді алуға үміткерлердің өтініштерін қарастырады, алушылардың істерін қалыптастырады және әлеуметтік төлемді тағайындау туралы немесе тағайындалмауы туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік төлемдер тағайындалмаған жағдайда аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жазбаша тағайындалмау себептерін түсіндіреді және өтініш иесіне құжаттарды қайтарады.
Жалған немесе жеткіліксіз мәліметтер мен құжаттарды ұсыну әлеуметтік төлемдерді тағайындамауға негіз боладъі.
Тарау 3. 3. Санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек беру тәртібі
3. Санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек беру тәртібі
Тармақ 7
7. Ұсынылған құжатар және қабылданған шешім негізінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері әлеуметтік төлемдерді алуға үміткерлердің тізімдерін 3 данада құрастырады, әлеуметтік төлемдерге ведомостарды құрастырады және оларды екінші деңгейдегі банктерге ұсынады.
Тармақ 8
8. Банк жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен ұсынылған ведомостар негізінде алушылардың ашық жеке есепшоттарына сомаларды аударады.
Тармақ 9
9. Санаторлық-курорттык емделуге әлеуметтік төлемдер бір азаматқа жылына бір рет беріледі.
Тарау 4. 4. Санаторліақ-курорттық емделуге әлеуметтік көмекті қаржыландыру
4. Санаторліақ-курорттық емделуге әлеуметтік көмекті қаржыландыру
Тармақ 10
10. Азаматтардың жеке санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру аудандық бюджет каражатынан шығыстарды бюджеттік топтастырудың коды 06-2-007-000-332 «Жергілікті өкілдік органдардың шешімі бойынша азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер» бойынша жүргізіледі.
Тармақ 11
11. Санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік төлемдер бюджетпен қарастырылған қаржы шегінде жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Ақша қаражатының мақсаты пайдаланылуын бақылау экономика және қаржы бөліміне жүктелсін.