Об утверждении Правил оказания единовременной социальной помощи отдельным категориям граждан Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтiк көмек беру Ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектерiне және оларға теңестiрiлген тұлғаларға жеңiлдiктер және әлеуметтiк қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуiрдегi № 2247 Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 24 желтоқсандағы кезектi он бiрiншi сессиясының "2005 жылға арналған Петропавл қаласының бюджетi туралы" № 2 шешiмiнiң негiзiнде (2005 ж.19.01-ғы мемлекеттiк тiркеу нөмiрi № 1447 28.01.2005 ж. "Добрый вечер" газетi) қала әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтiк көмек беру Ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi (Н.Н.Кушталова) әлеуметтiк көмектiң тағайындалуын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Петропавл қаласының қаржы бөлiмi (Г.И.Дорофеева) қала бюджетiмен бекiтiлiп бөлiнген қаржы шегiнде әлеуметтiк көмектiң қаржыландырылуын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Т.Н. Құлжановаға жүктелсiн.
Басқа 5
Қала әкiмiнiң 2005 жылғы 23 ақпандағы № 124 қаулысымен бекiтiлген Азаматтардың жеке санаттарына бiржолғы әлеуметтiк көмек көрсету Ережесi
Тармақ 1
1. Осы Ережелер азаматтардың жеке санаттарына бiржолғы әлеуметтiк көмектi тағайындаудың және төлеудiң тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Бiржолғы көмек алуға, Петропавл қаласында тұратын, Ұлы Отан соғысы-ның қатысушысы деген мәртебесi бар, сондай-ақ оларға теңестiрiлген тұлғалар, Ұлы Отан соғысының мүгедегi деген мәртебесi бар, сондай-ақ оларға теңестiрiлген тұлғалар және жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген басқа да тұлғалар санаттарының құқығы бар.
Тармақ 3
3. Әлеуметтiк көмек ең алдымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 60 жылдығы мерекеленуiне байланысты, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне тағайындалады. Әлеуметтiк көмектiң тағайындалуы, Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар Бөлiмi арқылы, мынадай құжаттардың негiзiнде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) қосымшаға сәйкес белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
Тармақша 2
2) осы санатқа жататынын растайтын құжат;
Тармақ 4
4. Әлеуметтiк көмек, алатын көмектiң басқа түрлерiне қарамастан бiржолға тағайындалады.
Тармақ 5
5. Әлеуметтiк көмектiң мөлшерi 24 мың теңге сомада, материалдық қолдау көрсету жөнiндегi қосымша шара ретiнде белгiленедi.
Тармақ 6
6. Бiржолғы әлеуметтiк көмектi төлеу, заңнамада белгiленген тәртiппен келiсiм-шарт жасалған екiншi деңгейдегi банкiлер арқылы, алушылардың ашылған жеке шоттарына сомаларды аудару үшiн, жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң берген ведомостiнiң негiзiнде жүргiзiледi.
Тармақ 7
7. Азаматтар жеке санаттарына көрсетiлетiн бiржолғы әлеуметтiк көмектi қаржыландыру "Жергiлiктi органдардың шешiмi бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтiк көмек" 007-000 жiктеу функционалдық коды бойынша жүргiзiледi. Азаматтардың жеке санаттарына бiржолғы әлеуметтiк көмек көрсету Ережелерiне қосымша. Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң бастығы Н.Н.Кушталоваға Бiржолғы әлеуметтiк көмек тағайындау туралы ӨТІНІШ ФАМИЛИЯСЫ____________________________________________ АТЫ__________________________________________________ ӘКЕСІНІҢ АТЫ_________________________________________ МЕКЕН-ЖАЙЫ___________________________________________ _____________________________________________________ ТЕЛЕФОНЫ_____________________________________________ ТӨЛҚҰЖАТТЫҢ НЕМЕСЕ ЖЕКЕ БАСЫ КУӘЛІГІНIҢ НӨМІРІ _____ ____________________________________________________ БЕРІЛГЕН КҮНІ ___________ КІМ БЕРГЕН _____________ ____________________________________________________ СТН (РНН)___________________________________________ ЖЕКЕ ШОТЫНЫҢ НӨМІРІ_________________________________ _______________________________БАНК ФИЛИАЛЫНДА. Маған (_____________________________) теңге мөлшерде бiржолғы әлеуметтiк көмек тағайындауыңызды сұраймын. ӨТІНІШ БЕРГЕН КҮНІ ӨТІНІШ БЕРУШІНІҢ ҚОЛЫ ___________________ _________________________ Өтiнiш берушi берген құжаттардың шүбәсiздiгiн растаймын: ____________________________________________________ (аты-жөнi фамилиясы қолы)