Облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау туралы Қолданыста
Басқа 0
Облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес, Маңғыстау облысы әкімінің «Облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау туралы» 2001 жылғы19 қазан №42шешімін басшылыққа ала отырып, аудан әкімияты Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап бұрын облыстық дәржедегі дербес зейнеткер атағы бар зейнеткерлерге аудандық бюджет қаржысынан ай сайын қосымша ақы тағайындалсын.
Тармақ 2
2. Облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлерге ай сайынғы қосымша ақы тағайындау және төлеу ережелері бекітілсін /қосымша/.
Тармақ 3
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі /Д.Садықов/ аудан бойынша бұрын облысқа сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға қосымша ақы тағайындаудөлеу және есепке алуды ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Аудандық экономика және қаржы бөлімі /С.Қани/ 2005 жылдың аудандық бюджеттің жыл сайынғы шығыстар сметасы шегінде осы қаулыны орындау шараларын алсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының оруындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары
А.Досановаға жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ:
Аудан әкімінің орынбасары: Досанова Айкүміс Сәрсенғалиқызы.
Аппарат басшысы: Маңғыбаев Қуанғали Мәткерімұлы.
Аппарат заңгері: Алтынбай Мөлдір Ғалымжанқызы.
Аудандық экономика және қаржы
бөлімінің жетекшісі: Қани Сара Құлмырзақызы.
орынд.Аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламарар бөлімінің жетекшісі:
Садықов Демеген Мертеұлы
Басқа 6
ҚОСЫМША
Түпқараған аудан әкімияты 24 қаңтар 2005 ж.
№ 21 қаулы
Облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлерге
ай сайынғы қосымша ақы тағайындау және төлеу
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Осы облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлерге ай сайынғы қосымша ақы тағайындау және төлеу Ережелері бұдан әрі – Ережелер Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы “ Заңына және “Облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау туралы 2001 жылғы 19 қазан №42 шешіміне сәйкес, облысқа сіңірген еңбегі үшін бұрын зейнетақы тағайындалған адамдардың зейнетақыларына қосымша ақыны тағайындау және төлеу тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Ережелерде төмендегідей негізгі түсініктер қолданылады:
1/.облысқа сіңірген еңбегі бар зейнеткер-облыстық дәрежедегі дербес
зейнеткер / бұдан әрі — дербес зейнеткер/;
2/.дербес зейнеткердің зейнетақысына қосымша ақы - /бұдан әрі- қосымша ақы/ олардың табысына қарамастан жеңілдіктердің орнына берілетін ақшалай төлемақы;
3/ қосымша ақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілді орган- аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.
4/ қосымша ақыны беру жөніндегі уәкілді орган — Қазақстан Республикасының Халықтық банкі / бұдан әрі — банк/.
Тармақ 2
2. Дербес зейнеткерлерге жеңілдіктердің орнына қосымша ақыны төлеу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Қосымша ақы ай сайын өткен ай үшін аудан әкімінің шешімімен бекітілген Ережелерге сәйкес төленеді.
Тарау 3. 3. Қосымша ақыны тағайындау тәртібі
3. Қосымша ақыны тағайындау тәртібі
Тармақ 4
4. Дербес зейнеткерлер қосымша ақы тағайындату үшін тұрғылықты жері бойынша қосымша ақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілді органға төмендегідей құжаттар мен мәліметтер тапсырады:
1/. өтініш;
2/. жеке басын куәландыратын құжат;
3/. қосымша ақыны алуға құқығын растайтын құжат;
4/. салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
5/. банкінің филиалдарында зейнетақысын алатын адамдардың банкідегі дербес есеп шотының нөмірі;
6/.тұрақты тұрғылықты жерін растайтын анықтама.
Тармақ 5
5. Қосымша ақыны алуға құқығын растайтын құжат болып, дербес зейнеткердің куәлігі немесе халық депутаттары Маңғыстау облыстық Кеңесінің 1992 жылғы 22 мамырдағы № Х/254 қаулысымен бекітілген облысқа сіңірген еңбегі үшін зейнетақыларды белгілеу жөніндегі комиссияның облысқа сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақыны тағайындау туралы шешімінен көшірме саналады.
Тармақ 6
6. Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқада және көшірме түрінде қосымша ақыны тағайындау және төлеу жөніндегі органына тапсырылады. Ол құжаттар көшірмесін куәландырады, оларды іске қалыптастырады тағайындалған сомалардың есебін жүргізу және кейін компьютерлік өңдеу үшін қосымша ақыны тағайындау журналы бойынша жеті сандық нөмірін береді төленген сомалардың есебін жүргізу үшін дербес есепшот ашады.
Тармақ 7
7. Қосымша ақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілді орган қосымша ақыны тағайындау немесе оны тағайындаудан бас тарту туралы шешім
қабылдайды.
Уәкілді орган төмендегілерге қосымша ақыны тағайындаудан бас тартады.
1/.қосымша ақыны тағайындау құқығьін растайтын құжаттарын тапсырмаған адамдарға;
2/.ДӘЛ емес мәліметтерден тұратын құжаттар тапсырған адамдарға;
З/.бас бостандығынан айыру түрінде сотпен тағайындалған қылмыстық жазасын өтеп жүрген адамдарға;
4/.Қазақстан Республикасындағы басқа облысқа және одан тысқары жерге сіңірген еңбегі бар зейнеткерлерге;
Қосымша ақыны тағайындаудан бас тартқан жағдайда, қосымша ақыларды тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілді орган бас тарту себебін жазбаша дәлелдеп түсіндіреді және өтініш берушіге құжаттарын қайтарады.
Тармақ 8
8. Қосымша ақыны алушылар өтінішінде Ережелердің 7 тармағының 3/ тармақшасында көрсетілген,оны тағайындау үшін негіздерін жойған жағдайларды, қосымша ақыларды тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілді органға бұл туралы 10 күннің ішінде хабарлауға міндеттенеді.
Тармақ 9
9. Дербес зейнеткерге қосымша ақыны төлеу Ережелердің 7 тармағының 3/ тармақшасында көрсетілген.оны тағайындау үшін негіздерін жойған жағдайларда немесе алушының қайтыс болған күнінен бастап тоқтатылады.
Тармақ 10
10. Қосымша ақыны төлеуді жаңғырту, дербес зейнеткердің оны тағайындауға қайта құқығын иеленген жағдайда,құқығы туындаған күннен бастап қосымша ақыны тағайындау және төлеу жөнінлегі уәкілді органның шешімі бойынша жүргізіледі.
Тарау 4. 4. Қосымша ақыларды төлеу тәртібі
4. Қосымша ақыларды төлеу тәртібі
Тармақ 11
11. Дербес зейнеткерге қосымша ақыларды төлеуді жүзеге асыру үшін уәкілді орган зейнетақыны алу тәртібі көрсетілген қосымша ақыларды тағайындау туралы Шешімдердің.алушылардың жеке өтініштерінің негізінде/зейнетақы алатын орны мен алу тәртібі көрсетілген/төмендегідей құжаттарды жасақтайды:
1/компьютерде қосымша ақыларды алушылар бойынша базаны;
2/ елді мекендер бойынша банктегі дербес есепшотқа қосымша ақылар сомаларын түсіру үшін тізімдерді 2 данадан;
3/ банкінің филиалдары бар елді мекендерде үйге әкеліп беруді қажет ететін зейнеткерлерге қосымша ақыларды төлеуге тізім-ведомстыларды 2 данадан
4/ банк филиалдары жоқ болтан жағдайда елді мекендерде қосымша ақыларды төлеуге тізім-ведомстыларды 3 данадан;
5/ ағымдағы айдың 20 жұлдызындағы жатдай бойынша қосымша ақыларды төлеуге тапсырыс — сұранысты.
Тармақ 12
12. Қосымша ақыларды тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілді орган ағымдағы айдың 20 жұлдызына дейін облыстық еңбек,халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына өтінімді табыс етеді.
Тармақ 13
13. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша Агенттік келісіммен көзделген банкіге сыйақыны /0,6%/ ескере отырып жинақталған өтінімді облыс бойынша жасайды және оны атымдаты айдың 23- жұлдызына дейін аудандық экономика және қаржы бөліміне жолдайды.
Тармақ 14
14. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік батдарламалар бөлімі ағымдаты айдың 28 жұлдызына дейін төлем жөніндегі уәкілді органның есепшотына қаржылық рұқсатпен бөлінген сомалар шегінде аударады.
Қосымша ақыларды тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілді орган жасалған Агенттік келісімнің негізінде ағымдағы айдың 30 жұлдызына дейін төлем тапсырыстарымен алынған қаражатты банкінің есепшотына аударады.Осымен бір мезгілде банкіге дербес зейнеткерлердің банкідегі дербес шоттарына қосымша ақыларды түсіру үшін тізімдердің бір данасын олардың файлдық нұсқасын және тізім-ведомостының екі данасын береді.