Об утверждении Правил предоставления социальной помощи отдельным категориям граждан Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы «Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен оларға теңестірілген тұлғаларды әлеуметтік қоғау және жеңілдіктер көрсету туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі №2247 Қазақстан Республика Заңының 20 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «1941-1945 жылдардың Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығын мерекелеуді дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар Жоспарын бекіту туралы» 2004 жылғы 10 қарашадағы №1173 қаулысын орындауға, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығын өткізу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Ережелері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Экономика және қаржы бөлімінің бастығына (Ж.Ғ.Данияровқа) аудан бюджетімен бекітілген қаржы бөлу шегінде әлеуметтік көмектің қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Т.Қ.Омаровқа) әлеуметтік көмектің тағайындалуын және алушылардың жеке есепшоттарына қаржыны аударуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.М.Тоқтаболатовқа жүктелсін.
Басқа 5. Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ережелері
Мамлют ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 16 ақпандағы №99 қаулысымен бекітілді Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ережелері
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ережелер «Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен оларға теңестірілген тұлғаларды әлеуметтік қоғау және жеңілдіктер көрсету туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі №2247 Қазақстан Республикасы Заңының 20 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «1941-1945 жылдардың Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығын мерекелеуді дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар Жоспарын бекіту туралы» 2004 жылғы 10 қарашадағы №1173 қаулысын орындауға Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығын өткізу үшін тағайындалған.
Тармақ 2
2. Осы ережеде төмендегі түсініктер пайдаланылады:
Тармақша 1
1) Уәкілдік орган - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;
Тармақша 2
2) Бюджеттік бағдарламалардың әкімгері - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Тармақша 3
3) Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтардың жеке санаттары - Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектер және оларға теңестірілген тұлғалар; қаза тапқан әскерлердің, қайтадан некеге тұрмаған жесірлер, Мамлют ауданының аумағында тұрақты тұратын, кәмелет жасқа толмаған бұрынғы тұтқындар мен тұлғалар, Ұлы Отан соғысы жылдары жау тылында ерлік еңбек және мінсіз әскери қызмет еткені үшін бұрынғы Советтік Социалистік Республикалар Одағының ордендермен және медальдерімен марапатталғандар.
Тарау 2. 2. Тағайындау тәртібі
2. Тағайындау тәртібі
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін азаматтардың жеке санаттары санынан өтініш берушілер уәкілдік органға төмендегі құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) белгіленген үлгідегі өтініш
Тармақша 2
2) осы санатқа жататындығын дәлелдейтін құжаттардың көшірмесі
Тармақша 4
4) жеке куәліктің көшірмесі.
Тармақ 4
4. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін арызды қарастыру құжаттардың түскен күнінен есептегенде он күн мерзімде жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік төлемдерді тағайындаудан бас тартылған жағдайда, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі бас тартудың себебебін жазбаша негіздеп, құжаттарды арыз берушіге қайтарады.
Тармақ 6
6. Осы ереженің 3-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбау немесе толық ұсынбау - әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тарту негізі болып табылады.
Тарау 3. 3. Қаржыландыру және төлеу тәртібі
3. Қаржыландыру және төлеу тәртібі
Тармақ 7
7. Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмекті төлеу Мамлют ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен ұсынылған, алушылардың тізіміне сәйкес алұшылардың жеке есепшоттарына қаржыны аударумен зейнетақы төлеу жөніндегі уәкілдік орган арқылы жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге әлеуметтік көмекті қаржыландыру аудандық бюджет қаражатынан шығыстарды функционалдық топтастыру коды №451-007-000-332 «Жергілікті өкілдік органның шешімі бойынша азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер» бойынша жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмек аудандық бюджеттің қаражатынан қаржыландырылады. Бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлері тізімдерге сәйкес экономика және қәржы бөліміне қаржыландыруға өтінімдерді ұсынады.
Тарау 4. 4. Жүргізу, бақылау және есеп беру тәртібі
4. Жүргізу, бақылау және есеп беру тәртібі
Тармақ 10
10. Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне әлеуметтік көмек 56000 (елу алты мың) теңге мөлшерде аудан бюджетімен қарастырылған қаржы бөлу шеңберінде тағайындалады. Бұнда үміткерлер аудандық ардагерлер Кеңесімен ұсынылады. Ережелердің 2.3. тармағында аталған санаттарға уәкілдік органның шешімі бойынша тағайындалады: әлеуметтік көмек 24000 (жиырма төрт мың) теңге мөлшерде аудан бюджетімен қарастырылған қаржы бөлу шеңберінде өтініштерді берудің кезегі тәртібінде әлеуметтік көмек 2000 (екі мың) теңге мөлшерде аудан бюджетімен қарастырылған қаржы бөлу шеңберінде өтініштерді берудің кезегі тәртібінде
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмекті заңсыз төлегені үшін кінәлы тұлғалар заңмен белгіленген тәртіпте жауапкершілік тартады.
Тармақ 12
12. Ақша қаражатының мақсаты пайдаланылуын бақылау экономика және қаржы бөліміне жүктеледі.
Тармақ 13
13. Ақша төлеудің заңсыз төленген сомасы қолданыстағы заңға сәйкес кінәлі тұлғалар есебінен заңмен белгіленген тәртіпте қайтарылуы тиіс.