Об утверждении Правил назначения и выплаты социальной помощи для материального обеспечения детей-инвалидов с детства до шестнадцати лет, воспитывающихся и обучающихся на дому Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Он алты жасқа дейінгі бала кезінен мүгедек үйде оқытылып, тәрбиеленетін балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін берілетін әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу Қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II ҚРЗ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 8/126 "2005 жылға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне сәйкес он алты жасқа дейінгі бала кезінен мүгедек үйде оқытылып, тәрбиеленетін балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін берілетін әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу мақсатында, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған "Он алты жасқа дейінгі бала кезінен мүгедек үйде оқытылып, тәрбиеленетін балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін берілетін әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу Қағидасы" бекітілсін.
Тармақ 2
2. Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті (А.Баужанова) он алты жасқа дейінгі бала кезінен мүгедек үйде оқытылып, тәрбиеленетін балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін берілетін әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Маңғыстау облысының қаржы департаменті (М.Б.Әлібекова) облыстық бюджет қаражаты есебінен осы мақсатқа арналған шығындарды мезгілінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалысын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Қ.Тұрысбековке жүктелсін.
Басқа 5
Қосымша Маңғыстау облысы әкімиятының 2005 жылғы 21 ақпанда № 81 қаулысымен бекітілген Он алты жасқа дейінгі бала кезінен мүгедек үйде оқытылып, тәрбиеленетін балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін берілетін әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу ҚАҒИДАСЫ Осы Қағида Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 , 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343 "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық- педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 заңдарына сәйкес он алты жасқа дейінгі бала кезінен мүгедек үйде оқытылып, тәрбиеленетін балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін берілетін әлеуметтік көмек (бұдан әрі - Көмек) көрсету тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1. Негізгі ережелер
1. Негізгі ережелер
Тармақ 1
1. Көмек - мүгедек балаларды жалпы немесе мектепке дейінгі арнайы мекемелер мен оқу орындарына тәрбиелеуді және оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндігі болмаған жағдайда тағайындалады. Бұл ретте Көмек ата-аналарының біреуіне, немесе оның орнындағы адамға (қамқоршыға) өтініш берген айдан бастап, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациядан (бұдан әрі- ПМПК) алынған анықтамада белгіленген оқу жылына беріледі.
Тармақ 2
2. Көмекті төлеу облыстық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі - уәкілетті орган) болып табылады.
Тармақ 4
4. Көмекті төлеу, алушылардың тізімі негізінде "Қазақстан Халық Банкі" Акционерлік Қоғамының Маңғыстау филиалы (бұдан әрі- Банк) пен Қазпошта филиалдары арқылы жүргізіледі.
Тарау 2. 2. Тағайындау тәртібі
2. Тағайындау тәртібі
Тармақ 5
5. Көмек алуға құқығы бар адамдар өтініші мен қоса қажетті құжаттарын тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға тапсырады. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
Тармақша 1
1) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесінің мүгедектігі туралы анықтамасы;
Тармақша 2
2) ПМПК-дан анықтама;
Тармақша 3
3) баланың туу туралы куәлігі;
Тармақша 4
4) тұрғындарды есепке алу кітабы;
Тармақша 5
5) өтініш берушінің жеке куәлігі;
Тармақша 6
6) салық төлеушінің тіркелу нөмірі;
Тармақша 7
7) банктегі салымы бойынша арнайы есеп - шотының нөмірі.
Тармақ 6
6. Көмекті тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкілетті орган ұсынылған құжаттар негізінде Көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 7
7. Өтініш беруші азаматтар табыс еткен ақпаратының дұрыстығына толық жауаптылық артады.Төлем жүргізілгеннен кейін әлде-бір бұзушылықтар немесе мәліметтердің бұрыстығы анықталған жағдайда,заңсыз төленген сома қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіппен кінәлі адамнан өндіріліп алынады.
Тармақ 8
8. Көмек мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған әдістемесі бойынша жыл сайын,статистика органдары берген тұтыну бағалары инфляциясының индексін есепке ала отырып белгіленеді.
Тарау 3. 3. Қаржыландыру және төлеу
3. Қаржыландыру және төлеу
Тармақ 9
9. Көмек тағайындау туралы қабылданған шешімге сәйкес, Көмек тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган ай сайын ағымдағы айдың 25 жұлдызына дейін комиссиондық сыйақы есепке алынған қажетті ақша қаражатына екі дана етіп өтінім түзіп жасайды және оны Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне жібереді.
Тармақ 10
10. Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті уәкілетті органдардан түскен өтінімдер негізінде көмекті төлеу үшін ақша қаражатымен қаржыландыруға деген жинақталған қажеттілігін Маңғыстау облысының қаржы департаментіне жібереді.
Тармақ 11
11. Маңғыстау облысының қаржы департаменті қаржыландыру жоспарына және ай сайынғы ұсынылған өтінімдерге сәйкес Көмекті төлеуге ай сайын қаражат бөледі.
Тармақ 12
12. Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті ақша қаражатының түсуіне қарай қажетті қаражат сомасын, сондай-ақ Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің, Банктің және Қазпошта филиалының арасында жасалған Агенттік келісіммен белгіленген комиссиондық сыйақы сомасын Банктің аудандық бөлімшелерінің және Қазпошта филиалының есеп -шоттарына аударым жасауды жүргізеді. Қалалар мен аудандардағы уәкілетті органдар елді мекендердегі филиалдары арқылы алушылардың тізімін қағаздағы және файлдағы нұсқада табыс етеді.
Тарау 4. 4. Есепке алу және есеп беруді жүргізу
4. Есепке алу және есеп беруді жүргізу
Тармақ 13
13. Уәкілетті органдар ай сайын 1 жұлдызына, белгіленген нысан бойынша есебінде тағайындалған және төленген Көмектің сомасы туралы ақпарат ұсынады және оны Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне тапсырады.
Тармақ 14
14. Көмек төленген айдан кейінгі әр айдың 5 жұлдызынан кешіктірмей Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті банктің, поштаның төлеген сомалары бойынша салыстыру актілерін түзіп жасайды және аудандар (қалалар) тұрғысында және облыс бойынша жинақталған есебін Маңғыстау облысының қаржы департаментіне ұсынады.
Тарау 5. 5. Бақылау
5. Бақылау
Тармақ 15
15. Көмектің тағайындалуы мен төленуін, қаражаттың мақсатқа сай жұмсалуын бақылау Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті мен Маңғыстау облысының қаржы департаменті арқылы жүзеге асырылады.