О подготовке военно-технических специалистов для Вооруженных Сил Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне әскери-техникалық мамандарды дайындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік баскармалар туралы», 1993 жылғы 19 қаңтардағы «Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы» № 148 Заңына сәйкес облыс әкімі шешім кабылдайды.
Тармақ 1
1. Ақмола облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті, аудандардың, Көкшетау жөне Степногорск қалаларының әкімдері (келісім бойынша);
Щучье филиалының Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министірлігінің әскери-техникалық мектебі» шақырылушылар санынан курсанттарды жинақтауды сапалы қамтамасыз етсін;
оқу жылында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерге әскери-техникалық мамандар даярлау жоспары уақытында бекітілсін.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне әскери-техникалық мамандықты алуы бойынша курсанттардың әскери қызметке жарамдылығын медициналық комиссиямен куәландырылып ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Ақмола облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бірлесіп (келісім бойынша) курсанттардың дене шынықтыру дайындығы бойынша оқу жаттығу сабақтарын ұдайы үйымдастырсын және оқу жылының аяғында олардың спорттық нормативтерін тапсыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Ақмола облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті (келісім бойынша әскери - техникалық мамандарды дайындау жағдайы туралы облыс әкімі апраратына ақпарат берсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.Бекмағамбетовқа жүктелсін.