Об утверждении Правил предоставления малообеспеченным гражданам жилищной помощи на содержание жилья и оплату жилищно-коммунальных услуг Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.03.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық кызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы Ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 «Тұрғындық қатынастар туралы» Заңының 97-бабына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғұн үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы Ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркеуге алынған күннен бастап өз күшіне енеді және 2005 жылдың 1 сәуірінен бастап әрекет жасайды.
Басқа 3. Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын жәрдемақыларын беру тәртібі туралы ЕРЕЖЕ
Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы “10” ақпан № 11-8 шешімімен бекітілді Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын жәрдемақыларын беру тәртібі туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1. 1. Тұрғын үй көмегі
1. Тұрғын үй көмегі
Тармақ 1
1. «Тұрмыстық қатынастар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16-сәуірдегі № 94-1 Заңына сәйкес тұрмысы төмен отбасыларына үйді ұстауға (жеке меншік тұрғын үйді ұстаудан тыс) және үй-коммуналдык кызметті тұтынуға акы төлеу үшін көмек көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегі, өздері жылытатын жеке меншік үй кұрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбдасыларына (азаматтарға) бір рет беріледі.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй көмегі сол жерде турақты тұратын және тұрғын үйдің иелері немесе оның жалдаушысы (жалгешіері) болып табылатын тұрмысы төмен отбасыларына берілетін атаулы әлеуметтік көмектің бір нысаны болып табылады. Тұрғын үйді бір әкімшілік-аумақтық пункт шегінде жалдайтын адам, осы пунктің басқа мекен-жайы бойынша тіркелуі мүмкін.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй көмегі отбасының тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық кызметтерді тұтынуға ақы төлеудің нақты шығындары осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыстар үлесінен артқанда тағайындалады. Сондағы отбасының нақты шығындары әлеуметтік нормалардың шегінде eceпке алынады.
Тармақ 5
5. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет түтынуға ақы төлеу үшін шекті жол берілетін шығыс үлесі отбасының жиынтық кірістерінің 20 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік нормалар және тұрғын үй көмегін есептеуге алынған үйді ұстау шығындарының мөлшерін, коммуналдық қызметтерді (сумен камтамасыз ету; газбен қамтамасыз ету, канализация, электрмен камтамасыз ету, жылумен камтамасыз ету, қоқыс шығару және лифттерді қамту) Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамаларға сәйкес белгіленеді.
Тармақ 7
7. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін алынатын барлық коммуналдық қызметтерге және олардың өзгерістеріне арналған тарифтерді қызмет көрсетушілер береді
Тармақ 2. 2. Тұрғын үй көмегін беру шарттары
2. Тұрғын үй көмегін беру шарттары
Тармақ 8
8. Жеке меншігінде 1 бірліктен артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үйі жайын жалға (жалдауға) берген тұлғалар тұрғын үй көмегін алу кұқығынан айырылады.
Тармақ 9
9. Жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту қызметінде тіркелмеген адамдары бар отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ, соның ішіне 50 жасқа толғандар (жынысына қарамастан); 1-ші, 2-ші топтағы мүгедектерді күтетіндер, 16 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды күтетіндер, 80 жастан асқандар немесе 7 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен шұғылданатындар кірмейді. Жедел әскери қызметтегі әскери қызметкерлер отбасының кұрамында есептелмейді.
Тармақ 10
10. Жұмыссыздар ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартса және өз еркімен қоғамдық жұмысқа, оқыту мен қайта окытуға катыспаса тұрғын үй көмегін алу құқығынан алты айға айырылады.
Тармақ 11
11. Тұрғын үй көмегіне өтінген кезде коммуналдык қызмет ақысы үшін берешектері бар отбасыларына, қарыздарына қарамастан, ережеге сәйкес, есепке тіркеген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй жәрдемақылары тағайындалады. Бұрыңғы қарыздарының өтелуі коммуналдық қызмет көрсетушілермен келісіледі және бақылауға алынады. Ескі қарыздың жойылуы коммуналдық қызмет көрсетушілермен келісіліп бақыланады.
Тармақ 12
12. Тоқсан сайын тұрғын үй көмегін алушыларға қайта аттестациялауды жүргізу керек. Бұл орайда, отбасының табыстары туралы анықтамалар және өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанның коммуналдық қызмет ақыларының төленгені туралы түбіртектер коса беріледі.
Тармақ 13
13. Егер отбасының ортажандық жиынтық табыстары кедейшілік белгісінің мөлшерінен төмен болса, үйді ұстауға және үй-коммуналдық кызметке төлеу үшін тұрғын үй көмегін белгілегенде, жиынды табыс Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген уақыттың тиісті мерзімінде бір есептік көрсеткішке кемиді.
Тармақ 14
14. Жалғыз басты зейнеткерлердің, мүгедектердің, бірге тұратын жалғыз басты эейнеткерлерді, бірге тұратын зейнеткер мен мүгедекті және жалғыз тұратын ерлі-зайыпты зейнеткерлермен мүгедектердің, сондай-ақ құрамында жетім балалары бар отбасыларының құқыларын белгілеп тұрғын үй комегін есептегенде, оларды қолдау мақсатында, табыстарна Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген уақыттьің тиісті мерзімінде екі есептік көрсеткішке /кемиді/ реттеледі.
Тармақ 15
15. Орталықтан жылитын жеке үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларының тұрғын үй көмегін есептегенде, қызмет көрсетушілерді тұрғын үй көлемі әлеуметтік нормасының шегінде жоғалтылған жалу^ьщ төлемі тарифтерде есепке алынсын.
Тармақ 16
16. Тұрғын үй көмегі үйлеріне жылту мезгілінде жылу мен ысіық су косылмаған және пәтерлері жергілікті жьиүу приборларыуарқылы жьищтын пэтер иелеріне тағайындалады. Электрқуатының төлемі жылумен ыстық судың, тұрғын үй көлемі нормасымен қызмет көрсетушіні тарифтарға сәйкес, төлеміне эквивалентты есегагелсін.
Тармақ 17
17. Тұрғын үй көмегіне үміткер отбасыларына тұрғын үй көмегін тағайындаған кезде мына шектеулер есепке алынады:
Тармақша 1
1) үміткер заңды некеде болса, бірақ зайыбы сол мекенжай бойынша тіркелмеген болса, ерлі-зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі және жәрдемакы өтінгеннің мекенжайы бойынша тағайындалады. Бұл мекенжай бойынша тіркелмеген зайыбы ыемесе жүбайы өзінің тұрғылыкты жерінен жәрдемақы алмайтынын дәлелдеу керек;
Тармақша 2
2) үміткер заңды некеде болса, бірақ зайьгоының қазіргі түрғылықты жерін білмесе (көрсетпесе) және құқық қорғау органдарына бұл туралы мәлімдемесе, жәрдемақы тағайындалмайды;
Тармақша 3
3) үміткердің үйіне 18 жасқа дейінгі бата тіркелген жағдайда, ол баланың ата-анасының табыстары туралы аны^аманы тапсыру қажет;
Тармақша 4
4) үміткер оқу орнының күндізИ. бөлімінде оқып, жалғыз түрған жағдайда ата-анасының табыогары және олардың тұрғын үй жәрдемақыларын алулары туралвы анықтаманы тапсыруы қажет.
Тармақ 18
18. Тұрғын үй жәрдеткыларын алуға үміткер немесе алушы отбасылар соны ресімдеу үшін мынадай құжаттарды коса берумен өтініш ұсынады: - төлқұжат немесе жеке куәлік (тоқсан сайын); - тұрғын үй кұкығыу куәландыратын құжат (жылына 1 рет, келесі жылдың аттестацшгсына дейін); - отбасы құрамы туралы анықтама (тоқсан сайын); - отбасы табыстары (еңбекақы, жәрдемақы, зейнетақы, т.б) туралы анықтама (тоқсан сайын, талаптану айдың алдындағы 3 айға); - барлық коммуналдық қызметке ақы төлеу туралы түбіртектер (тоқсан сайын, талаптану айдың алдындағы 3 айға); - жұмыссыздарға жұмыспен қамту бөлімінен анықтама (тоқсан сайын). - жеке меншік шаруашылық туралы ақпарат (тоқсан сайын). - Үй кітапшасы тұрғын үй құқығын куәландыратын құжаттар: - сату-сатып алу шарты - жекешелендіру шарты - тұрғын үй құқығын куәландыратын иелік қағаз - үйдің жеке меншіктігін куәландыратын ауыл әкімиятының актісі.
Тармақ 19
19. Тапсырылған құжатттардың қорытындысы бойынша отбасына шарт-өтініш жасалады, оған тұрғын үй көмегінің есептелуі енгізіледі. Шарт-өтінішке отбасы өкілінің немесе отбасының атынан сөйлейтін тұлға және құжаттарды қабылдайтын тұлғаның қолдары койылады.
Тармақ 20
20. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй жәрдемақысын берудің негізі болып табылады (1 қосымша).
Тармақ 21
21. Электрмен қамту, газбен қамту, канализация, жылумен қамту, қоқыс шығару, лифтерді қамту, тұрғын үйді пайдалану бойынша шығындар талаптану тоқсанның алдындағы тоқсанның орташа түбіртектері бойынша есептеледі.
Тармақ 22
22. Тұрғын үй көмегі өтініш және басқа құжаттар тапсырылған айдан бастап тағайындалады.
Тармақ 23
23. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 күн ішінде тұрғын үй қызметіне өз тұрғын үйінің меншік формаларының, отбасы қүрамының және оның жиынтык табыстарының, статусының өзгеруі туралы хабарлауы керек.
Тармақ 24
24. Берілген ақпараттың шындығы және дұрыстығы туралы күмән пайда болса, тұрғын үй көмегін тағайыңдайтын қызметкер отбасы табыстары, тұрғын үй шығымдары және отбасы мүшелерінің шындық түрғылықты жерлері туралы ақпаратты талап етуге қүқылы. Заңды және жеке түлғалар шындық ақпарат беруге міндетті. Талаптанған құжаттар берілмеген жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды. Тұрғын үй қызметіне алдын ала жалған мәліметтер берген үшін жалгерлер (немесе меншік үйдің иесі) қүқықсыз алған сомасын өз еркімен кайтарады, ал бас тарткан жағдайда - сот тәртібінде.
Тармақ 3. 3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері
3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері
Тармақ 25. 4.Тұрғын үй жәрдемақыларына үміткер азаматтардың (отбасыларының) жиынтық табысын есептеу
25. Тұрғын үй көмегінің мөлшері жалгердің (меншік үй иесінің) өтемдік шараларымен камтамасыз етілетін нормалар шегінде үйді ұстауға және коммуналдық кызметке ақы төлеу мен отбасына осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыс деңгейінің айырымы ретінде есептеледі. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеу формула: П=МСПЖ- (t х д) П - тұрғын үй көмегінің мөлшері МСПЖ - үйге ең жоғары әлеуметтік төлем t - тұрғын үй төлеміне нормативтік шығын (=20%) д - отбасыньщ жиынтық табыстары 4.Тұрғын үй жәрдемақыларына үміткер азаматтардың (отбасыларының) жиынтық табысын есептеу
Тармақ 26
26. Жиынтық табыстарының есептелуі отбасының табысын белгілеуге тұрғын үй жәрдемін тағайындайтын уәкілетті органымен жүргізіледі.
Тармақ 27
27. Отбасының жиынтық табыстарын есептегенде табыстардың барлық түрлері тұрғын үй көмегіне өтініш берген токсанның алдындағы тоқсанда нақтылы алынған тұрғын үй және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, қайтыс болғандарды жерлеу мен бала туғандағы бір жолғы төлемдерден басқа есепке алынды. Отбасының табысында алынған микронесиелердің сомалары есептелінбейді. Жиынтық табыс өтінушінің алған табыстары жөнінде ұсынылған мәліметтердің негізінде есептеледі.
Тармақ 28
28. Ауылдық жердің тұрғындары үшін үлкен мал басынан бір бас болғандағы жеке қосалқы шаруашылықтан табыс, саяжай учаскелерден, бау-бакшалардан түсетін табыстар бес есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады.
Тармақ 29
29. Жеке кәсіптік істерден, мүліктік және жер пайынан түсетін табыстар мәлімделген болып саналады.
Тармақ 30
30. Құжаттамалы расталған табыстар түрлеріне еңбектен, зейнетакыдан, жәрдемақыдан және алименттерден түсетін табыстар жатады. Отбасының жиынтық табысы алименттердің есебісіз саналады, егер де төлеуші:
Тармақша 1
1) жұмыс істемейтін және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз болып тіркелмеген (анықтама ұсынылғанда);
Тармақша 2
2) бас бостандығынан айыру жерлерінде немесе уақытша ұстау изоляторында болған (аныктам ұсынылғанда);
Тармақша 3
3) туберкулез немесе психоневрологиялық диспансерлерде (стационарларда), емделу-едбек профилакторияларында (ЕЕП) емделуде немесе есепте болған (анықтама ұсынылғанда); 4) Қазакстан Республикасында тиісті келісімі жоқ мемлекеттерге тұрғылыкты жерлерге түруға кеткен (анықтама ұсынылғанда) жағдайларда.
Тармақ 31
31. Ішкі істер органдары тұрғылықты жерлері бойынша тіркеген адамдарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12.07.2000 жылғы № 1063 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының тұрғындарын кұжаттандыру және тіркеу ережелеріне сәйкес есептеу керек. Отбасының жиынтық табыстары өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға отбасының барлық мушелерінің және осы мекен жай бойынша тіркелген басқа да адамдардың табыстарын қосу жолымен есептеледі.
Тармақ 32
32. Бір тоқсаннан көп мерзімге төленетін бір жолғы төлемді алғанда, жиынтық табыста барлық табыс жиынын табыс алған айлар санына бөлуден алынып және 3 айға көбейтілген табыстың жиыны есепке іынады. Егер отбасы мүшелерінің біреуі табыс есептелетін тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе, отбасының жиынтық табысында, оның осы тоқсанда жұмыс істеген уақыттың табысы есепке алынады.
Тармақ 33
33. Отбасының орта жандық табыстары 1 айға отбасының тоқсандық жиынтық табыстарын отбасы мүшелерінің санына және 3 айға бөлу жолымен есептеледі.
Тармақ 34
34. Өтініш берушілер ұсынған мәліметтердің сенімділігіне заңда белгіленген тәртіпте жауапты.
Тармақ 5. 5. Өздері жылытатын жеке меншік үй қүрылыстарында тұратын түрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақыларын ұсыну тәртібі
5. Өздері жылытатын жеке меншік үй қүрылыстарында тұратын түрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақыларын ұсыну тәртібі 35. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларына тұрғын үй жәрдемақысы үй иесіне, жалдаушылар тұрғын үйді жалдауға келісім-шарт болғанда беріледі.
Тармақ 36
36. Өздері жылытатын, жеке меншік үй құрылыстарында тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегін есептеу үшін көмірдің әлеуметтік шығыны жалпы ауданның 1 шаршы метріне 129,8 кг, бірақ бір үйге 5000 кг аспауы керек.
Тармақ 37
37. Көмірдің құнын есептеу үшін қала бойынша облыстык статистика басқармасының ұсынуымен орташа бағаны қолданамыз және тоқсанның соңғы айында есептелген әлеуметтік көмек мүмкіншілігіне қараймыз (желтоқсан, наурыз, маусым, қыркүйек).
Тармақ 38
38. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында қолданылып басқа жанармай түрлерінің құны мен шығын нормасын, тұрғын үй көмегін есептегенде көмірдің құны мен шығын нормасына эквивалентті деп есептеу керек.
Тармақ 39
39. Көмірді сатып алу мезгіліне байланысты көмірдің тұрғын үйге барлык әлеуметтік шығын нормасын (көмірдің құнын) өтініш жасаған тоқсанына карай әлеуметтік көмек есептегенде үш айға аламыз.
Тармақ 40
40. Тұрғын үй көмрегн есептегенде жеке меншік үй құрылысында тұратын отбасының табысын өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептеу керек
Тармақ 41
41. Заң бойынша бір үйдің бірнеше иесі болса, онда тұрғын үй көмегі әр үй иесіне (жанұяға) тағайындалады, сонымен қатар бір үйге әлеуметтік көмір нормасы әр отбасына, алып отырған ауданына байланысты сайма сай бөлінеді.
Тармақ 42
42. Электр қуаты, газ, су, қоқыс шығындарын өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы түбіртектердің орташаларын есепке алу керек.
Тармақ 6. 6. Тұрғын үй көмегінің қаржыландыруы мен төлемі
6. Тұрғын үй көмегінің қаржыландыруы мен төлемі
Тармақ 43
43. Тұрғын үй көмегі аудандық бюджет каражаттарының есебінен көрсетіледі. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем ретінде тағайындалады
Тармақ 44
44. Тұрғын үй көмегінің төлемі осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттар есебінен азаматтардың салымы бойнша шоттарына есептелуі жолымен екінші деңгейдегі банкілері (бұдан әрі тиісті банкілер) арқылы жүргізіледі. Тұрғын үй көмегі төлемінің тәртібі мен шарты аудандық (қалалық) еңбек, жұмыспен қамту уықты әлеуметтік қорғау бөлімдері және тиісті банкілер арасындағы агенттік келісімімен белгіленеді.
Тармақ 45
45. Жезкент кентінің тұрғындарына тұрғын үйдің төлеу бағасының төмендігіне байланысты тұрғын үй көмегі ЖКО ОАО “Жезкентский ГОК” есеп айыру шотына аударылады. Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы: Ф. Бектембаева