Об утверждении Инструкции по ведению ломбардами бухгалтерского учета банковских и иных операций Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ломбардтардың банктік және өзге де операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Тармақ 2
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі мемлекеттік органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің уәкілетті лицензиялары негізінде ломбардтар жүзеге асыратын банктік және өзге де операциялардың бухгалтерлік есебін жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ломбардтардың банктік және өзге де операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізуі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне жіберсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны ломбардтарға жіберсін.
Тармақ 5. Ломбардтардың банктік және өзге де операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізуі жөніндегі нұсқаулық
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ. Абдулинаға жүктелсін. Ұлттық Банк Төрағасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 3 ақпандағы N 20 қаулысымен бекітілген Ломбардтардың банктік және өзге де операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізуі жөніндегі нұсқаулық
Бөлім 1. 1-бөлім. Жалпы ережелер
1-бөлім. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі  туралы", " Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2509 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы қаржы рыногының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 324  қаулысына , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2765 тіркелген Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Ломбардтар ашу, қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 16 ақпандағы N 43  қаулысына , сондай-ақ қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Нұсқаулық ломбардтардың қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) лицензиялары негізінде жүзеге асыратын банктік және өзге де операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізуін жан-жақты талдайды.
Бөлім 2. 2-бөлім. Ломбардтар берген заемдарды есепке алу
2-бөлім. Ломбардтар берген заемдарды есепке алу
Тармақ 3
3. Ломбард берген заемдар бухгалтерлік есепте "компания берген және саудаға арналмаған несиелер және дебиторлық берешек" санатында көрсетіледі және пайыздың тиімді ставка әдісі пайдаланыла отырып бағаланады. Ломбард берген заемдар бойынша қайта бағалау жүргізілмейді. Заем берген кезде пайда болған жеңілдіктің немесе сыйақының заемға ие болу мерзімі ішіндегі немесе заемды өтеу күніне дейінгі сомасы пайыздың тиімді ставкасы (кірістіліктің ішкі нормасы) бойынша амортизацияға жатқызылады.
Тармақ 4
4. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес санаттар бойынша жіктелген (егер ломбардта бірнеше санаттар болса) берілген заемдарды бухгалтерлік есепте көрсету жөніндегі негізгі талаптар ломбардтың есеп саясатында көзделеді.
Тармақ 5
5. Егер ломбардтың өзіне берілген заем жөніндегі құқықтарын басқа тұлғаға беруге ниеті болса, мұндай заем "саудаға арналған" деген санатта көрсетілуге және әділ құны бойынша бағалануға жатады.
Тарау 1. 1-тарау. Берілген заемды бастапқы тану және бағалау кезіндегі операцияларды есепке алу
1-тарау. Берілген заемды бастапқы тану және бағалау кезіндегі операцияларды есепке алу
Тармақ 6
6. Ломбард бастапқы тану кезінде берілген заемды нақты жұмсалған шығындар бойынша, әділ құны бойынша бағалайды. Ломбардтың заем жөнінде мәмілелер жасау бойынша жұмсаған шығындары заемның бастапқы бағалау құнына кіреді.
Тармақ 7
7. Ломбардтың Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін ішкі құжаттарында белгіленген тәртіпке сәйкес банктік заем шарты жасалғаннан кейін және заем ресімдеу жөніндегі (оның ішінде заемның қайтарылуын қамтамасыз ету жөніндегі) барлық қажетті рәсімдер орындалғаннан кейін, тиісті шоттардың дебеті (бұдан әрі - Дт) мен кредиті (бұдан әрі - Кт) бойынша мынадай бухгалтерлік жазбалар орындалады:
Тармақша 1
1) берілген заем сомасы өтелуге жататын заем сомасына тең болған жағдайда: нақты берілген ақша сомасына: Дт  403  21  "Клиенттерге берілген қысқа мерзімді заемдар" Кт  441  02  "Ағымдағы шоттағы ұлттық валютадағы ақша", 451      "Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша"; заемшының заем алғаны үшін комиссия түрінде шеккен шығыстарының сомасына: Дт  441  02  "Ағымдағы шоттағы ұлттық валютадағы ақша", 451      "Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша"; Кт  701  27  "Басқа комиссиялық кірістер";
Тармақша 1
1) берілген заемның сомасы өтелуге жататын заемның сомасынан аз болған жағдайда: нақты берілген ақша сомасына: Дт  403  21  "Клиенттерге берілген қысқа мерзімді заемдар" Кт  441  02  "Ағымдағы шоттағы ұлттық валютадағы ақша", 451      "Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша"; жеңілдік сомасына: Дт  403  21  "Клиенттерге берілген қысқа мерзімді заемдар" Кт  611      "Болашақ кезеңдердегі кірістер" (жеңілдікті есепке алу бойынша жеке субшот);
Тармақша 3
3) заемшының заем алғаны үшін комиссия түрінде шеккен шығыстарының сомасына: Дт  441      "Корреспонденттік, ағымдағы шоттардағы ұлттық валютадағы ақша", 451      "Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша" Кт  701  27  "Басқа комиссиялық кірістер".
Тармақ 8
8. Кепіл затына арналған кепіл, кепілдік және құқықты белгілейтін құжаттар туралы банктік заем шарттарының түпнұсқалары ломбардтың кредиттік досьесіндегі құжаттардың толықтығын және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер жүктелетін ломбардтың жауапты адамында сақталады. Осы құжаттарды есепке алу баланстан тыс шотта жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Кепіл туралы шарт негізінде заемды қамтамасыз етуге қабылданған мүлік құнының сомасына мынадай бухгалтерлік жазба орындалады: Кіріс  1113  "Клиенттің міндеттемелерін қамтамасыз етуге (кепілге) қабылданған мүлік", 1135  "Сақтаудағы қымбат металдар", 1136  "Сақтаудағы акциялар және басқа бағалы қағаздар".
Тармақ 10
10. Егер заемшының міндеттемелерін қамтамасыз ету ретінде кепілдік қабылданса, баланстан тыс шоттарда қабылданған кепілдіктің сомасын көрсету жүргізіледі және мынадай бухгалтерлік жазба орындалады: Дт  1002  "Қабылданған кепілдіктер бойынша ықтимал талаптар" Кт  1052  "Қабылданған кепілдіктер бойынша талаптардың ықтимал азаюы".
Тарау 2. 2-тарау. Берілген заем бойынша есептелген сыйақыны есепке алу және оның төленгенін көрсету
2-тарау. Берілген заем бойынша есептелген сыйақыны есепке алу және оның төленгенін көрсету
Тармақ 11
11. Берілген заем бойынша сыйақы есептеу ломбардтың есеп саясатында белгіленген кезеңділікпен жүргізіледі. Есептелген сыйақы сомасына мынадай бухгалтерлік жазба орындалады: Дт  332  25  "Клиенттерге берілген заемдар бойынша сыйақы түрінде есептелген кірістер" Кт  724  25  "Заемдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер".
Тармақ 12
12. Заемшы берілген заем бойынша есептелген сыйақыны төлеген кезде, алынған сыйақы сомасына мынадай бухгалтерлік жазба орындалады: Дт  441  02  "Ағымдағы шоттағы ұлттық валютадағы ақша", 451      "Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша"; Кт  332  25  "Клиенттерге берілген заемдар бойынша сыйақы түрінде есептелген кірістер", 663  01  "Берілген заемдар және орналастырылған салымдар бойынша алдын ала сыйақы төлеу".
Тармақ 13
13. Заемшы берілген заем бойынша сыйақы сомасын алдын ала төлеген жағдайда, мұндай сома есептеу әдісіне сәйкес ломбард кірістерінің шоттарында көрсетуге жатады.
Тарау 3. 3-тарау. Берілген заем бойынша жеңілдіктің амортизациясын есепке алу
3-тарау. Берілген заем бойынша жеңілдіктің амортизациясын есепке алу
Тармақ 14
14. Жеңілдік - есептелген сыйақыны қоспағанда, банктік заем шартында көрсетілген заем бойынша негізгі борыш сомасы мен ломбардтың нақты берген заем сомасы арасында пайда болатын оң айырмашылық сомасы.
Тармақ 15
15. Жеңілдік амортизациясы ломбардтың есеп саясатында белгіленген кезеңділікпен жүзеге асырылады. Жеңілдік амортизациясының сомасына мынадай бухгалтерлік жазба орындалады: Дт  611      "Болашақ кезеңдердегі кірістер" (жеңілдікті есепке алу бойынша жеке субшот) Кт  724  25  "Заемдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер".
Тарау 4. 4-тарау. Берілген заемның өтелуін есепке алу
4-тарау. Берілген заемның өтелуін есепке алу
Тармақ 16
16. Заемшыдан берілген заем бойынша негізгі борыш сомасын өтеу шотына ақша түскен кезде, алынған ақша сомасына мынадай бухгалтерлік жазба орындалады: Дт  441  02  "Ағымдағы шоттағы ұлттық валютадағы ақша", 451      "Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша" Кт  403  21  "Клиенттерге берілген қысқа мерзімді заемдар".
Тармақ 17
17. Берілген заем бойынша негізгі борыш және есептелген сыйақы сомалары толық өтелген кезде, шарттардың (банктік заем шартының, кепілдік шартының, міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету туралы шарттың) баланстан тыс шотынан кепіл затына құқық белгілейтін құжаттардың, оның техникалық құжаттамасының және заемшыға қайтарылуға жататын басқа да құжаттардың берілген кепіл құнын, қабылданған кепілдік сомасын есептен шығару жүзеге асырылады және мынадай бухгалтерлік жазба орындалады: кепілге қабылданған мүліктің құнын есептен шығарғанда: Шығыс  1113  "Клиенттің міндеттемелерін қамтамасыз етуге (кепілге) қабылданған мүлік", 1135  "Сақтаудағы қымбат металдар", 1136  "Сақтаудағы акциялар және басқа бағалы қағаздар"; қабылданған кепілдіктің сомасын есептен шығарғанда: Дт  1052  "Қабылданған кепілдіктер бойынша талаптардың ықтимал азаюы" Кт  1002  "Қабылданған кепілдіктер бойынша ықтимал талаптар".
Тарау 5. 5-тарау. Берілген заем бойынша мерзімі өткен берешекті есепке алу
5-тарау. Берілген заем бойынша мерзімі өткен берешекті есепке алу
Тармақ 18
18. Заемшы есептелген сыйақыны банктік заем шартындағы мерзімде төлемеген жағдайда есептелген, бірақ төленбеген сыйақы сомасы мерзімі өткен активтер шотына жатқызылады және мынадай бухгалтерлік жазба орындалады: Дт  332  29  "Сыйақы түріндегі мерзімі өткен кірістер" (берілген заемдар бойынша жеке субшот) Кт  332  25  "Клиенттерге берілген заемдар бойынша сыйақы түрінде есептелген кірістер".
Тармақ 19
19. Заемшы берілген заем бойынша негізгі борыштың сомасын банктік заем шартында көзделген мерзімде төлемеген жағдайда, берілген заем бойынша негізгі борыштың өтелмеген сомасы мерзімі өткен активтер шотына жатқызылады және мынадай бухгалтерлік жазба орындалады: Дт  403  24  "Клиенттердің берілген заем бойынша мерзімі өткен берешегі" Кт  403  21  "Клиенттерге берілген қысқа мерзімді заемдар".
Тармақ 20
20. Егер банктік заем шартының талаптарында берілген заем бойынша мерзімі өткен берешек үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) есептеу көзделген болса, мынадай бухгалтерлік жазба орындалады: Дт  334      "Басқа да дебиторлық берешек" (тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұлдар бойынша жеке субшот)" Кт  727      "Негізгі емес қызметтен басқа да кірістер (тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл бойынша жеке субшот)".
Тармақ 21
21. Берілген заем бойынша негізгі борыш пен сыйақы сомасы бойынша мерзімі өткен берешекті, сондай-ақ тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлеген кезде, мынадай бухгалтерлік жазба орындалады: негізгі борыш бойынша мерзімі өткен берешекті өтеу сомасына: Дт  441  02  "Ағымдағы шоттағы ұлттық валютадағы ақша", 451      "Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша" Кт  403  24  "Клиенттердің берілген заемдар бойынша мерзімі өткен берешегі"; сыйақы бойынша мерзімі өткен берешекті өтеу сомасына: Дт  441  02  "Ағымдағы шоттағы ұлттық валютадағы ақша", 451      "Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша" Кт  332  29  "Сыйақы түріндегі мерзімі өткен кірістер" (берілген заемдар бойынша жеке субшот)"; тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) өтеу сомасына: Дт  441  02  "Ағымдағы шоттағы ұлттық валютадағы ақша", 451      "Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша" Кт  334      "Басқа да дебиторлық берешек" (тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұлдар бойынша жеке субшот)".
Тармақ 22
22. Ломбард төленбеген мерзімі өткен сыйақы сомасын баланстан есептен шығару туралы шешім қабылдаған жағдайда (ломбардтың ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен және мерзімде), мынадай бухгалтерлік жазба орындалады: төленбеген мерзімі өткен сыйақы сомасына: Дт  724  25  "Заемдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер" Кт  332  29  "Сыйақы түріндегі мерзімі өткен кірістер" (берілген заемдар бойынша жеке субшот)"; және сонымен қатар: Кіріс  1103  "Шығынға есептен шығарылған борыштар" (есептен шығарылған мерзімі өткен сыйақы сомасына жеке субшот)".
Тармақ 23
23. Заемшы баланстан шығарылған сыйақы сомасын өтеген жағдайда, мынадай бухгалтерлік жазба орындалады: Дт  441  02  "Ағымдағы шоттағы ұлттық валютадағы ақша", 451      "Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша" Кт  724  25  "Заемдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер" және сонымен қатар: Шығыс  1103  "Шығынға есептен шығарылған борыштар" (есептен шығарылған сыйақы сомасына жеке субшот)".
Тарау 6. 6-тарау. Берілген заем бойынша провизиялар құру жөніндегі операцияларды есепке алу
6-тарау. Берілген заем бойынша провизиялар құру жөніндегі операцияларды есепке алу
Тармақ 24
24. Берілген заем бойынша провизиялар құрған кезде, құрылған провизияның сомасына мынадай бухгалтерлік жазба орындалады: Дт  821  21  "Берілген заемдар бойынша резервтер (провизиялар) қалыптастыру бойынша шығыстар" Кт  311  21  "Клиенттерге берілген заемдар бойынша шығындардың орнын жабуға арналған резервтер (провизиялар)".
Тармақ 25
25. Заемдарды неғұрлым жоғары санатқа қайта жіктеген кезде, олардың қалыптастырылу мерзіміне қарамастан, берілген заем бойынша бұрын құрылған прозизиялардың сомасы жазылады және мынадай бухгалтерлік жазба орындалады: Дт  311  21  "Клиенттерге берілген заемдар бойынша шығындардың орнын жабуға арналған резервтер (провизиялар)". Кт  821  21  "Берілген заемдар бойынша резервтер (провизиялар) қалыптастыру бойынша шығыстар".
Тармақ 26
26. Берілген заем бойынша баланста көрсетілетін негізгі борыш сомасын өтеген кезде ол бойынша бұрын қалыптастырылған провизиялар жазылады және мынадай бухгалтерлік жазба орындалады: өтеу сомасына: Дт  311  21  "Клиенттерге берілген заемдар бойынша шығындардың орнын жабуға арналған резервтер (провизиялар)" Кт  821  21  "Берілген заемдар бойынша резервтер (провизиялар) қалыптастыру бойынша шығыстар".
Тарау 7. 7-тарау. Берілген заемды есептен шығару бойынша операцияларды есепке алу
7-тарау. Берілген заемды есептен шығару бойынша операцияларды есепке алу
Тармақ 27
27. Ломбардтың ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен және мерзімде үмітсіз ретінде жіктелген берілген заемның құрылған провизиялары есебінен баланстан есептен шығарған кезде, мынадай бухгалтерлік жазбалар орындалады: Дт  311  21  "Клиенттерге берілген заемдар бойынша шығындардың орнын жабуға арналған резервтер (провизиялар)" Кт  403  24  "Берілген заемдар бойынша клиенттердің мерзімі өткен берешегі"; және сонымен қатар, шығынға жатқызылған берешектің сомасына: Кіріс  1103  "Шығынға есептен шығарылған борыштар" (берілген заем бойынша негізгі борышты есепке алуға арналған жеке
Тармақша субшот
субшот)".
Тармақ 28
28. Заемшы берілген заем бойынша баланстан есептен шығарылған негізгі борыш сомасы бойынша берешекті өтеген кезде, үмітсіз берешектің баланстан шығарылған күніне қарамастан, мынадай бухгалтерлік жазбалар орындалады: өтеу сомасына: Дт  441  02  "Ағымдағы шоттағы ұлттық валютадағы ақша", 451      "Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша" Кт  821  21  "Берілген заемдар бойынша резервтер (провизиялар) қалыптастыру бойынша шығыстар"; сонымен қатар, берілген заем бойынша баланстан есептен шығарылған берешекті өтеу сомасына: Шығыс  1103  "Шығынға есептен шығарылған борыштар" (берілген заем бойынша негізгі борышты есепке алуға арналған жеке
Тармақша субшот
субшот).
Тарау 8. 8-тарау. Берілген заем бойынша кепіл затын есепке алу
8-тарау. Берілген заем бойынша кепіл затын есепке алу
Тармақ 29
29. Кепіл затының бағалау құны өзгерген жағдайда, оның құны жаңа бағалау құны бойынша кіріске алынады және мынадай бухгалтерлік жазбалар орындалады:
Тармақша 1
1) кепіл затының құнына: Шығыс  1113  "Клиенттің міндеттемелерін қамтамасыз етуге (кепілге) қабылданған мүлік", 1135  "Сақтаудағы қымбат металдар", 1136  "Сақтаудағы акциялар және басқа бағалы қағаздар";
Тармақша 2
2) кепіл затының бағалау құнына: Кіріс  1113  "Клиенттің міндеттемелерін қамтамасыз етуге (кепілге) қабылданған мүлік", 1135  "Сақтаудағы қымбат металдар", 1136  "Сақтаудағы акциялар және басқа бағалы қағаздар".
Тармақ 30
30. Кепіл заты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көпшілік сауда-саттықта сату арқылы өткізілген (сатылған) жағдайда, баланстан тыс есептен кепіл затының құнын есептен шығару жүргізіледі, ал кепіл затын өткізуден алынған ақша сомасы заемшының берешегін өтеуге жіберіледі. Егер кепіл затының өткізу құны берілген заемның және есептелген сыйақының сомасынан асатын болса, айырмасы заемшыға қайтарылады. Егер кепіл затының өткізу құны берілген заемның және есептелген сыйақының сомасынан кем болса, айырмасы ломбард шығындарының есебінен есептен шығарылады.
Тармақ 31
31. Сауда-саттықтың өткізілмеді деп жариялануына байланысты кепіл заты ломбардтың меншігіне айналған кезде, кепіл затын кіріске алу ломбардтың ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен жүргізіледі және мынадай бухгалтерлік жазбалар орындалады:
Тармақша 1
1) кепіл затын кіріске алған кезде: егер кепіл заты алдағы уақытта сатылатын болса немесе ломбардтың негізгі қызметінде пайдалану мүмкін болмаса: Дт  222      "Сатып алынған тауарлар" Кт  687      "Басқалары"; егер кепіл заты ломбардтың негізгі қызметінде пайдаланылатын болса: Дт  12       "Негізгі құрал-жабдықтар" Кт  687      "Басқалары";
Тармақша 2
2) кепіл затының құнын есептен шығарған кезде: Шығыс  1113  "Клиенттің міндеттемелерін қамтамасыз етуге (кепілге) қабылданған мүлік", 1135  "Сақтаудағы қымбат металдар", 1136  "Сақтаудағы акциялар және басқа бағалы қағаздар".
Тармақ 32
32. Бұрын кепілге қабылданған мүлікті балансқа кіріске алғаннан кейін берілген заем бойынша берешекті толық немесе ішінара есептен шығару және осы операцияларға байланысты басқалары жүзеге асырылады және мынадай бухгалтерлік жазбалар орындалады:
Тармақша 1
1) есептелген тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) сомасына: Дт  687      "Басқалары" Кт  334      "Басқа дебиторлық берешек" (тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) бойынша жеке субшот)";
Тармақша 2
2) берілген заем бойынша есептелген, бірақ алынбаған сыйақы сомасына: егер берілген заем бойынша есептелген, бірақ алынбаған сыйақы сомасы баланста есепте тұрған жағдайда: Дт  687      "Басқалары" Кт  332  29  "Сыйақы түріндегі мерзімі өткен кірістер" (берілген заемдар бойынша жеке субшот)"; егер берілген заем бойынша есептелген, бірақ алынбаған сыйақы сомасы ағымдағы жылы немесе өткен есептік кезеңдерде баланстан есептен шығарылған жағдайда: Дт  687      "Басқалары" Кт  724  25  "Заемдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер"; және, сонымен қатар, меморандум шотында есепте тұрған берілген заем бойынша берешек сомасына: Шығыс  1103  "Шығынға есептен шығарылған борыштар" (есептен шығарылған мерзімі өткен сыйақы сомасына жеке субшот);
Тармақша 3
3) негізгі борыш бойынша берешек сомасына: егер негізгі борыш бойынша берешек баланста есепте тұрған жағдайда: Дт  687      "Басқалары" Кт  403  24  "Клиенттердің берілген заемдар бойынша мерзімі өткен берешегі; және сонымен қатар, құрылған провизияларды өтелген негізгі борыш сомасына азайту жүргізіледі: Дт  311  21  "Клиенттерге берілген заемдар бойынша шығындарды жабуға арналған резервтер (провизиялар)" Кт  821  21  "Берілген заемдар бойынша резервтер (провизиялар)" қалыптастыру бойынша шығыстар"; егер негізгі борыш бойынша берешектің сомасы есептен шығару күніне қарамастан, баланстан есептен шығарылған жағдайда: Дт  687      "Басқалары" Кт  821  21  "Берілген заемдар бойынша резервтер (провизиялар)" қалыптастыру бойынша шығыстар"; және сонымен қатар, меморандум шотында есепте тұрған берілген заем бойынша берешектің сомасына: Шығыс  1103  "Шығынға есептен шығарылған борыштар" (берілген заем бойынша негізгі борышты есепке алуға жеке субшот);
Бөлім 3. 3-бөлім. Ломбард жүзеге асыратын лизинг қызметін есепке алу
3-бөлім. Ломбард жүзеге асыратын лизинг қызметін есепке алу
Тармақ 33
33. Ломбард лизинг алушының лизинг затын берген кезде мынадай бухгалтерлік жазба орындалады: Дт  303  21  "Қаржылық жалдау" Кт  12       "Негізгі құрал-жабдықтар", 222      "Сатып алынған тауарлар".
Тармақ 34
34. Берілген лизинг бойынша сыйақы есептеу ломбардтың есеп саясатында белгіленген кезеңділікпен жүргізіледі және есептелген сыйақы сомасына мынадай бухгалтерлік жазба орындалады: Дт  332  26  "Клиенттерге берілген қаржылық жалдау бойынша сыйақы түрінде есептелген кірістер" Кт  724  26  "Қаржылық жалдау бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер".
Тармақ 35
35. Ломбард лизинг төлемдерін алған кезде мынадай бухгалтерлік жазба орындалады: берілген лизинг бойынша есептелген сыйақы сомасына: Дт  441  02  "Ағымдағы шоттардағы ұлттық валютадағы ақша", 451      "Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша" Кт  332  26  "Клиенттерге берілген қаржылық лизинг бойынша сыйақы түрінде есептелген кірістер"; берілген лизинг бойынша негізгі борыш сомасына: Дт  441  02  "Ағымдағы шоттардағы ұлттық валютадағы ақша", 451      "Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша" Кт  303  21  "Қаржылық жалдау".
Тармақ 36
36. Берілген лизинг бойынша мерзімі өткен берешекті, құрылған провизиялар сомаларын, есептен шығарылған үмітсіз берешекті есепке алу лизингті есепке алуға арналған тиісті бухгалтерлік есеп шоттары пайдаланыла отырып, осы Нұсқаулықтың 2-бөлімінің 5-7-тарауларына сәйкес жүзеге асырылады.
Бөлім 4. 4-бөлім. Ломбард жүргізетін сейф операцияларын есепке алу
4-бөлім. Ломбард жүргізетін сейф операцияларын есепке алу
Тармақ 37
37. Ломбард сейф операцияларын жүргізген кезде, сейф операциялары бойынша қызмет көрсеткені үшін комиссия есептеу жүргізеді және мынадай бухгалтерлік жазба орындалады: Дт  332  33  "Сейф операциялары бойынша қызмет көрсетілгені үшін есептелген комиссиялық кірістер" Кт  701  24  Сейф операциялары бойынша қызмет көрсетілгені үшін комиссиялық кірістер".
Тармақ 38
38. Сейф операциялары бойынша қызмет көрсетілгені үшін комиссия алынған кезде мынадай бухгалтерлік жазба орындалады: Дт  441  02  "Ағымдағы шоттардағы ұлттық валютадағы ақша", 451      "Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша" Кт  332  33  "Сейф операциялары бойынша қызмет көрсетілгені үшін есептелген комиссиялық кірістер".
Тармақ 39
39. Клиент сейф операциялары бойынша қызмет көрсетілгені үшін комиссия төлеуді кешіктірген жағдайда, мынадай бухгалтерлік жазба орындалады: Дт  332  37  "Мерзімі өткен комиссиялық кірістер" Кт  332  33  "Сейф операциялары бойынша қызмет көрсетілгені үшін есептелген комиссиялық кірістер".
Тармақ 40
40. Сейф операциялары бойынша қызмет көрсетілгені үшін мерзімі өткен комиссияны баланстан есептен шығарған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар орындалады: Дт  701  24  "Сейф операциялары бойынша қызмет көрсетілгені үшін комиссиялық кірістер" Кт  332  37  "Мерзімі өткен комиссиялық кірістер"; және сонымен қатар: Кіріс  1103  "Шығынға есептен шығарылған борыштар" (сейф операциялары бойынша қызмет көрсетілгені үшін комиссия бойынша жеке субшот)".
Бөлім 5. 5-бөлім. Қорытынды ережелер
5-бөлім. Қорытынды ережелер
Тармақ 41
41. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен шешіледі.