О признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiнің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) "Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Ауа райының өзгеруi туралы Бас Конвенциясына Киот хаттамасын Қазақстан Республикасының бекiтуi және Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Ауа райының өзгеруi туралы Бас Конвенциясы бойынша Қазақстан Республикасының мiндеттемелерiн орындау мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 17 сәуiрдегi N 590  қаулысы ;
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 17 сәуiрдегi N 590 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 16 маусымдағы N 831  қаулысы ;
Тармақша 3
3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 17 сәуiрдегi N 590 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2002 жылғы 13 маусымдағы N 640  қаулысы .
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi