Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Польша о сотрудничестве в борьбе с организованной преступностью и иными видами преступлений Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Польша Республикасының Үкiметi арасындағы Ұйымдасқан қылмысқа және қылмыстардың өзге де түрлерiне қарсы күрестегi ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. 2002 жылғы 24 мамырда Варшава қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Польша Республикасының Yкiметi арасындағы Ұйымдасқан қылмысқа және қылмыстардың өзге де түрлерiне қарсы күрестегi ынтымақтастық туралы келiсiм бекiтiлсiн.
Тармақ 2. Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Поляк Республикасы Үкіметінің арасындағы ұйымдасқан қылмысқа және өзге де қылмыс түрлерiне қарсы күрестегi ынтымақтастық туралы КЕЛIСIМ
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Поляк Республикасы Үкіметінің арасындағы ұйымдасқан қылмысқа және өзге де қылмыс түрлерiне қарсы күрестегi ынтымақтастық туралы КЕЛIСIМ Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Поляк Республикасының Үкiметi, - екi мемлекет арасындағы достық қарым-қатынас пен ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуға ұмтыла отырып, - өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңдарын құрмет тұта отырып және теңдiк, өзара сыйластық пен екi жаққа да қолайлылық принциптерiн басшылыққа ала отырып, - ұйымдасқан қылмыс пен басқа да қылмыс түрлерiнiң таралуына алаңдаушылық бiлдiре отырып, - ұйымдасқан қылмыстың, өзге де қылмыс түрлерiнiң тиiмдi алдын алуда және оларға қарсы күрес жүргiзуде құқық қорғау органдарының ынтымақтастығының мәнi зор екендiгiне көз жеткiзе отырып, - осы органдардың жедел қызметi мен алдын алу iс-қимылдарының оңтайлы принциптерiн, нысандарын және тәсiлдерiн әзiрлеуге ұмтыла отырып, төмендегiлер туралы келiстi:
Бап 1. 1-бап
1-бап
Тармақ 1
1. Тараптар ұйымдасқан қылмыстың және өзге де қылмыс түрлерiнiң алдын алу бойынша, оларға қарсы күрес жүргiзуде және мынадай қылмыс түрлерiн:
Тармақша 1
1) адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы жасалған қылмыстар;
Тармақша 2
2) меншiкке қарсы қылмыстар;
Тармақша 3
3) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорлардың заңсыз айналымы, оның iшiнде есiрткi құралдарын және психотроптық заттарды әзiрлеуге арналған өсiмдiктердi заңсыз өсiру;
Тармақша 4
4) терроризм және адамдарды кепiлдiкке алу;
Тармақша 5
5) қоныс аударушыларды заңсыз әкелу, адамдарды сату және оларды жезөкшелiкке мәжбүрлeу;
Тармақша 6
6) порнографиялық сипаттағы мәтiндердi, суреттердi немесе басқа да заттарды жасау;
Тармақша 7
7) қарулардың, оқ-дәрiлердiң, жарылғыш және басқа да қауiптi заттардың, ядролық және радиоактивтiк материалдардың заңсыз жасалуы мен айналымы;
Тармақша 8
8) өнер туындылары мен мәдени игiлiктердi ұрлау;
Тармақша 9
9) ақша белгiлерiн, төлем карточкаларын, чектердi және басқа да есептесу және төлем құжаттарын, бағалы қағаздарды, сондай-ақ өзге де ресми құжаттарды қолдан жасау және оларды айналымға енгізу;
Тармақша 10
10) заңсыз экономикалық іс-әрекеттерден, қылмыстардан, салық қылмыстарынан түскен кiрiстердi заңдастыру;
Тармақша 11
11) мемлекеттік қызметкерлердiң жемқорлығы;
Тармақша 12
12) заңмен қорғалатын табиғи ортаға қарсы қылмыстар жасаған кiнәлi адамдарды анықтау кезiнде ынтымақтасуға мiндеттенедi.
Тармақ 2
2. Тараптар осы баптың 1-тармағында аталмаған өзге де қылмыс түрлерiне қарсы күресте ынтымақтастық жасайды.
Бап 2. 2-бап
2-бап Осы Келiсiмнiң 1-бабында сөз болып отырған ынтымақтастықты iске асыру үшiн Тараптар өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңдарына сәйкес:
Тармақша 1
1) бiр-бiрiне:
Тармақша а
а) қылмыстық әрекеттерге кiнәлi адамдар, ұйымдастырушылары мен қатысушылары;
Тармақша б
б) кiнәлi адамдар арасындағы қылмыстық байланыстар;
Тармақша в
в) қылмыстық топтар мен ұйымдардың құрылымы және олардың әрекет жасау тәсiлдерi;
Тармақша г
г) жекелеген кiнәлi адамдар мен олардың топтарына тән мiнез-құлықтар;
Тармақша д
д) қылмыстың жасалу уақытына, орнына, жасалу тәсiлiне, оның мәнiсi мен ерекшелiктерiне қатысты iстердiң айтарлықтай жай-жапсарлары;
Тармақша e
e) қылмыстық құқық ережелерiнiң бұзылғандығы;
Тармақша ж
ж) нақты қылмыстар бойынша Тараптардың құқық қорғау органдары қабылдаған шаралары мен олардың нәтижелерi туралы мәлiметтер бередi;
Тармақша 2
2) осы Келiсiмнiң 1-бабында аталған қылмыстардың жасалуына күдiктi, немесе оларды жасағандығы үшiн сот жазасынан жалтарып жүрген адамдарды iздестiрудi жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) хабар-ошарсыз кеткен адамдарды iздестiрудi жүзеге асырады, белгісiз адамдарды идентификациялаумен байланысты, сондай-ақ мәйiттердi анықтауға қажеттi шаралар қабылдайды;
Тармақша 4
4) қажет болған жағдайда тиiстi жедел-iздестiру iс-шараларын қарастырады және кешiктiрмей орындайды;
Тармақша 5
5) қылмысқа қарсы күрес тәсілдерi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттердiң жаңа нысандары туралы жұмыс тәжiрибесiмен және ақпараттармен алмасады;
Тармақша 6
6) қылмысқа қарсы күрес саласындағы заңнамалық актілермен, сондай-ақ криминалистика және криминология салаларындағы зерттеу нәтижелерiмен алмасады;
Тармақша 7
7) жасалған қылмысқа қатысты заттар туралы бiр-бiрiне мәлiметтер бередi;
Тармақша 8
8) Тараптардың келiсiмi бойынша қылмысқа қарсы күрес жасауға арналған техникалық жабдықтар бередi;
Тармақша 9
9) кәсiптiк жетiлдiру үшiн, атап айтқанда, криминалистикалық техника және қылмыстармен күрес тәсiлдерi саласында сарапшылар алмасуды, кәсiптiк оқулықтар және осы Келiсiмнiң мәнiсiне қатысты басқа да басылымдармен алмасуларды ұйымдастырады;
Тармақша 10
10) Тараптардың келiсiмi бойынша ынтымақтастықтың басқа да нысандары қабылдануы мүмкiн.
Бап 3. 3-бап
3-бап Тараптар осы Келiсiмнiң 2-бабындағы 1-тармақта аталған ақпараттардан басқа, 1-баптың 1-тармағының 3-тармақшасында қарастырылған мәселелердiң шеңберiнде:
Тармақша 1
1) бiр-бiрiне:
Тармақша а
а) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың олардың аналогтары мен прекурсорлардың заңсыз айналымы, сондай-ақ олардың заңсыз айналымына қатысты адамдар туралы;
Тармақша б
б) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорлардың жасалу, сақталу орындары мен тәсiлдерi, қолданылатын көлiк құралдары, қозғалыс бағыттары мен жеткiзу орындары туралы ақпарат бередi;
Тармақша 2
2) бiр-бiрiне өсiмдiк тектес және жасанды есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың жаңа үлгiлерiн бередi;
Тармақша 3
3) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорлардың заңсыз айналымына бақылау жасау саласындағы жұмыс тәжiрибесiмен алмасады.
Бап 4. 4-бап
4-бап Тараптар жоспарланған және жасалған террорлық актiлер туралы кiнәлi адамдар iс-әрекетiнiң тәсiлi туралы және Тараптар мемлекеттерiнiң мүдделерiне қатер төндiретiн қылмыстарды жоспарлаған немесе жасаған террористiк топтар туралы ақпараттармен алмасады.
Бап 5. 5-бап
5-бап Қоныс аударушыларды заңсыз әкелуге қарсы күресу үшiн бiр-бiрiне қылмыстың осы түрiнiң алдын алу және онымен күресуге қажеттi ақпараттарды, әсiресе қоныс аударушыларды заңсыз әкелудi ұйымдастырушылар туралы, мемлекеттiк шекарадан өтетiн кезде талап етілетiн құжаттардың үлгілерiн, осы құжаттарға қойылатын мөрлер, сондай-ақ визалар мен рәмiз түрлерi туралы ақпараттар бередi.
Бап 6. 6-бап
6-бап
Тармақ 1
1. Құзыреттi мемлекеттiк органдар немесе олардың уәкiлеттi өкiлдерiнiң арасында осы Келiсiмдi орындау мақсаты болып табылатын барлық байланыстар тiкелей жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. 1-тармақта сөз болған құзыретті органдар: Қазақстан Республикасы тарапынан:
Тармақша 1
1) Бас прокуратура;
Тармақша 2
2) Iшкi iстер министрлiгі;
Тармақша 3
3) Ұлттық қауiпсiздiк комитетi;
Тармақша 4
4) Қаржы полициясы агенттігі;
Тармақша 5
5) Мемлекеттiк кiрiс министрлiгінiң Кеден комитетi Поляк Республикасы тарапынан
Тармақша 1
1) Iшкi iстер бойынша құзыреттi министр;
Тармақша 2
2) Қаржы мәселелерi бойынша құзыреттi министр;
Тармақша 3
3) Мемлекеттi қорғау жөнiндегі басқарма шефi;
Тармақша 4
4) Полицияның бас коменданты;
Тармақша 5
5) Шекара қызметiнiң бас коменданты;
Тармақша 6
6) Қазыналық бақылаудың бас инспекторы.
Тармақ 3
3. Құзыретті органдардың ресми атаулары өзгерген жағдайларда Тараптар ол туралы бiр-бiрiне дипломатиялық арналар арқылы дереу хабарлайды.
Бап 7. 7-бап
7-бап
Тармақ 1
1. 6-бапта тiзiмi берілген органдар өз құзыреттерi шегінде осы Келiсiмнiң ережелерiн iске асыру мақсатында ынтымақтастықтың нақты салалары бойынша атқару хаттамаларын жасауға өкiлеттi.
Тармақ 2
2. Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгі болып табылатын хаттамамен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілуi мүмкiн.
Бап 8. 8-бап
8-бап
Тармақ 1
1. Тараптар құпия берілетiн ақпараттың қорғалуын қамтамасыз етуге және оны осы Келiсiмдi орындау мақсатында ғана пайдалануға мiндеттенедi.
Тармақ 2
2. Осы Келiсiмге сәйкес алынған мәлiметтер, құжатнама және техникалық жабдықты берушi Тараптың жазбаша рұқсатынсыз үшiншi Тарапқа бермеуге мiндеттенедi.
Тармақ 3
3. Бiр Тараптың беретiн құпия мәлiметiнiң жария болуы ықтимал немесе ол жария болған жағдайда келесi Тарап ол оқиға туралы берушi Тарапқа дереу мәлiмдейдi, оқиғаның мән-жайы және оның зардаптары, сондай-ақ мұндай оқиғалардың алдын алу үшiн қабылданған шаралар туралы хабарлайды.
Тармақ 4
4. Тараптар өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасы мен қолданыстағы халықаралық шарттарға сәйкес бiр-бiрiне беретiн жеке деректердiң сақталуын қамтамасыз етедi.
Бап 9. 9-бап
9-бап
Тармақ 1
1. Егер бiр Тарап осы Келiсiмнiң 2-5-баптарында сөз болып отырған ақпараттарды беру немесе бiрлескен шараларды iске асыру оның мемлекеттiк егемендiгiн, қауiпсiздiгiн бұзуы мүмкiн деп санаса, оны беруден толық немесе iшiнара бас тартуы немесе оны беру үшiн осы Келiсiмнiң ережелерiн орындауға қажеттi белгілi бiр шарттар қоюы мүмкін.
Тармақ 2
2. Тараптар бiр-бiрiне сарапшылар алмасуына қатысатын адамдардың аты-жөндерiн бұл iс-шара жоспарланған күнге дейiн екi аптадан кешiктiрмей беруi керек.
Бап 10. 10-бап
10-бап Осы Келiсiмнiң 6-бабында тiзiмi берілген органдар осы Келiсiмнiң мәнi болып табылатын ынтымақтастықтың тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн кеңесулердi жүзеге асыруы мүмкiн.
Бап 11. 11-бап
11-бап Осы Келiсiм Тараптардың халықаралық шарттарынан туындайтын қылмыстық iстер, экстрадициялау және басқа да мiндеттемелерi бойынша құқықтық көмек туралы ережелердi қозғамайды.
Бап 12. 12-бап
12-бап Тараптар осы Келiсiмнiң ережелерiн орындауға байланысты шығындарды өздерiнiң мiндеттемелерiн орындау қажеттiлiгi аясында дербес шешедi. Осы Келiсiм бойынша Тараптар қажет болған жағдайда, Тараптардың құзыреттi органдарының шешiмiмен белгіленген әрбiр нақты жағдайда шығындарды екi жақтап көтередi.
Бап 13. 13-бап
13-бап
Тармақ 1
1. Осы Келiсiмдi түсiнуге немесе қолдануға қатысты даулар 6-бапта тiзiмi берiлген органдар арасында олардың құзыретi шеңберiндегi тiкелей келiссөздер арқылы шешiлетiн болады.
Тармақ 2
2. Қажет болған жағдайда даулы мәселелердi шешу үшiн Тараптардың уәкiлетті өкiлдерiнiң санынан бiрдей тұратын келiсу комиссиясы құрылады. Тараптардың уәкiлеттi өкiлдерiнiң қолдары қойылған Келiсу комиссиясы отырысының хаттамасын Тараптардың құзыреттi органдары орындауға қабылдайды.
Бап 14. 14-бап
14-бап Тараптардың құзыреттi органдары осы Келiсiмдi орындауға байланысты мәселелер бойынша өздерiнiң мемлекеттiк тiлiн немесе орыс тiлiн пайдаланады.
Бап 15. 15-бап
15-бап
Тармақ 1
1. Осы Келiсiм Тараптардың осы Келiсiмнiң күшiне енуi үшiн қажетті мемлекет iшiндегі барлық рәсiмдердi орындау туралы басқа Тарапқа хабар беру нотасы арқылы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнiнен бастап күшiне енедi.
Тармақ 2
2. Осы Келiсiм белгiсiз уақытқа жасалады. Ол жазбаша хабар беру арқылы кез-келген Тараптардың ескертуiнен кейiн бұзылуы мүмкiн. Бұл жағдайда келiсiмдi бұзу туралы нота алынған күннен бастап 6 ай өткен соң күшiн жояды. Варшава қаласында 2002 жылғы 24 мамырда әрқайсысы қазақ, поляк және орыс тілдеріндегі екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушілік туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады.