Об утверждении Правил оказания социальной помощи на погребение умерших отдельным категориям граждан Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтардың қайтыс болған жекелеген тобын жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына және «Қазакстан Республикасының бюджеттік кодексінің» 53 бабының 4 тармағына сәйкес қайтыс болған жұмыссыз азаматтарды, кайтыс болған тұрмысы күнкөріс деңгейінен төмен жұмыс істеген азаматтарды және кайтыс болған тұрмысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардағы баланы жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Щучье аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қайтыс болған жұмыссыз азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету ережесі бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Қайтыс болған тұрмысы күнкөріс деңгейінен төмен жұмыс істеген азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету ережелері бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 3
3. Қайтыс болған тұрмысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардағы баланы жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету ережесі бекітілсін (3 қосымша).
Тармақ 4
4. Щучье аудандық мәслихатының 2002 жылғы 26 желтоксандағы «Азаматтардың қайтыс болған жекелеген тобын жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы» № С-21/3 шешемі өз күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы шешім Ақмола облыстық Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 6
Щучье аудандық мәслихатының 2005 жылғы 4 наурыздағы «Азаматтардың қайтыс болған жекелеген тобын жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы № С-14/4 шешіміне № 1 қосымша «Қайтыс болтан жұмыссыз азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ережелер қайтыс болған азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету тәртібін 007-000 «Жергілікті өкілетті Органдар шешімі бойынша жекелеген мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдер» бюджеттік бағдарламасы бойынша белгіленеді.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Қазақстан Республикасы бюджеттік кодексінің» 53 бабының 4 тармақшасы осы ережелерді кабылдауға құқықтық негіз болып табылады.
Тармақ 3
3. Егер қайтыс болған адам сол күнге дейін еңбекпен қамтамасыз ету органында тіркеуде болса, немесе (ерекше жағдайларда жұмыссыз азаматтар тіркелмесе де) Щучъе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қайтыс болған жұмыссыз азаматтарды жерлеуге қаржылай әлеуметтік көмек көрсетеді.
Тармақ 4
4. Щучье аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі есептеу жұмыстарын жүргізіп, қайтыс болған жұмыссыз азаматтарды жерлеуге көмек тағайындалған азаматтар тізімін жасап, өлгені жайлы анықтаманы Щучье аудандық каржы бөліміне тапсырады.
Тармақ 5
5. Ереже Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңында белгіленген қатынастарға жарамсыз.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі
2. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі арызды көмек алуға құқығы бар адам құжаттарымен бірге тапсырады.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыру үшін кұжаттар оларды тапсырған күннен бастап 10 күн ішінде қаралады.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмек тағайындалмаған жағдайда ол жөнінде Щучье ауданының жұмыспен камту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің шешімі арыз иесіне жазбаша хабарлануы керек.
Тармақ 9
9. Арыз беруші өтінішінде және құжаттарда көрсетілген мәліметтердің нақтылығына заңнамаға сәйкес жауап береді.
Тармақ 10
10. Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің шешімі сот тәртібімен қайта қаралуы мүмкін.
Тарау 3. 3. Керекті құжаттар тізбесі
3. Керекті құжаттар тізбесі
Тармақ 11
11. Қайтыс болған жұмыссыз азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек тағайындауға кұқық беретін құжаттар:
Тармақша 1
1) қайтыс болғаны туралы анықтама;
Тармақша 2
2) қайтыс болғаны туралы куәлік;
Тармақша 3
3) жұмыспен қамту жөніндегі өкілетті орган анықтамасы;
Тармақша 4
4) туыстық қатынастарын анықтайтын құжат;
Тармақша 5
5) қайтыс болған адамды жерлеумен айналысқан адамға берілген қалалық коммуналдық шаруашылықтың анықтамасы;
Тармақша 6
6) арыз берушінің жеке куәлігі;
Тармақша 7
7) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
Тармақша 8
8) тұрғындарды тіркеу кітабінің көшірмесі.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті Құжаттар түпнұсқада және көшірмеде беріледі. Анықталғаннан кейін түпнұсқа иесіне қайтарылады.
Тармақ 13
13. Құжаттар болмаған жағдайда әлеуметтік көмек тағайындалмайды.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмек мөлшері
4. Әлеуметтік көмек мөлшері
Тармақ 14
14. Қайтыс болған жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік көмек осы жылға арналған «Республикалық Бюджет туралы» Заңда белгіленгендей он айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде беріледі.
Тармақ 15
15. Қайтыс болған жұмыссыз адаматтарға әлеуметтік көмек, оның кайтқан күнінен алты ай ішінде арыз берілген жағдайда төленеді.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмек төлемі
5. Әлеуметтік көмек төлемі
Тармақ 16
16. Қайтыс болған жұмыссыз азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек төлемі жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. Қайтыс болған жұмыссыз азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек төлемі тиісті операциялар жүргізуге Қазақстан Республикасы ұлттық банкінің лицензиясы бар, Заңнамада белгіленген тәртіп бойынша конкурсты жеңіп шыққан ұйымдар арқылы жүргізіледі.
Басқа 37
Щучье аудандық мәслихатының 2005 жылғы 4 наурыздағы «Азаматтардың қайтыс болған жекелеген тобын жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы» № С-14/4 шешіміне № 2 қосымша Қайтыс болған тұрмысы күнкөріс деңгейінен төмен жұмыс істеген азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ережелер қайтыс болған тұрмысы күнкөріс деңгейінен төмен жұмыс істеген азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету тәртібін 007-000 «Жергілікті өкілетті органдар шешімі бойынша жекелеген мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдер» бюджеттік бағдарламасы бойынша белгіленеді.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Қазақстан Республикасының бюджеттік кодексінің» 53 бабының 4 тармағы осы ережелерді қабылдауға құқықтық негіз болып табылады.
Тармақ 3
3. Егер қайтыс болған адам соңғы күніне дейін әртүрлі меншіктегі кәсіпорынмен еңбек қатынасында болса, Щучье аудандының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі кайтыс болған тұрмысы күнкөріс деңгейінен төмен жұмыс істеген азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек тағайындайды.
Тармақ 4
4. Щучье аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдаламалар бөлімі есептеу жұмыстарын жүргізіп, қайтыс болған тұрмысы күнкөріс деңгейінен төмен жұмыс істеген азаматтарды жерлеуге көмек тағайындалған азаматтар тізімін жасап, өлгені жайлы анықтаманы Щучье аудандық қаржы бөліміне тапсырады.
Тармақ 5
5. Ереже Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңында белгіленген қатынастарға жарамсыз.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі
2. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі арызды көмек алуға құқығы бар адам кұжаттарымен бірге тапсырады.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыру үшін кұжаттар оларды тапсырған күннен бастап 10 күн ішінде қаралады.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмек тағайындалмаған жағдайда ол жөнінде Щучье ауданының жұмыспен камту және әлеуметтік бағдармалар бөлімінің шешімі арыз иесіне жазбаша хабарлануы керек.
Тармақ 9
9. Арыз беруші өтінішінде және құжаттарда көрсетілген мәліметтердің нақтылығына заңнамаға сәйкес жауап береді.
Тармақ 10
10. Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің шешімі сот тәртібімен қайта қаралуы мүмкін.
Тарау 3. 3. Керекті құжаттар тізбесі
3. Керекті құжаттар тізбесі
Тармақ 11
11. Қайтыс болған тұрмысы күнкөріс деңгейінен төмен жұмыс істеген азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек тағайындауға кұкық беретін құжаттар:
Тармақша 1
1) қайтыс болғаны туралы анықтама;
Тармақша 2
2) қайтыс болғаны туралы куәлік;
Тармақша 3
3) еңбек қатынастарын растайтын құжаттар (еңбек кітапшасы, жұмыс орнынан анықтама, еңбек келісім-шарты);
Тармақша 4
4) туыстық қатынастарын анықтайтын кұжат;
Тармақша 5
5) қайтыс болған адамды жерлеумен айналысқан адамға берілген қалалық коммуналдық шаруашылыктың анықтамасы;
Тармақша 6
6) арыз берушінің жеке куәлігі;
Тармақша 7
7) салык төлеушінің тіркеу номері;
Тармақша 8
8) тұрғындарды тіркеу кітабінің көшірмесі;
Тармақша 9
9) отбасының кірісі туралы анықтама.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмек тагайындау үшін қажетті құжаттар түпнұсқада және көшірмеде беріледі. Анықталғаннан кейін түпнұсқа иесіне қайтарылады.
Тармақ 13
13. Құжаттар болмаған жағдайда әлеуметтік көмек тағайындалмайды.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмек мөлшері
4. Әлеуметтік көмек мөлшері
Тармақ 14
14. Қайтыс болған тұрмысы күнкөріс деңгейінен төмен жұмыс істеген азаматтарға әлеуметтік көмек осы жылға арналған «Республикалық Бюджет туралы» Заңда белгіленгендей бес айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде беріледі.
Тармақ 15
15. Қайтыс болған тұрмысы күнкөріс деңгейінен төмен жұмыс істеген азаматтарға әлеуметтік көмек, оның қайтқан күнінен алты ай ішінде арыз берілген жағдайда төленеді.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмек төлемі
5. Әлеуметтік көмек төлемі
Тармақ 16
16. Қайтыс болған тұрмысы күнкөріс деңгейінен төмен жұмыс істеген азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек төлемі жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. Қайтыс болған тұрмысы күнкөріс деңгейінен төмен жұмыс істеген азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек төлемі тиісті операциялар жүргізуге Қазақстан Республикасы ұлттық банкінің лицензиясы бар, Заңнамада белгіленген тәртіп бойынша конкурста жеңіп шыққан ұйымдар арқылы жүргізіледі.
Басқа 69
Щучье аудандық мәслихатының 2005 жылғы 4 наурыздағы «Азаматтардың қайтыс болған жекелеген тобын жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы» № С-14/4 шешіміне № 3 қосымша Қайтыс болған тұрмысы күнкөріс деңгейінен төмен баланы жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ережелер қайтыс болған тұрмысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардағы баланы жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету тәртібін 007.000 «Жергілікті өкілетті органдар шешімі бойынша жекелеген мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдер» бюджеттік бағдарламасы бойынша белгіленеді.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Қазақстан Республикасының бюджеттік кодексінің» 53 бабының 4 тармағы осы ережелерді қабылдауға құқықтық негіз болып табылады.
Тармақ 3
3. Щучье аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қайтыс болған тұрмысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардағы баланы жерлеуге әлеуметтік көмек көрсетеді.
Тармақ 4
4. Щучье аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі есептеу жұмыстарын жүргізіп, қайтыс болған тұрмысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардағы баланы жерлеуге көмек тағайындалған азаматтар тізімін жасап, өлгені жайлы анықтаманы аудандық қаржы бөліміне тапсырады.
Тармақ 5
5. Ереже Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңында белгіленген қатынастарға жарамсыз.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі
2. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі арызды көмек алуға құкығы бар адам құжаттарымен бірге тапсырады.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыру үшін кұжаттар оларды тарсырған күннен бастап 10 күн ішінде қаралады.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмек тағайындалмаған жағдайда ол жөнінде Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімінің шешімі арыз иесіне жазбаша хабарлануы керек.
Тармақ 9
9. Арыз беруші өтінішінде және кұжаттарда көрсетілген мәліметтердің нақтылығына заңнамаға сәйкес жауап береді.
Тармақ 10
10. Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің шешімі сот тәртібімен қайта қаралуы мүмкін.
Тарау 3. 3. Керекті құжаттар тізбесі
3. Керекті құжаттар тізбесі
Тармақ 11
11. Қайтыс болған тұрмысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардағы баланы жерлеуге әлеуметтік көмек тағайындауға құқық беретін құжаттар:
Тармақша 1
1) қайтыс болғаны туралы анықтама;
Тармақша 2
2) қайтыс болғаны туралы куәлік;
Тармақша 3
3) туыстық қатынастарын анықтайтын құжат;
Тармақша 4
4) қайтыс болған адамды жерлеумен айналысқан адамға берілген қалалық коммуналдық шаруашылықтың анықтамасы;
Тармақша 5
5) арыз берушінің жеке куәлігі;
Тармақша 6
6) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
Тармақша 7
7) тұрғындарды тіркеу кітабінің көшірмесі;
Тармақша 8
8) отбасының кірісі туралы анықтама.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті қүжаттар түпнұсқада және көшірмеде беріледі. Анықталғаннан кейін түпнұска иесіне қайтарылады.
Тармақ 13
13. Құжаттар болмаған жағдайда әлеуметтік көмек тағайындалмайды.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмек мөлшері
4. Әлеуметтік көмек мөлшері
Тармақ 14
14. Қайтыс болған тұрмысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардағы баланы жерлеуге әлеуметтік көмек осы жылға арналған «Республикалық бюджет туралы» Заңында белгіленгендей он айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде беріледі.
Тармақ 15
15. Қайтыс болған тұрмысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардағы баланы жерлеуге әлеуметтік көмек, оның қайтқан күнінен алты ай ішінде арыз берілген жағдайда төленеді.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмек төлемі
5. Әлеуметтік көмек төлемі
Тармақ 16
16. Қайтыс болған тұрмысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардағы баланы жерлеуге әлеуметтік көмек төлемі жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. Қайтыс болған тұрмысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардағы баланы жерлеуге әлеуметтік көмек төлемі тиісті операциялар жүргізуге Қазақстан Республикасы ұлттық банкінің лицензиясы бар, Заңнамада белгіленген тәртіп бойынша конкурсты жеңіп шыққан ұйымдар арқылы жүргізіледі.