Об утверждении Правил предоставления социальной помощи участникам и инвалидам Великой Отечественной войны и лицам приравненным к ним по льготам и гарантиям Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі №2247 «Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен оларға теңестірілген тұлғаларды әлеуметтік қорғау және жеңілдіктері туралы» Заңының 20 бабына сәйкес, Қазақстан Республика Үкіметінің 2004 жылғы 10 қарашасындағы «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 60-жылдық мерейтойын өткізу және дайындау іс шара жоспарларын бекіту туралы» қауылысын орындау бойынша, Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 60-жылдық мерейтойын өткізу іс шараларын ұйымдастыру үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсету Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары З.Ж. Молдағанаповқа жүктелсін.
Басқа 3
БЕКІТІЛГЕН Аудан әкімдігінің «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы «2» наурыз № 82 қаулысымен Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мугедектеріне және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсету ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелері
1. Жалпы ережелері
Тармақ 1
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі №2247 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы» Заңының 20 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 қарашасындағы «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 60-жылдық мерейтойына дайындалу және өткізу іс шара жоспарларын бекіту туралы» қауылысын орындау бойынша, Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 60-жылдық мерейтойын өткізу үшін жасалған.
Тармақ 2
2. Осы Ережеде келесі ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) Өкілетті орган - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;
Тармақша 2
2) Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;
Тармақша 3
3) Әлеуметтік көмек ұсынылатын тұлғалары - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген тұлғалар, қаза тапқан жауынгерлердің жесір қалған, қайта некеге тұрмаған әйелдер, Ұлы Отан соғыс жылдарында жау тылындағы әскери қызметін мінсіз атқарғаны және қажырлы еңбегі үшін, бұрыңғы Социалистік Кеңес Одағы Республикасының орден және медальдармен марапатталған Ақжар ауданында тұрақты тұратын тұлғалар.
Тарау 2. 2. Төлем тәртібі
2. Төлем тәртібі
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмек ақшалай түрде тағайындалады.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмек төлемін тагайындау үшін жоғарыда көрсетілген азаматтар санаттары өкілетті органына келесі құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) жасалған үлгі бойынша өтініш;
Тармақша 2
2) Осы санатка жататының растайтын кұжаттар көшірмесі;
Тармақша 3
3) жеке куәлігінің көшірмесі;
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттар түскеннен кейін 10 күн мерзім ішінде өтінішті қарау.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек көрсетіле алмайтын жағдайда, өкілетті орган себебін жазбаша түрде айқындайды және құжаттарды өтініш иесіне қайтарады.
Тармақ 7
7. Осы Ереженің 4 тармағында көрсетілген құжаттардың ұсынылмауы және толық болмауы, әлеуметтік көмектің тағайындала алмайтынына негіз болып табылады.
Тарау 3. 3. Қаржыландыру және төлем тәртібі
3. Қаржыландыру және төлем тәртібі
Тармақ 8
8. Әлеуметтік төлем тәртібі жәрдемақы төлеу өкілетті органымен Ақжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұсынған алушылардың жеке есеп-шоттарына ауыстыру жолымен, алушылардың тізімі негізінде жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру аудандық бюджет қаражатынан, функционалдық шығыс классификациясы «Жергілікті өкілетті органдарының шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік көмек» 451-007-00 коды бойынша беріледі.
Тармақ 10
10. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру аудандық бюджет қаражатынан беріледі. Бюджеттік бағдарлама әкімшісінен қаржы және экономика бөліміне тізімге сәйкес, қаржыландыру үшін өтінім ұсынылады.
Тарау 4. 4. Жүргізу, бақылау және есеп беру тәртібі
4. Жүргізу, бақылау және есеп беру тәртібі
Тармақ 11
11. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне әлеуметтік көмек тағайындауда үміткерлер, Ақжар аудандық ардагерлер кеңесімен ұсынылады. 2.3 тармақта көрсетілген санаттарға әлеуметтік көмек өкілетті орган шешімімен ұсынылады.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмек заңсыз түрде тағайындалған кезде, кінәлі лауазымды тұлғалар заңды түрде жауапкершілікке тартылады.
Тармақ 13
13. Қаражаттардың мақсатты жұмсалуын бақылау, қаржы және экономика бөліміне жүктелсін.
Тармақ 14
14. Қаражаттың заңсыз тағайындалған соммасы, кінәлі болып саналған тұлғалардың есебінен, белгіленген қолданыстағы заңға сәйкес орнына қайтарылады.