Об утверждении Инструкции по назначению социальных выплат отдельным категориям граждан, финансируемых из районного бюджета Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем тағайындау бойынша Нұсқауды бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкесті ауданның жекелеген санаттағы азаматтарына атаулы әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық бюджеттен қаржыландыратын азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем тағайындау туралы қоса беріліп отырған Нұсқау (бұдан әрі - Нұсқау) мақұлдансын.
Тармақ 2
2. Аудандық экономика және қаржы бөлімі (Доскереев Қ.Б.) бөлінген бюджет қаражатының шектігінде әлеуметтік төлемдер бойынша Бағдарламалардың және Бағдарламалар бөлімдерінің шараларын мезгілінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Аудан әкімдігінің 2004 жылғы 23 қыркүйектегі «2004 жылы аудан азаматтарының жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау туралы» № 205/12 қаулысы жойылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімнің орынбасары А.Қ.Мардановаға жүктелсін.
Басқа 5. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем тағайындау бойынша НҰСҚАУ
Железин аудан әкімдігінің 2005 жылғы «17» ақпан «Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем тағайындау бойынша Нұсқауды бекіту туралы» № 66/2 қаулысымен мақұлданды Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем тағайындау бойынша НҰСҚАУ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нұсқау Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148 Заңына, Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 шілдедегі «Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, мүгедектерге және оларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер және әлеуметтік қорғау туралы» № 2247 заң күші бар жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы «2002 – 2005 жылдарға арналған мүгедектерді сауықтандыру бағдарламасы туралы» қаулысы, облыс әкімдігінің 2004 жылғы 14 шілдедегі «Аз қамсызданған отбасыларының және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жалпы орта білім беру мектептерінің түлектерін облыстың жоғарғы оқу орындарында оқыту үшін оларға әлеуметтік көмек тағайындау туралы» № 169/5 қаулысына сәйкесті жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша ауданның азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемнің тағайындалу және жүргізілу жағдайын мұқияттап реттейді.
Тарау 2. 2. Жекелеген әлеуметтік төлемдерді алуға құқығы бар заматтардың санаттары
2. Жекелеген әлеуметтік төлемдерді алуға құқығы бар заматтардың санаттары
Тармақ 2
2. Әлеуметтік төлемдерді алуға құқығы барлар:
Тармақша 1
1) Мүгедектер, ұлы отан соғысына қатысушылар;
Тармақша 2
2) Мүгедектер Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген тұлғаларға (Ленинград блокадасының тұрғындары, фашистік концлагерлердің тұтқындары, «Жапония мен Германияны жеңген жеңіс үшін», «Ленинград қорғанысы үшін» марапатталғандар); жалпы ауру нәтижесінде мүгедек болып танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің және қатысушыларының 1941 – 1945 жылдары Ұлы Отан Соғысында қайтыс болғандардың жесірлері; концлагерлердің, гетто және басқа да зорлап ұстау орындарының бұрынғы кәмелет жағына жетпеген тұтқындары: «ҰОС жылдарындағы ерлік еңбегі үшін» наградталған, ерікті құрамдар, тыл еңбекшілері; 22.06.1941 – 09.05.1945 жылдар аралығында алты айдан кем емес жұмыс істегендер.
Тармақша 3
3) Чернобол АЭС апатының зардабын жоюға қатысушылар;
Тармақша 4
4) Ауғанстан әскери іс-қимылына қатысқан тұлғалар;
Тармақша 5
5) «Құрметті азамат» атағы бар тұлғалар;
Тармақша 6
6) Шектеулі мүмкіндікті мүгедек - балалар;
Тармақша 7
7) Аз қамсызданған отбасынан және ата-анасының қамқорсыз қалған білім беру мектептерінің түлектері.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік төлемді тағайындау жағдайы
3. Әлеуметтік төлемді тағайындау жағдайы
Тармақ 3
3. Осы Нұсқаудың 2 тарауының 2 тармағында көрсетілген әлеуметтік төлем, келесі санаттарындағы тағайындалады:
Тармақша 1
1) 2 тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, мүгедектерге және оларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер және әлеуметтік қорғау туралы» № 2247 заң күші бар жарлығына және 007000332 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік төлемдер», бюджеттік бағдарламаға сәйкесті.
Тармақша 2
2) тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148 Заңына сәйкесті.
Тармақша 3
3) 2 тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін, Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» Заңына сәйкесті.
Тармақша 4
4) 2 тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін, облыс әкімдігінің 14.06.2004 жылғы «Аз қамсызданған отбасыларының және ата – аналарының қамқорлығынсыз қалған жалпы орта білім беру мектептерінің түлектерін облыстың жоғарғы оқу орындарында оқыту үшін», оларға әлеуметтік көмек тағайындау туралы № 169/5 қаулысына сәйкесті.