О промысловом, спортивно-любительском лове рыбы в области Қолданыста
Басқа 0
Маңғыстау облысында кәсіпшілік, әуесқойлық-спорт балық аулау туралы
Қазақстан Республикасының "Жануарлар дүниесін қорғау, өсінім молайту және пайдалану туралы" 1994 жылғы 21 қазандағы № 593 Заңының , Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында балық аулау және басқа да су жануарларын өндіру ережесін бекіту туралы" 1996 жылдың 4 желтоқсандағы № 1480 , "Балық шаруашылық су айдынында балық аулау және теңіз аңын (итбалықты) аулаудың 2005 жылға арналған лимиттері мен квоталарын бекіту туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы № 5 қаулыларына сәйкес және Атырау қаласында болып өткен үкіметтік тендерлік комиссияның 2005 жылғы 20 қаңтардағы № 1 хаттамасының негізінде, облыс әкімияты қаулы етеді :
Тармақ 1
1. Маңғыстау облыстық балық қорғау инспекциясының бөліміне (Баянов Х.Т.) мынадай өкілеттік берілсін:
тендердің нәтижесі Маңғыстау облысының табиғат пайдаланушылары арасында балық шаруашылығы айдындары учаскесін және балық аулау лимитін бөлу;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылдың 4 желтоқсанындағы № 1480 қаулысына сәйкес жануарлар дүниесін пайдалануға арналған келісім-шарттар жасау;
облысқа бөлінген балық және басқа су жануарларын аулау лимитін толық көлемде игерудің шараларын алу және оған жүйелі түрде бақылау орнату;
балық және басқа су жануарларын аулауға рўқсат қўжаттамаларын беруді ўйымдастыру.
Тармақ 2
2. 2005 жылға балық аулау кәсібінің мынадай мерзімі белгіленсін:
15 наурыздан 31 сәуір аралығында - майшабақ;
1 сәуірден 31 қазан аралығында - кефаль;
20 наурыздан 31 қазан аралығында - қара балық.
Тармақ 3
3. Маңғыстау облысының азаматтары үшін 2005 жылға арналған әуесқойлық-спорт мақсатында балық аулау кезеңі 1 наурыздан 30 қарашаға дейін белгіленсін.
Тармақ 4
4. Маңғыстау облыстық ішкі істер басқармасының бастығы (С.Г.Шахманов - келісім бойынша) Қазақстан Республикасының "Жануарлар дүниесін қорғау, өсінім молайту және пайдалану туралы" Заңының сақтауына бақылауды күшейтсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Б.Керелбаевқа жүктелсін.