Об утверждении Положения о районной бюджетной комиссии Күшін жойған
Басқа 0
Аудандық бюджеттік комиссия туралы Ережені бекіту жөнінде
Қазакстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 458 -II Бюджеттік кодекстің 64 бабына сәйкес бюджет жобасын дер уақытында сапалы әзірлеуді және аудандық бюджетті нақтылау, атқарылуы бойынша ұсыныстарды кайта дайындауды камтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық бюджеттік комиссия туралы коса берілген Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудан әкімдігінің 2003 жылғы 3 қарашадағы № 225 қаулысының (2003 жылғы 19 қарашадағы тіркеу нөмірі 1058) күші жойылды деп танылсын.
Басқа 3
«Аудандық бюджеттік коммиссия
туралы Ережені бекіту жөнінде»
аудан әкімдігінің 2005 жылғы
«2» ақпандағы № 38 каулысымен
Бекітілді
Аудандык бюджеттік комиссия туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже тұрақты негізде әрекет ететін аудандық бюджеттік комиссияның қызметін реттейді. (әрі қарай комиссия)
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазакстан Республикасының Бюджеттік кодексі және Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік кұқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже комиссия іс-әрекетінің кұкықтық негізін құрайды.
Тарау 2. 2. Комиссиянын мақсаты
2. Комиссиянын мақсаты
Тармақ 3
3. Комиссия қызметінің негізгі мақсаты сәйкес аудан бюджетінін жобасын уақытында және сапалы әзірлеуді қамтамасыз ету және сәйкес қаржы жылына аудандық бюджетті нақтылау және атқарылуы жөнінде ұсыныстарды пысыктау болып табылады.
Тарау 3. 3. Комиссияның міндеттері мен функциялары
3. Комиссияның міндеттері мен функциялары
Тармақ 4
4. Комиссияның негізгі міндеттері
алдагы үш жылдық кезеңге арналган орта мерзімді фискалдық саясат жөнінде ұсыныстарды талдап - жасау;
сәйкес қаржы жылына арналған аудандық бюджет жобасының көрсеткіштерін айқындау және қарау;
алдагы үш жылгы мерзімге және жоспарланып отырған қаржы жылын каржыландыру үшін бюджеттік бағдарламаларды іріктеу, орташа мерзімдік қазазыналық саясаттан шыга отырып оларды жүзеге асыру тетігің аныктау;
сәйкес қаржы жылына аудандык бюджетті нақтылау;
Тарау 4. 4. Комиссияның құқықтары
4. Комиссияның құқықтары
Тармақ 6
6. Комиссия өзінің міндеттеріне сәйкес мыналарға құқылы:
Тармақша 1
1) ауданның атқарушы және басқа мемлекетгік органдарымен және ұйымдарымен өзара іс әрекет жасау, сонымен қатар Комиссияның міндеттерін іске асыру ушін мамандар мен эксперттерді жұмысқа тартуга;
Тармақша 2
2) өзінің кұзіретіне жататын мәселелер бойынша шешім кабылдауга ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 3
3) комиссияның міндеттерін іске асыру ушін қажетті материалдарды заннамаларда белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдардан материалдар сұратуға және алуға
Тармақша 4
4) комиссияның міндеттерін жүзеге асыруга қатысты мәселелер бойынша бірінші басшыны, ол жоқ болғанда мемлекеттік органның және ұйымның бірінші басқарушысының міндетін атқарушыны Комиссияның отырыстарына шақырады және тыңдайды.
Тарау 5. 5. Комиссия қызметінің тәртібі
5. Комиссия қызметінің тәртібі
Тармақ 7
7. Комиссияның органдары:
Тармақша 1
1) Комиссияның жұмыс органы;
Тармақша 2
2) Комиссияның төрағасы
Тармақша 3
3) Комиссия төрағасының орынбасары
Тармақша 4
4) Комиссияның хатшысы
Тармақ 8
8. Комиссия отырыстарының арасындагы мерзімде оның қызметінің ұйымдастырушылық мәселелерін Комиссияның жұмыс органы шешеді.
Тармақ 9
9. Комиссияның төрағасы оның қызметін басқарады, Комиссияның отырыстарын жүргізеді, оның жұмысын жоспарлайды, шешімдерін жүзеге асыруга жалпы бақылау жүргізеді және Комиссия жүзеге асыратын іс әрекеттерге жауакершілікпен қарайды. Комиссияның төрагасы жоқ кезінде шын кызметтерін комиссия төрағасының орынбасары орындайды.
Тармақ 10
10. Комиссия хатшысы Комиссияның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді, қажетті құжаттарды, материалдарды зярлайды, бюджетті комиссия отырысының хаттамасын ресімдейді.
Тармақ 11
11. Жұмыстың жоспар-кестесі Комиссиямен белгіленеді. Аудан снижетінің жобасын әзірлеу кезінде Комиссия жұмысының жоспар-кестесін жергілікті бюджет жобаларын әзірлеу жөнінде аудан әкімдігі бекіткен Ережелерімен белгіленген мерзімдерғе сәйкес айқындайды.
Тармақ 12
12. Комиссия мүшелері мәжілістерге қатысу жөніндегі өз өкілеттігіне баска тұлғаларды жіберуге құкығы жоқ.
Тармақ 13
13. Комиссия шешімдері ашық дауыс берумен қабылданады, сонымен қатар Комиссия мүшелерінен пікір алу жолымен және Комиссия мүшелерінің берген дауыстарының көбі оларға берілсе қабылданған болып саналады.
тең болған жагдайда Комиссия төрағасының берген дауысы қабылданган шешім болып табылады.
Тармақ 14
14. Комиссия мәжілістерінің күн тәртібі мәселелерін карастыру нәтижелері әр мәселе бойынша дауыс беру корытындыларын көрсетумен сәйкес хаттамаларга енгізіледі және төрағамен айкындалған жагдайда мәжілісіне катысқан Комиссия мүшелерімен виза қойылады.
Комиссияның кабылдаган шешімдері шешімдері мен төрагамен және хатшымен кол койылады. Комиссия мүшелері кабылданған шешіммен келіспеген жағдайда өзінің ерекше пікірін мәжіліс хаттамасына қатысты жазбаша түрде мазмұңдауға құкылы.
Тармақ 15
15. Өзіне жүктелген міндеттерін жүзеге асыру максатында кабылданган Комиссиянын шешімдері белгіленген мерзімде міндетті түрде каралуы және барлык мемлекеттік органдармен орындалуы тиіс.
Тармақ 16
16. Комиссияның жұмыс органынын қызметі экономика және каржы бөліміне жүктеледі.
Тармақ 17
17. Комиссия аныктаған мерзімге және күн тәртібіне сәйкес отырыстарға материалдарды әзірлеу, Комиссиянын мүшелеріне, аудандык бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне және жергілікті аткарушы органдарга жіберу, Комиссия отырыстарынын хаттамасын дайындау, сонымен катар нормативтік кұкыктык актілерден және осы Ережеден шығатын баска міндеттер жұмыс органының кызметтері болып табылады.
Тарау 6. 6. Комиссия кызметінің тоқтатылуы
6. Комиссия кызметінің тоқтатылуы
Тармақ 18
18. Комиссияның кызметін токтату үшін негіз Комиссияның кызметін токтату туралы аудан әкімдігінің каулы кабылдауы болып табылады.
Тармақ 19
19. Осы ереженің 18 тармағында нұскалған Комиссияның қызметім токтатуга әкелетін жағдайлар туындаса, әкімге жасалған жұмыстар туралы есеп беру хаты жолданады.