Облыс елді мекендерінің санитарлық жай-күйі және көріктендірілуі байқауын өткізу туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.08.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс елді мекендерінің санитарлық жай-күйі және көріктендірілуі байқауын өткізу туралы Облыс елді мекендерінің санитарлық жай-күйін жақсарту, халық арасында жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында, Қазақтан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N 361 "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Заңының 8, 9-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару" туралы Заңының 27-бабына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2005 жылғы 15 наурыз-15 мамыр аралығында облыс елді мекендерінің санитарлық жай-күйі және көріктендірілуі байқауы жариялансын.
Тармақ 2
2. Атырау қаласы мен аудан әкімдері:
Тармақша 1
1) облыс елді мекендерін санитарлық тазалау және көріктендіру жөніндегі іс-шараларды әзірлесін;
Тармақша 2
2) мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар басшыларымен облыс елді мекендерінің санитарлық жай-күйі және көріктендірілуі байқауын өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмысын жүргізсін;
Тармақша 3
3) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындармен және пәтер иелері кооперативтерімен бірлесіп сумен жабдықтау, канализация және тұрғын үй объектілерінің санитарлық-техникалық жай-күйін жақсарту жөніндегі іс- шараларды әзірлеп, бекітсін;
Тармақша 4
4) бөлінген бюджет қаражаты шегінде санитарлық тазалау және сумен жабдықтау жұмыстарымен айналысатын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың материалдық-техникалық базаларын нығайту шараларын алсын;
Тармақша 5
5) көп қабатты үйлердің төлелерін тазалау және кептіру, инженерлік желілердегі апаттарды жою шараларын алсын;
Тармақша 6
6) меншік түріне қарамастан, кәсіпорындарға, ұйымдарға аумақтарды, көшелерді, алаңдарды бекітіп берсін;
Тармақша 7
7) жасыл екпе егуді және оларға үнемі күтім жасауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Меншік түріне қарамастан, кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер басшыларына облыс елді мекендерінің бекітілген аумақтарын санитарлық тазалау және көріктендіру жұмысы жөнінде шаралар әзірлеп, олардың орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер басшыларына іргелес аумақты апта сайын бейсенбі күндері жинастыруды, көріктендіруді жүргізу, ғимараттардың қасбеттерін, қоршауларын және кірме жолдарын ретке келтіру ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау және канализация объектілерінің басшылары бақылауларындағы объектілерге жөндеу, тексеру жүргізсін және олардың 2005 жылдың жазғы маусымындағы жұмысқа дайындығын қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Атырау облысы Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті облыс елді мекендерінің санитарлық жай-күйі және көріктендірілуі байқауының қорытындылары бойынша қадағалау объектілері мен елді мекендердің санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытындылар берсін.
Тармақ 7
7. Атырау облысы Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті, Атырау облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (келісім бойынша), Атырау облысы Ішкі істер басқармасы (келісім бойынша) елді мекендерді санитарлық тазалау және көріктендіру жұмыстарының жүргізілу барысына тұрақты бақылау жүргізсін.
Тармақ 8
8. "Атырау-Ақпарат" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" жабық акционерлік қоғамының Атырау облыстық филиалы (келісім бойынша), санитарлық тазалау және көріктендіру байқауының жүру барысын бұқаралық ақпарат құралдарында жүйелі түрде жариялап отырсын.
Тармақ 9
9. Атырау облысы Ішкі істер басқармасы (келісім бойынша), Атырау облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (келісім бойынша), Атырау облысы Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті 2005 жылдың 15 сәуіріне және 15 мамырына облыстық әкімиятқа жұмыстың жүргізіліп жатқан жұмыстар барысы және байқаудың нәтижелері туралы ақпарат берсін.
Тармақ 10
10. Атырау облысы әкімиятының 2004 жылғы 2 қыркүйектегі N 175 "Облыс елді мекендерінің көріктендірілуі және санитарлық жай-күйі байқауын өткізу туралы" қаулысының (Атырау облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 8 қыркүйекте N 2131 тіркелген, 2004 жылғы 23 қыркүйектегі N 111 "Атырау" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалуын барысын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.С.Рысқалиевке жүктелсін.