Об утверждении Положения о районной бюджетной комиссии Күшін жойған
Басқа 0
Аудандык бюджеттік комиссия туралы Ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 64, 65, 66 баптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
Қоса беріліп отырған аудандық бюджеттік комиссия туралы Ереже бекітілсін.
Басқа 2
Тайынша ауданы әкімдігінің 2005 жылғы
21 қаңтардағы «Аудандық бюджеттік
комиссия туралы Ережені бекіту туралы»
№ 62 қаулысымен
Бекітілген
Аудандық бюджеттік комиссия туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже тұрақты негізде қызмет ететін аудандық бюджеттік комиссияның іс әрекетін реттейді (әрі қарай - Комиссия).
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі және Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже комиссия іс әрекетінің құқықтық негізін құрайды.
Тарау 2. 2. Комиссияның мақсаты
2. Комиссияның мақсаты
Тармақ 3
3. Аудандық бюджет жобасын мен ауданның меншікті бюджетін дер кезінде, сапалы әзірлеуді және сәйкес қаржы жылына аудандық бюджетті нақтылау және атқарылуы бойынша ұсыныстар пысықтауды қамтамасыз ету Комиссияның іс әрекетінің мақсаты болып табылады.
Тарау 3. 3. Бюджеттік комиссияның міндеттері мен қызметтері
3. Бюджеттік комиссияның міндеттері мен қызметтері
Тармақ 4
4. Бюджеттік комиссияның негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) ұсыныстарды пысықтау:
алдағы үш жылғы мерзімге арналған орташа мерзімдік қазыналық саясат;
сәйкес қаржы жылына аудандық бюджет жобасын қарау және айқындау;
алдағы үш жылғы мерзімге және жоспарлы қаржы жылына қаржыландыру үшін бюджеттік бағдарламаларды іріктеу, орташа мерзімдік қазазыналық саясаттан шыға отырып оларды жүзеге асыру тетігін айқындау.
сәйкес қаржы жылына арналған аудандық бюджетті нақтылау жөнінде ұсыныстарды пысықтау;
аудандық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бағасының қорытындысын қарау;
Тармақша 2
2) Бюджеттік кодекспен және осы Ережемен көзделген басқа өкілеттіліктер.
Тармақ 5
5. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес келесі қызметтерді жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Комиссияның жұмыс органымен дайындалған материалдарды қарайды және мақұлдайды:
алдағы үш жылдық мерзімге арналган аудандық бюджеттің болжамдық көрсеткіштерін;
алдағы қаржы жылына арналған аудандық бюджет түсімдерінің болжамдық көрсеткіштерін;
аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімгерлері шегінде аудандық бюджеттің шығыстар лимитін;
мемлекеттік салалық (секторлық) бағдарламалар шегінде жоспарлы үш жылдық мерзімге арналған басымдық бюджеттік инвистициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін;
үш жылдық мерзімге жоспарланған, мемлекеттік, салалық (секторлық) бағдарламалар шегінде облыстық бюджеттен дамытуға және кредиттеуге арналған мақсатты трансферттер есебінен қаржыландырылатын басымды жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тізбесі;
Тармақша 2
2) бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қаржыландыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерін анықтайды;
Тармақша 3
3) комиссияның жұмыс органы мен әзірленген материалдарды қарайды және мыналар бойынша шешім қабылдайды:
өткен мерзімге бюджеттік бағдарламаларды іске асыру тиімділігін бағалау қорытындылары;
алдағы үш жылдық мерзімге бюджеттік тапсырыстар беру және бюджеттік жоспарлау бойынша өкілетті органның тұжырымы;
бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті жоспарлау бойынша өкілетті орган арасындағы бюджеттік тапсырыстарды қарау кезіндегі келіспеушіліктерді реттеу;
алдағы қаржы жылына арналған аудандық бюджет жобасы;
аудандық бюджеттік бағдарламалар паспорттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
сәйкес қаржы жылына ауданық бюджетті нақтылау;
бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің ақпараты негізінде бюджеттік бағдарламалар паспорттарын нақтылау және одан әрі іске асыру бойынша;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа қызметтерді іске асырады.
Тарау 4. 4. Комиссияның құқықтары
4. Комиссияның құқықтары
Тармақ 6
6. Комиссия өзінің міндеттеріне сәйкес мыналарға құқылы:
Тармақша 1
1) ауданның атқарушы және басқа мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен өзара іс әрекет жасау, сондай-ақ Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін мамандар мен эксперттерді жұмысқа тартуға;
Тармақша 2
2) өзінің құзіретіне жататын мәселелер бойынша шешім қабылдауға ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 3
3) Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды заңнамаларда белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдардан материалдар сұратуға және алуға;
Тармақша 4
4) Комиссияның міндеттерін жүзеге асыруға қатысты мәселелер бойынша бірінші басшыны, ол жоқ болғанда мемлекеттік органның және ұйымның бірінші басқарушының міндетін атқарушының Комиссияның отырыстарына шақырады және тыңдайды.
Тарау 5. 5. Комиссия қызметінің тәртібі
5. Комиссия қызметінің тәртібі
Тармақ 7
7. Бюджеттік комиссияның құрамына енеді:
Тармақша 1
1) Комиссияның төрағасы;
Тармақша 2
2) Комиссия төрағасының орынбасары;
Тармақша 3
3) Комиссия хатшысы;
Тармақша 4
4) комиссияның мүшелері.
Тармақ 8
8. Тайынша ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бюджеттік комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Тармақ 9
9. Комиссияның отырыстарының арасындағы мерзімде оның қызметінің ұйымдастырушылық мәселелерін Комиссияның жұмыс органы шешеді.
Тармақ 10
10. Комиссияның төрағасы лның қызметін басқарады, Комиссияның отырыстарын жүргізеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерін жүзеге асыруға жалпы бақылау жүргізеді және Комиссия жүзеге асыратын іс- әрекеттерге жауапты болады. Комиссияның төрағасы жоқ кезінде оның функцияларын комиссия төрагасының орынбасары орындайды.
Тармақ 11
11. Комиссия хатшысы Комиссияның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды үйлестіру және Комиссияның отырысының хаттамасын ресімдейді.
Тармақ 12
12. Комиссия анықтаған мерзімге және күн тәртібіне сәйкес отырыстарға материалдарды әзірлеу, Комиссияның мүшелеріне, облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне және жергілікті атқарушы органдарға жіберу, Комиссия отырыстарының хаттамасын дайындау, сонымен қатар нормативтік құқықтық актілердің және осы Ережеден шығатын басқа міндеттер жұмыс органының қызметтері болып табылады.
Тармақ 13
13. Жұмыстың жоспар – кестесі Комиссиямен белгіленеді. Аудан бюджетінің жобасын әзірлеу кезінде Комиссия жұмыстың жоспар – кестесін жергілікті бюджет жобаларын әзірлеу Ережелерімен айқындалған мерзімдерге сәйкес айқындайды.
Тармақ 14
14. Комиссия мүшелері мәжілістерге қатысу жөніндегі өз өкілеттілігіне басқа тұлғаларды жіберуге құқығы жоқ.
Тармақ 15
15. Комиссия шешімдері ашық дауыс берумен қабылданады, сондай-ақ Комиссия мүшелерінен пікір алу жолымен және Комиссия мүшелерінің берген дауыстарының көбі оларға берілсе қабылданған болып саналады. Комиссия мүшелері шешім қабылдау кезінде тең дауысқа ие болады. Дауыс тең болған жағдайда Комиссия төрағасының берген дауысы қабылданған шешімі болып саналады.
Тармақ 16
16. Комиссия мәжілістерінің күн тәртібі мәселелерін қарастыру нәтижелері әр мәселе бойынша дауыс беру қортындыларын керсетумен сәйкес хаттамаларға енгізіледі және төрағамен айқындалған жағдайда мәжілісіне қатысқан Комиссия мүшелерімен виза қойылады. Комиссияның қабылдаған шешімдері төрағамен және хатшымен қол қойылады. Комиссия мүшелері қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда өзінің ерекше пікірін мәжіліс хаттамасына қатысты жазбаша түрде мазмұндауға құқылы.
Тармақ 17
17. Өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында қабылданған Комиссияның шешімдері белгіленген мерзімде міндетті түрде каралуы және барлық мемлекеттік органдармен орындалуы тиіс.
Тарау 5. 5. Комиссияның қызметін тоқтату
5. Комиссияның қызметін тоқтату
Тармақ 18
18. Комиссияның қызметін тоқтатуға Комиссияның қызметін тоқтату туралы аудан әкімдігінің қаулы қабылдауы негіз болып табылады.
Тармақ 19
19. Осы Ереженің 18 тармағында нұсқалған Комиссияның қызметін тоқтатуға әкелетін жағдай туған кезінде жасалған жұмыстар туралы әкімге есеп беру хаты жолданады.