Об утверждении правил предоставления социальной помощи отдельным категориям граждан Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 14 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымындағы «Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 сәуіріндегі №2247 «Ұлы Отан соғысының мүгедектері қатынасушыларын және оларға теңелген тұлғаларды әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы» Заңын орындау үшін және облыстык мәслихат сессиясының 2003 жылғы 28 наурызындағы №24/3 «2003-2005 жылдары кедейшіліқ және жұмыссыздықпен күрес бойынша Бағдарламасымен» бекітілген шешіміне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 қарашасындағы №1173 «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығын мерекелеуді дайындап, өткізу бойынша іс-шаралар Жоспарын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. 451-007 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету» бағдарламасының әкімшісі болып «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі анықталсын.
Тармақ 3
3. Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек корсетуді «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қамтамасыз етсін.
Басқа 4. Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ережесін бекіту туралы
«Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы» аудан әкімдігінің 2005 жылғы «16» ақпан № 128 қаулысымен бекітілген Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ережесін бекіту туралы
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы ереже Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі №2247 «Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оған теңестірілгендерді әлеуметтік қорғау және көмек беру туралы» Заңына сәйкес, 2004 жылғы 10 қарашадағы №1173 «1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 60 жылдығың мерекелеуді дайындау және өткізу іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қаулысын орындау үшін дәйектелген.
Тармақ 2
2. Осы ережеде келесі түсініктер пайдаланылған:
Тармақша 2.1
2.1. Әлеуметтік көмекті тағайындау бойынша өкілетті орган - «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Тармақша 2.2
2.2. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі – «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Тармақша 2.3
2.3. Азаматтардың жеке санаттары (тұрақты түрде Қызылжар ауданының аумағында тұратындар) - Ұлы Отан соғысына қатынасқандар мен мүгедектер және оларға теңестірілген тұлғалар.
Тарау 2. 2. Тағайындау тәртібі
2. Тағайындау тәртібі
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмек ақшалай тағайындалады.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік-көмекті алушылар өкілетті органдарға келесі кұжаттарды береді:
Тармақша 1
1) бекітілген үлгіде өтініш (1 косымша);
Тармақша 2
2) жеке тұлғаны куәландыратын құжат;
Тармақша 3
3) әлеуметтік көмек құқығын растайтын құжаттар.
Тармақ 5
5. Материалдық көмекті тағайындау үшін өтініштер құжат тускен күнен бастап он күндік мерзім ішінде қарастырылады.
Тарау 3. 3. Қаржыландыру мен төлеу тәртібі
3. Қаржыландыру мен төлеу тәртібі
Тармақ 6
6. Өкілетті органдардың берген алушылардың ведомостіне сәйкес әлеуметтік көмекті төлеу өкілетті орган арқылы «Қазпочта» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының Қызылжар аудандық почталық байланыс басқармасымен мекен-жайға жеткізу жолымен немесе «Қазақстанның Халык банкі» АҚ Қызылжар аудандық филиалында жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Материалдық көмекті қаржыландыру аудандық бюджет қаржатынан жүзеге асырылады. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі қаржыландыруға тапсырысты «Қызылжар аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі тізімге сәйкес береді. Төлеу алдындағы айдың 28 күніне деиін қаржыландыруға тапсырыс беріледі.
Тарау 4. 4. Жүргізу тәртібі, бақылау және есеп беру
4. Жүргізу тәртібі, бақылау және есеп беру
Тармақ 8
8. Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне әлеуметтік көмекті тағайындауға үміткерлерді Қызылжар аудандық ардагерлер Кеңесі береді. 2.3. тармағында көрсетілген санаттарға әлеуметтік көмек өкілетті органның шешімімен беріледі.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмекке көзделген ақшалай қаражаттардың мақсатты пайдалануын бақылау істегі заңнамаларға сәйкес жүзеге асырылады Заңсыз төленген сома, кінәлі тұлғалар есебінен, істегі заңнамалармен бекітілген тәртіпте қалпына келтірілуге тиіс. Қызылжар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ӨТІНІШ әлеуметтік көмек тағайындау ТЕП __________________________________ АТЫ _________________________________ ӘКЕСІНІҢ АТЫ _______________________ МЕКЕН-ЖАЙЫ _______________________ ТЕЛЕФОНЫ __________________________ ТӨЛҚҰЖАТ НЕМЕСЕ ЖЕКЕ КУӘЛІК НӨМЕРІ ______________________________________ ТСН(РНН) ____________________________ ______________ БАНК ФИЛИАЛЫНДАҒЫ ЖЕКЕ ШОТ НӨМЕРІ ___________________ Маған әлеуметтік көмек ________________ теңге беруіңізді сұраймын АРЫЗ БЕРГЕН КҮНІ АРЫЗДАНУШЫНЫҢ ҚОЛЫ ___________________ _____________________ Арызданушы ұсынған құжаттарының анықтығын растаймын: Өтінішті қабылдаған тұлғаның Т.А.Ә.А., лауазымы: ____________________