Жамбыл облысындағы шағын кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға облыстық бюджеттен кредиттер беру туралы Күшін жойған
Басқа 0
Жамбыл облысындағы шағын кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға облыстық бюджеттен кредиттер беру туралы
Облыста кәсіпкерлік қызметін дамыту үшін жағдайлар жасау мақсатында, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27-бабы 1 тармағының 4) тармақшасы негізінде облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Үшінші шақырылған облыстық мәслихаттың жетінші сессиясының облыстық әділет департаментінде 2005 жылғы 22 ақпанда 1553 нөмірімен тіркелген 2005 жылғы 11 ақпандағы "2005 жылға арналған облыстық бюджет туралы" № 7-4 шешіміне сәйкес осы мақсатқа көзделген қаражат есебінен облыстың шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру үшін облыстық бюджеттен 40 (қырық) миллион теңге бөлінсін.
Тармақ 2
2. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру бойынша бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып Облыс әкімиятының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті бекітілсін.
Тармақ 3
3. Кредиттеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы № 110 қаулысымен бекітілген "Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу ережесiне" (әрі қарай - Ереже) сәйкес жүзеге асырылсын.
Тармақ 4
4. Алып тасталды
Тармақ 5
5. Осы бюджеттік кредитті қайтару мерзімі 2006 жылғы 30 қарашаға дейін деп белгіленсін.
Тармақ 6
6. Бюджеттік кредит сомасынан жылдың 0,01% (нөл бүтін жүзден бір пайыз) көлемінде сыйақы төлену белгіленсін.
Тармақ 7
7. Облыстық конкурстық комиссия Ереженің 32 тарауына сәйкес несие-беруші банктерді іріктеуді өткізсін.
Тармақ 8
8. Жамбыл облысы әкімиятының 2004 жылғы 26 ақпандағы "Жамбыл облысындағы шағын кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға облыстық бюджеттен кредиттер беру туралы" № 32, облыстың әділет департаментінде 2004 жылғы 9 сәуірде № 1306 тіркелген қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары А.Г.Савченкоға жүктелсін.