Об утверждении Инструкции по организации и финансированию социальных рабочих мест Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Нұсқаулығын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Нұсқаулығы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ж.Ж. Бисимбаевке жүктелсін.
Басқа 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Нұсқаулығы
2005 жылғы 14 ақпандағы № 35 әкімдік қаулысымен бекітілген Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Нұсқаулығы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Нұсқаулығы (бұдан әрі - Нұсқаулық), халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын еңбекпен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруын және қаржыландыруын анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын беретін ұйымдарының (меншік иесінен тәуелді) негізгі шарттарын және есеп айырысу жүйесін реттейді.
Тармақ 2
2. Осы Нұсқаулықта пайдаланатын негізгі түсініктер:
Тармақша 1
1) әлеуметтік жұмыс орындарын — халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыз азаматтарды еңбекпен қамту үшін, жұмыс берушінің жазбаша келісімі бойынша, ұсынылатын жұмыс орыны, жергілікті бюджет қаражаты арқылы қабылданған қызметкерлердің жалақыларын төлеу үшін жұмыс берушілердің шығындарының бөлшегін өтеу;
Тармақша 2
2) нысаналы топтар - «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленген әлеуметтік қорғаудағы тұлғалардың тобы және Таран ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген тұлғалар;
Тармақша 3
3) жастар тәжірибесі - 21 жасқа дейінгі жастарды, бастауыш орта және жоғары кәсіби білімдері бар түлектерді, білім, практикалық тәжірибе алу үшін әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздар еңбек туралы, зейнеткерлік қамтамасыз ету және сақтандыру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне бағынады.
Тармақ 4
4. «Таран ауданының халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларының бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орындарына халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздарды орналастыруын қолдайды.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік жұмыс орындарына ұйымдастыру және еңбекпен қамту тәртібі
2. Әлеуметтік жұмыс орындарына ұйымдастыру және еңбекпен қамту тәртібі
Тармақ 5
5. Әлеуметтік жұмыс орындарын, жергілікті бюджет қаражатынан қабылданған жұмыссыздарға жалақы төлеу үшін шығындарды өтеу үшін өз қаражаты арқылы жұмыс берушілер анықтайды және құрады.
Тармақ 6
6. «Таран ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларының бөлімі» мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарынан әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздарға жалақы төлеу үшін шығындарының бөлшегін өтеуге қызмет көрсету жөнінде жұмыс берушімен келісім-шарт жасайды.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды орналастыру және еңбекақы төлеу үшін бюджет қаражатын нәтижелі пайдалану мақсатында, Таран ауданының әкімдігі жұмыс берушінің жазбаша келісімі бойынша, халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздар үшін әлеуметтік жұмыс орындары ұсынылатын немесе құрылатын ұйымдардың тізбесін анықтайды.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды орналастыруды, сенімхатқа сәйкес, «Таран ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларының бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуға нысаналы топтарына кіретін аз қамтылған жұмыссыздардың басымқы құқықтары бар болады.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік жұмыс орындарының көздері және қаржыландыру шарттары
3. Әлеуметтік жұмыс орындарының көздері және қаржыландыру шарттары
Тармақ 10
10. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздарға жалақы төлеуді, жеке еңбек шартқа сәйкес және жүзеге асырылатын жұмыстың көлеміне және күрделігіне байланысты, ай сайын, жұмыс беруші жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздарға жалақы төлеу үшін жұмыс берушілердің шығыстары ең кем жалақы мөлшерінде 50 (елу) процент алты айдан кем емес, 100 (жүз) процент мөлшерінде төленеді — жастар тәжірибесіне бағытталған оқу мекемелері төлектері үшін — төрт ай мерзіміне. Бюджет қаражаты жұмыс берушілердің есеп айырысу шотына аударылады.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан азаматтарға еңбекақы төлеу, нақты жүзеге асырылған жұмысы көлеміне байланысты анықталады.
Тармақ 13
13. Жұмыс берушілер, жергілікті бюджеттен ақша түсімдерді, әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздарға жалақы төлеуге шығындарды өтеу үшін пайдаланады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бақылау
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бақылау
Тармақ 14
14. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бақылау заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органымен жүзеге асырылады.