Об утверждении Правил назначения и выплаты материального обеспечения на детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің ережесін бекіту туралы "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабын, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 343-II Заңының 11-бабы 1-тармағын іске асыру мақсатында және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II Заңының 27-бабы 1-тармағының 17)-тармақшасына сәйкес және мүгедек балалары бар ата-аналарға оларды тәрбиелеуде және оқытуда көмек көрсетуге Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау және төлеудің қоса беріліп отырған ережелері бекітілсін (бұдан әрі-Ереже).
Тармақ 2
2. 2005 жылғы 1 қаңтардан материалдық қамсыздандырудың мөлшері (ай сайын) 7581 теңге сомасында белгіленсін.
Тармақ 3
3. Облыстың қалалары мен аудандары әкімдері, Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті (А.Шерубаев) бекітілген Ережелерге сәйкес үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық көмектің тағайындалуын және төленуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. "Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2003 жылғы 14 шілдедегі N 123, тіркеу нөмірі 1324 қаулысының ("Рудный Алтай", "Дидар" газеттерінде 2003 жылғы 22 шілдеде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары А.В. Гречухинге жүктелсін.
Басқа 6. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің ЕРЕЖЕЛЕРІ
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 24 ақпандағы N 93 қаулысымен бекітілген Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің ЕРЕЖЕЛЕРІ Осы Ережелер "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 343- II Заңының 11-бабы 1-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 23 қаңтардағы N 148- II Заңының 27-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес әзірленді. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандырудың тағайындалуы мүгедек баланың тұрғылықты жерінде ата-анасының біреуінің немесе оны алмастырушы тұлғаның өтініші бойынша уәкілетті органмен (қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен) жүргізіледі. Ґтінішке облыстық білім департаменті жанындағы Ведомствоаралық психологиялық- медициналық-педагогикалық комиссия беретін, мүгедек баланы үйде тәрбиелеу және оқытудың қажеттілігі туралы анықтама қоса беріледі. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық көмек осы көмекті тағайындау жөніндегі өтініш берілген айдан бастап және Ведомствоаралық психологиялық- медициналық-педагогикалық комиссияның анықтамасымен белгіленген мерзімге тағайындалады. Материалдық көмектің тағайындау мен төлемнің тоқтатылуына немесе қайта жаңартылуына әкеліп соғатын жағдайлар туындаған кезде (бала өлімі, интернат-үйіне жіберу, тұрғылықты жерді ауыстыру және т.б), көмектің тағайындалуы және төлемі тиісті жағдайлар туындаған кезден кейінгі айдан бастап тоқтатылады немесе қайта жаңартылады. Материалдық көмек алушылар, көмек алу құқығына әсерін тигізетін барлық өзгерістер жөнінде тиісті уәкілетті органға хабарлауға міндетті. Болған өзгерістер туралы мәліметтер бермеген жағдайда, алынған сомалар заңнамада белгіленген тәртіппен қайтарылады. Тиісті уәкілетті орган, түскен күннен бастап материалдық көмек тағайындау жөніндегі барлық қажетті құжаттармен бірге өтінішті, 10 күн мерзімінде қарайды. Тиісті уәкілетті орган, материалдық көмек тағайындалмайтын жағдайда, қабылданбаған себептері мен шағымдану тәртібі көрсетілген шешім шығарылғаннан кейін, өтініш берушіге барлық құжаттарын қайтарып береді. Уәкілетті органның шешімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес шағымданылуы мүмкін. Материалдық көмек тағайындау жөніндегі өтініш, сондай-ақ мүгедек балаларға материалдық көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті органның шешімі барлық қажетті құжаттармен бірге алушының жеке ісінде сақталады. Материалдық көмектің мөлшері балалар интернат-үйіндегі мүгедек балаларды ұстау бағасы мөлшерінде тиісті жылға белгіленеді. Қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері ағымдағы айдың 25 жұлдызына дейін төлеу үшін, ведомость-тізімдердің негізінде Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментіне қажеттілік-өтінімін ұсынады. Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті есеп беруден кейінгі айдың 1 жұлдызына дейін ШҚО Қаржы департаментіне жиынтық қажеттілік-өтінімін ұсынады. Қаржыландыру Департаменттің бюджеттік есебіне түскеннен кейін, қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің өтінімдеріне сәйкес және Агенттік келісімі негізінде, "Қазпошта" акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы пошта байланысының қалалық және аудандық тораптарына ақшалай қаражаттарды аудару жүзеге асырылады. "Қазпошта" акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы пошта байланысының қалалық және аудандық тораптары, қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері ұсынған, бірінші басшы қол қойған, ведомость-тізімдердің негізінде төлем жүргізеді. Материалдық көмектің төлемі өткен айға жүргізіледі.